Жиырма бесінші көктем

Скачать


Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын Лениншіл жас (қазіргі Жас алаш) газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956–1959 жж. Пионер журналында әдеби қызметкер, 1959–1971 жж. Жазушы баспасында редактор, аға редактор болған. 1971—1973 жж. Балдырған журналында жауапты хатшы, 1973–1984 жж. Жалын альманахының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1984–1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Қазір Балдырған журналының бас редакторы.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы Студент дәптері деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін қазақшалаған. 1968 жылы Жаңа дәптер жинағы үшін Республика Комсомолы сыйлығының, 1982 жылы Жүректегі жазулар кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. 1992 жылы Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули және Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтарын алды. Қазақстанның Халық жазушысы. Парасат орденінің (2004) иегері.
Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің көптеген әндеріне өлең жазған (Құстар әні, Құстар қайтып келеді, Бақыт құшағында, Әнім сен едің, Шақырады көктем, т.б.). 2007 жылы Құстар қайтып барады атты ән текстерінің жинағы шықты.
1957 жылы Тың жерді игергені үшін, 1970 жылы Еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Студент дәптері. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Кәмила. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1960; Құралай. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Алатау қызы. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1964; Зулайды күндер. Өлеңдер. А., Жазушы, 1966; Жаңа дәптер. Өлеңдер. А., Жазушы, 1967; Шақырады жаз мені. Өлеңдер. А., Жазушы, 1969; Қош, көктем. Таңдамалы. А., Жазушы, 1971; Жүрек ояу қашанда. Өлеңдер. А., Жазушы, 1973; Хаттар, хаттар. Поэмалар. А., Жазушы, 1974; Махаббат оты сөнбейді. Өлеңдер. А., 1975; Мен де жиырма жаста едім. Өлеңдер. А., Жазушы, 1976; Құстар қайтып келеді. Өлеңдер. А., Жазушы, 1978; Таудан түскен сәуле. Өлеңдер. А., Жазушы, 1979; Жиырма бесінші көктем. Бір томдық. А., Жазушы, 1980; Жүректегі жазулар. Өлеңдер. А., Жазушы, 1983; Тынық мұхит дәптері. Өлеңдер. А., Жазушы, 1985; Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Жаз да өтіп барады. 1996; Сарыала күз келгенде. 2000; Туған елім – тірегім. 2001; Сағындырған көктемдер. 2002; 14 томдық шығармалар жинағы. 2004; ІІ томдық өлеңдер жинағы. А., Жазушы, 2005; Шыңдағы гүлдер. А., Жазушы, 2006; Қар жауып тұр. А., Жазушы, 2008; Ұмытпа мені. А., Дәуір, 2009.


Скачать


zharar.kz