Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Скачать

Геометрия пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
7-сынып
Аптасына 2 сағат
Оқу жылында 68 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері
ТақырыптарҰзақ мерзімді жоспар
бөлімінің мазмұны
Оқу мақсаттары
Сағат саны
1 тоқсан
Геометрияның алғашқы мәліметтері (10 сағ)
Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема
7.1.1.1
планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу;
7.1.1.5
кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу;
7.1.1.2
нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.3
аксиоманың теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату;
7.1.2.1
нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);
7.1.1.6
кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.8
кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.11
берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.1.2.2
түзулердің параллельдік аксиомасын білу;
4

Фигуралар теңдігі
7.1.1.7
тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
1

Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және кері жору әдісі
7.1.1.4
теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және кері жору әдістері
2

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері
7.1.1.9
сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;
7.1.1.10
сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; 7.1.1.32
перпендикуляр ұғымын біледі;
3
Үшбұрыштар (5 сағ)
Үшбұрыш және оның түрлері
7.1.1.13
үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
2

Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы
7.1.1.14
теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
7.1.1.12
үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;
7.1.1.15
сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру;
3
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
2 тоқсан
Үшбұрыштар (15 сағ)
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
7.1.1.21
үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу;
7.1.1.22
үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану;
8

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері
7.1.1.23
теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;
7.1.1.24
теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;
7
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
3 тоқсан
Түзулердің өзара орналасуы
(19 сағ)
Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері
7.1.2.3
екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;
7.1.2.4
түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;
7.1.2.5
түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;
7.1.2.6
параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;
7.1.2.7
параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;
5

Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
7.1.1.16
үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;
7.1.1.17
үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.18
үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;
7.1.1.19
үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;
5

Үшбұрыш теңсіздігі
7.1.1.20
үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;
7.1.3.1
үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;
2

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері
7.1.1.25
тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу;
7.1.1.26
тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.27
тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;
3

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы
7.1.2.8
Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;
7.1.2.9
нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;
7.1.2.10
перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;
4
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
4 тоқсан
Шеңбер. Геометриялық салулар
(13 сағ)
Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш
7.1.1.31
нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
7.1.1.28
шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
7.1.1.29
центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.1.1.30
шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;
3

Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы
7.1.2.12
түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;
2

Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері
7.1.2.11
шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;
7.1.2.13
есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану;
3

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер
7.1.2.14
үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;
7.1.2.15
үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру;
2

Салу есептері
7.1.2.16
берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;
7.1.2.17
кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;
7.1.2.18
берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу;
3
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау
2


Скачать


zharar.kz