ӘБУ НӘСІР ӘЛ- ФАРАБИ

Скачать

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топежарғаны- Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани » ), «Шығыстың Аристотелі» аталған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби. Оның толық аты – жөні - Әбу Нәсір Мұхаммад бин Мұхаммад бин тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Нәсір Мұхаммад, бабасының есімі Тархан , арғы атасы-Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қоып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайбір деректерде – оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасилжде (Оқсыз ) отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби» , яғни «Фарабтық» деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған» .
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Нәсірді ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды.
Әбу Нәсірдің Бағдадқа баруының өзіндік себептері бар-тын.
Атағы әлемге әйгілі шығыстанушы ғалам В.В.Бартольд (1869-1930) Бағдад – бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты-деп жазған. Ал,»әл-Фараби өмір сүрген кезде ұзаққа созылған соғыстан кейін Орта Азия араптардың қол астына бағынып, халифат құрамына енген болатын . Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдад болған. Басып алған жерлердің қазынасы да осында әкелінген. Тигр мен Евфрат алқабындағы Бағдад , әсіресе, Басра мен Харран жаңадан пайда болған араб тілді мәдениеттің, жаратылыстану және қоғамдық-фәлсафалық ғылымның орталығы болып алғандықтан, ғылыммен әуестенгендер халифаттын түкпір-түкпіріне осында ағылып жатқан. Білімін молықтыру үшін әл-Фараби де Бағдадқа аттанған»
Әбу Нәсір Бағдадқа келген кезде мұнда зерделі зертеулерімен атағы шыққан Пуханна бии Хайлан, Әбу Бәкір бии Сираж сияқты белгілі ғалымдар ғұмыр шегін жатқан-ды. Әл Фараби медицина ғылымымен логиканы осы Нұқанна бии Хайланнан, жаратылыстану ғылымдарымен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді. Ал, Әбу Бәкір бии Сиражға өзі логикны үйретіп, олан астрономияны үйренген. Оны Ибн Хәл ликан да растайды. Әйгілі тарихшының деректеріне сүйенсек, Әл - Фараби Бағдадқа келген кезде мұнда мәшһұр философ Әбу Бишр Мәтта бин Йунис тұратын. Ол қарт еді, жамағатқа огикадан дәріс оқитын, өзі осы пән бойынша көптеген еңбектердің авторы болатын. Ол Аристотель ілімінің (оны түсіндіру жөнінен), әсіресе логика саласының маманы еді. Күн сайын оның дәрсіне логиканы үйреніп жүрген адамдар жиналатын. Ол Аристотельдің логикасын оқу үстінде шәкірттеріне түсініктеме беріп отыратын. Әбу Бишр Матта бин Йунистің айтуы бойынша ол 70 томдық түсіндірме жазған.Ол кезде логика (пәні) өнері бойынша Әбу Бишр Маттаға теңдесер ешкім жоқ еді.
Әл-Фараби логика, әуез (музыка), асвтрономия және басқа ғылымдр бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы: «Ол аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның денгейіне жеткен жоқ . Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады» - деген.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғалымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, ас қанағатшыл, жұпына ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызметңін атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған.
Біз Әл- Фарабидің алғашында фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығрмаларына түсіндірмелер жазған.
Әбу Нәсір әл –Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әрі ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика саласында үлкен жаңалықтар ашқан, астраномия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын да тың ойлармен байтқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минаралогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған.
Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик Б. Ғафуров (1908-1977) әл –Фарабидің ғылымға деген құштарлығы таңқаларлықтай алуан салалы болғанына тоқталады. «Біз, -дейді ол, -ұлы ғұлама жазған еңбектер ішінен математикаға, медицинаға, әуез теориясына, алхимия мен магияға арналған дүниелерді көреміз. Ұлы ғұлама фәлсафаның, логиканың, таным –наным теориясының, психологияның, этиканың (әлеп), саясат пен социологияның сан қырлары жөнінде пікірлер айтып, келелі еңбектер жазған. Әл –Фараби атын бүкіл әлемге танытып, оны дүние жүзі мәдениетін жасаушылардың алдыңғы легіне қосқан да оның осы салалардағы еңбектері».
Әл –Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астраномия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу –Насыр -халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Иә, сөйтіп Әбу –Нәсір метафизика,тіл білімі, логика,жағрафия, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.
Әбу- Нәсір әл –Фараби 950 жылы қайтыс болған. «Фараби қазасы туралы екі дерек бар, -дейді М. Хайруллаев, -Біріншісінде ғалымдар
оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде Әбу Нәсір қасына бірнеше адам ертіп, Асқалан қаласына бара жатқанда жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан. Сайф –ад –Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан».
1944 жылы Каирде әдебиетші ғалым Аббас Махмуд әл –Аккадтың (1889-1964) Әл –Фарабиани атты зерттеуі жарық көрді. Автор онда жерлесіміздің фәлсафалық толғаулары туралы айта келіп, ұлағатты ұстаздың поэзиямен де айналысқанына баса назар аударады.
Әл –Фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астраномия, логика, әуез жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеле қойған жоқ. Ал кездейсоқ қолға алған зерттеушілер болса, оларды тек шет пұшпақтан қана қарап жүр. Әбу Нәсірдің көптеген туындылары дүние жүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймағлұм күйде. Демек, оларды іздестіру, жарыққа шығару, халықтың игілігіне айналдыру –болашақтың зор міндеттерінің бірі.
Екінші дүние жүзлік соғыстан кейін Әл –Фараби мұрасын жан-жақты зерттеу бізде де етек алды. Мәселен, Мәскеу мен Алматының хан Ташкенттің шығыс зерттеушісі ғалымдары әл –Фараби еңбектерін орыс, қазақ, өзбек тілдеріне аудару жұмыстарын тиянақты қолға алды. Әл –Фарабидің фәлсафалық, математикалық, саяси -әлеуметтік, логикалық және поэзиялық еңбектері орыс, қазақ, өзбек тілдерінде жарық көрді. Әл-Фараби мұрасын зерттеу ісіне В.В. Бартольд, Е.Э. Бертель , Б.Ғафуров, С. Н. Григорьян, В.П. Зубов, П. Иван, А. Сагадаев, Ю. Завадовский қатысты.
Қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда, Әл –Фарабидің 60-қа жуық туындылары сақталып, бізге жеткен. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары солардың кейбіреулері кейде толық, кейде үзінді ретінде орыс, қазақ тілдеріне аударылып жарық та көрді
60-жылдардан бастап Қазақстанда да әл-Фараби мұрасын жинау, бастыру, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Ә. Марғұлан, А. Машанов, О.Жәутіков, А. Қасымжанов, А.Көбесов, Қ. Жарықпаев т.б. бастамасымен 1968 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жанынан Фарарбитану тобы құрылды. Бұл ғылыми ұйымды қазір белгілі ғалым, профессор Мұқаш Борабаев басқаруда. Осы ғалым жетекшілігімен «Фарабитану тобы» Әбу Нәсірдің ғылыми мұрасын жинау, аудару және жарыққа шығаруды одан әрмен жалғастыруда. Қазақтың мемлекеттік ұлтық университетіне әл-Фараби есімі беріліп, онда ұлы ғалымның дүние жүзінде тұңғыш рет мұражайы ұйымдастырылды. 1994 жылы осы оқу орнының ұйымдастыруы мен Әл –Фараби шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми –теориялық конференция өтті. ҚазМУ аллеясын әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды.
Әбу Нәсір Мухаммад бин Тархан бин Узлаг әл-Фараби -логика, әуезтану және басқа да ғылымдар бойынша көптеген еңбектердің авторы. Ол –аса ірі мұсылман фәлсафашыларының (акбар фаласиф) бірі. Солардың ешқайсысы да оның өресіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады.
Ахмад Ибн Халликан (1211-1282)


Скачать


zharar.kz