Отан деген әрбір адамның туған жері, отбасы, бауырлары. Отан ұғымы өте кең. Дүниеге келген әрбір адамның өз отаны болады. Өсе келе отанның қадір қасиетін түсінесің. Себебі халқымыз Отансыз адам болмайды, ормансыз бұлбұл болмайды деп бекерге айтпаса керек. Отанның көркейуіне әр адам тиісінше үлес қосады. Мысалы оқушылар сабақтарын жақсы оқып, ата-анасының айтқанын орындап, үлгілі тәртіппен жүрсе, осының өзі қосқан үлесіміз. Ал үлкендер болса, елі үшін қызмет етіп, елеміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеді. Отанымыздың гүлдене көркеюіне, қарқынды дамуына менде өз үлесімді аянбай қосамын.