Бала шаққа саяхат

Скачать

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1] Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).[2]
Бердібек Соқпақбаев туралы айшықты ойлар

Шынайы да шыншыл суреткер көркемдік әлемінің азаптарын бастан кешкен кезде ғана, бір белестен екінші белеске сәтті көтеріле біледі. Демек, екінші сөзбен айтқанда, болашақ шығарманың да жұлдызы жарық болады. Бердібектің Балалық шаққа саяхат, Менің атым Қожа, Қайдасың, Гаухар! повестері мен Өлгендер қайтып келмейді романы осындай биік талғамның, көркемдік әлемінің сәтті туындысы болды. Бұл шығармаларда тек жазушы Бердібекке ғана тән тапқырлық пен тиянақтылық, суреттеу құралдарының дәлдігі, кейіпкер әрекетінің табиғилығы, сезім арпалысының сенімді суреттері мен мұндалап тұр ... Мен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын Сэллинжер мен Беллге қарсы қоюдан аулақпын. Менің айтпағым, Бердібек өз шығармаларына әдеби үлгілерден емес, өмірдің өзінен келгендігі...
... Б. Соқпақбаев – бірінші жақпен жазуды мықтап меңгерген жазушы. Мұның өзі оқиғаға өмірде болған қилы-қилы құбылыстарға сенімділікті, жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысып танытады. Бердібектің мені маған қан-сөлі тамып тұрған өмір, бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адамдардың әрекеті, болмаса қуаныш-күйініші боп көрінеді...
... Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы.
Т. Ахтанов
... Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – Менің атым Қожа повесі...
... Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!
Қастек Баянбаев
... Саясаттан сая іздемей, ресми идеалогияны ықтамай өткен Бердібек шығармаларында өз тенденциясын берік ұстанып, сонысынан айнымай, ақиқатшылдықты темірқазық тұтты. Өзі қалтқысыз білетін өмірді ғана қалтқысыз жазып кетті.
Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ. Өнерпаз атаулының өлместігі осында.
Мұзафар Әлімбаев
... Бердібек Соқпақбаев сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Ол қаламды ғана емес, орақ пен күректі қалай ұстауды білетін жазушы. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура, әділ. Творчество адамы, әдетте, салдыр-салақтау болады. Бірақ, Бердібек олай емес, әскери адам сияқты, әбден жинақы.
... Ол жұмыс істеп отырған кезде еденде, не стол үстінде көлденең жатқан дүние көрмейсің. Тіл өнерінде де солай: әр сөздің, әр сөйлемнің өз орнында тұрғанын қалайды. Қашан көңілі толғанша түзетуден талмайды...
... Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Бердібек Соқпақбаев шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.
Қадыр Мырзалиев
... Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген Менің атым Қожаны барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...
Марат Қабанбай
Әрбір шығарманың тууының өмірге келуінің себептерін іздеген жағдаятта, оның авторының қилы-қилы қам-қаракеті, тағдыр-тәлейі болатыны зерттеу еңбектерінде сөз етілетіні болмаса, былайғы жерде ауызға алынбай, тіпті елеусіз қалатыны да шындық. Дұрысы – қаламгерлік игілікке мін түсірмей, тіршіліктің аумалы-төкпелі толқындарында да сыр бермей, өз еңбегінен үлгі мен сенім тапқан қаламының балы бар, жазушының мазасын алмау, азаматтық парызды өтеп отыру. Біз қадірлейтін адамгершіліктің үлкен үлгісі, міне, осы.
Сайын Мұратбеков
... Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой. Жазады – түбін түсіріп барып бір-ақ тоқтайды. Бұл Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән нәрсе.
Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Жоқтан бар етпеген қаламгер. Шындықтың алдына бас имейтін не нәрсе бар? Осындай шырай Бердібек қаламынан шыққан шығармалардың баршасына тән. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармаларының оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет –қадірі де осында! ... Бердібек туындыларындағы геройлар өмірдегі бар қалпында көрініп, шығармаға ширатылған сәтте де оншалықты киіндірілмей, жалаңаш жүрген жандар тәрізді боп көзге түсетіні де ғажап емес. Бұл жазушының кемшілігіне қарадүрсінділігіне жатпайды. Сезінуі, дүние қызықтарын түйсініп, қабылдауының қыры бұл. Осы тұрғыда, табиғи өлшеммен түзілген геройлар галереясы барынша сенімді, барынша шыншыл сымбатымен оқырман жүргенінен жол тауып, олармен қолтықтасып өмір базарында жүргендей болады.
Туындылары

Чемпион. Повесть (1951)
Алыстағы ауылда. Повесть (1953)
Менің атым Қожа. Повесть (1957)
Бала шаққа саяхат. Повесть (1960)
Өлгендер қайтып келмейді. Роман (1963 — 1 том, 1974 — 2 том)
Аяжан. Повесть
Жекпе жек. Повесть
Ақ жал.Әңгімелер
Қайдасың, Гауһар?Повесть


Скачать


zharar.kz