1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 20 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос-Галиге арналған хатында Сыртқы Істер министрі Ақмарал Арыстанбекованы осы ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға жіберіп отырғанын жазды. Сол жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы Елбасымыз қол қойған өтініш Бас хатшыға табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстанды бейбітшіл мемлекет ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды ұсынды.
1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. сөйтіп, біздің еліміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Сол жылғы 15 сәуірде Президент Назарбаев өз Жарлығымен А.Арыстанбекованы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі етіп тағайындады, өкілеттік кұрамы 6 адамнан тұратын еді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеннен соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншіден, біздің еліміздің, ең алдымен, Арал мен Семейдің әлеуметтік экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның әртүрлі қорлары мен бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою. Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының, ең алдымен, Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
1992 жылы өткен БҰҰ-ның 46-47 сессияларында Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағдары жарияланды, олардың ішінде қарусыздану, саяси проблемалар, Таяу Шығыстағы жағдай, БҰҰ-ның бейбітшіл қызметі, халықаралық Экономикалық ынтымақтастық есірткі бизнесі және терроризммен күрес, адам құқығы мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бар.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін мойындайтынын, оның халықаралықаралық кұкыктық нормаларын қатаң сақтайтынын мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, әсірссе, Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке айналғанын және біздін еліміз-дің әлемде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі шешімін жоғары бағалады. 1994 жыддан бастап Бас Ассамблеяның қатарынан үш сессиясы ядролық қарусыздану жөніндегі барлық қарарларында Қазақстанның қосқан үлесін ерекше атап көрсетті. 1996 жылғы қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ның ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісіміне қол қойды.
Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі жұмысының ең манызды бағыты Қазақстан аумағындағы экологиялық апаттарға байланысты проблемалардың шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан көмек алдыру соның ішінде, ен алдымен, бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою болып табылады.
1997 жылдың 16 желтоксаныңда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясынын 52-сессиясы Семей аймағы халқының денсаулығы мен қоршаған ортасының ахуалын сауықтыруға жәрдем көрсету жөнінде арнайы қарарын қабылдады.
БҰҰ аясында 1999 жылы Токиода Семей аймағынын проблемалары жөнінде халықаралық конферениия болып өтті. Конференцияның қорытындылары ядролық сынақтар салдарының проблемаларына деген хааықаралык қоғамдастықтың айтарлықтай мүдделілік танытып отырғанын, Семей аймағын сауықтыру жөніндегі ынтымақтастықтың дамуына үлес қосуға өзір екендіктерін көрсетті. 2002 жылдың басындағы мәлімет бойынша Семей аймағын сауықтыруға тартылған БҰҰ қаражатынын жалпы сомасы 26 млн. АҚШ долларың құрайды Қазақстанның бағлары БҰҰ –ның күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша салмақты және жүйелірек болды, сөйтіп, мүше-мемлекетгердің құрметіне бөленді.
Бірінші рет Қазақстанның бастамасы бойынша 1996 жылдың қазанында Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мәжіліс өткізіп, онда Ауғанстан бойынша өзінің бірінші саяси қарарын қабылдады. Бірінші рет Қазақстан БҰҰ-ға өзінің ғарыштық мемлекет екендігің құлатады, біздің ел 1993 жылы өткен қызу кеңестерден соң, Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетке мүше болып кірді.
1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 48-сессиясында бірінші рет Орталық Азия мемлекеттерінің транзиттік көлік жүйесін дамытуға қолдау көрсету туралы арнаулы қарар қабылданды, бұл халықаралық базарларға шығып, саудаға араласуына мүмкіндік берді. Сонымен, БҰҰ Орталық Азияда транзиттік аймақтық жүйе құруды маңызды деп тапты, себебі, аймақ елдері ашық теніздерге, дүниежүзілік рыноктарға шығуда көп қиындықтарға тап болуда. Сондыктан да Қазақстан 2003 жылы халықаралық ұйымдар мен демеуші елдердің қатысуымен өтетін, теңізге шығу жолдары жоқ дамушы елдер тобына мүше мемлекеттер — Көлік министрлерінің халықаралық конфереңциясын өткізуге ерекше үміт артып отыр.
ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйым бірлесе отырып, арнайы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту мен қалпына келтіру проблемалары» атты бағдарлама жасаған болатын. 1998 жылы 27 ақпанда Президент Назарбаевтың Жарлығымен «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту түптік тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтап сабақтас I дамыту, туризм инфрақұрылымын құру» туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін, «Жібек жолы — Қазақстан» ұлттық компаниясы құрылды. Ол инвестициялық бағдарлама дайындап, соның негізінде тікелей инвестиция тарту жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Дүниежүзілік банк жобаның техникалық-экономикалық негізін дайындау үшін 440 мың доллар көлемінде грант алуға келісім жасады. «Кордай-Успеновка» автокөлік жолының құрылыс жобасы бойынша Ислам Даму банкімен 250 мын долларға келісім жасалды. Осылай республикамызда туризмді дамытудын бірінші мәселесі — инфрақұрылымды дамыту негізделе түсуде.
БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін арнаулы бағдарлдмасы (СПЕКА) айрықша өзекті болып табылады. Ұйымның даму бағдарламасы (ПРООН), БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), БҰҰ балалар коры (ЮНИСЕФ), қоршаған орта женіндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) тағы басқалар бойынша түрлі жобаларды іске асыру кезектегі міндеттер болып қала береді.
1992 жылы 5 казанда БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен Президент Назарбаев Азиядағы ықпалдастық және сенім шаралары (АЫСШК) жөнінде кеңес шақыру жөніндегі бастамасын жария етті. Оның мәні — Азия құрлығында алдын алу дипломатиисының тиімді тетіктерін жасау болып табылады. АЫСШК ен басында-ақ қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылай алатын форум түрінде ойластырылған болатын. Кеңесті шақырудың тұжырымдамалық негізі мынада: бүгінде жаһандық және аймақтык сипаттағы сынақтар мен қатерлерге дер кезінде және пара-пар үн қату үшін азиялық көптеген мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру талап етіледі.
АСЕАН, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығына келсек, олардың кейбіреуі географиялық принцип бойынша құрылса, біреулері таза экономикалық мәселелермен айналысуды мақсат етеді. Қазіргі кезде Азия құрлығындағы қауіпсіздік жүйесінін болашағы зор құрылымы АЫСШК болып отыр.
Кеңес құжаттарын әзірлеу үшін 1994 жылғы қазанда арнайы жұмыс тобы құрылып, оның 14 мәжілісі болып өтті. 1999 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда АЫСШК процесіне қатысушы Азия елдері Сыртқы Істер министрінін бірінші кездесуі болды. Олар қол қойған Принциптер декларациясы саммитті әзірлеу барысындағы елеулі оқиғаға айналды. Декларацияға халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің базалық қағидалары және кеңеске қатысушылардың өзара қатынас принциптері — егеменді теңдік, егемендікке тән құқықтарды құрметтеу; күш қолданбау немесе күшпен қоқан-лоқы жасамау; мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; дау-жанжалдарды бейбіт реттеу; ішкі істерге араласпаушылық; қарусыздану және қару-жараққа бақылау; экономикалық және мәдени ынтымақтастық; адамның құқықтары және негізгі еркіндіктері енгізілді.
АЫСШК әлемдік саясаттың нақты факторына айналды. Азияның 16 мемлекеті — Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкстан, Түркия, Иран, Моңғолия, Израиль, Палестина, Египет, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қазақстан оған мүше болды. Қатысушы мемлекеттер аумағының жалпы көлемі 40 миллион шаршы шақырымға жуық немесе Азия құрлығының бүкіл аумағының шамамен 90 пайызын құрайды. Оларда 3 миллиардқа жуық адам немесе барша жер шары халқының жартысы тұрады. Оның жұмысына БҰҰ, ЕКЬІҰ, Араб мемлекеттері лигасы секілді халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда.
Президент Назарбаев кіріспе сөзінде Алматы Актісі АЫСШК-ның ұйымдық негіздерін құруға бағытталған нақты келіссездерге жол ашатынын, өзара сенім шаралары саяси, әскери, экологиялык, гуманитарлық қауіпсіздік принциптерін анықтайтын өлшемдердің тұтас ауқымын қамтитынын, осы кеңеске мүше елдердің ауқымды қақтығыстарға ұрынбау, егесті ушықтырмау үшін бір-бірімен өзара қарым-қатынаста ұстамдылық танытуға тиіс екендігін атап өтті. Елбасы өз сөзінде "Біздің бәрімізді Үндістан мен Пәкістан арямиясындағы қақтығыс алаңдатып отыр. Біздің көршілеріміздің проблеманың бейбіт шешімін тапқанын көргіміз келеді және табуға шақырамыз деп Ауғанстанда да, Орталық Азия өңірінде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы толық шешілді деп санауға болмайтынын ескертті. Қауіп-қатерлер: есірткінің таралу проблемасы, қару-жарақтың заңсыз саудасының өсуі, заңсыз көші-қон секілді құбылыстар мүше-мемлекеттерді аландатып отырғандығы да атап көрсетілді. Президент Назарбаев: Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар ¥йымы маңызды үйлестірушілік рөл атқаруы керек» деп өз ұсынысын айтты.»
АЫСШК құрылымы мен ииституттары бойынша Алматы Актісінде мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесулері әр төрт жыл сайын, Сыртқы Істер министрлері әр екі жыл сайын кездесулер еткізіп тұратындығы, ал арнаулы жұмыс топтарының қызметін қарау жылына кемінде бір рет шақырылатындығы белгіленді.
БҰҰ-ның ұйымдастыруымен мыңжылдыққа арналып өткізілген саммиттегі сөзінде Президент Назарбаев жаһандану процесі дүниежүзілік қоғамдастық алдына жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті. Жаңа қыр көрсетулер мен қауіптердің туындауы жағдайында ұлттар қоғамдастығының лайықты жауап тауып отыруы ерекше маңызды рөл атқарады. БҰҰ-ның басты міндеті — ғаламдасу процесінің оңтайлы сипатын қамтамасыз ету. Ғаламдасу кең мүмкіңдіктерге жол ашқанымен, сонымен бірге үлкен шығындарға душар. Бұл процестің пайдасы мен залалдарын біркелкі екшеп отырмау дамушы елдер мен етпелі экономикасы бар елдерге кері ықпал етеді. Осы елдердін қажеттіліктеріне жауап беретін кең ауқымды және қажырлы күш-жігер жұмсау және де олардың қатысуымен әзірленіп, жүзеге асырылатын тиімді шаралар қажет екендігін атап көрсетті.
Сонымен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында өзінің халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты да қажырлы жұмыс жүргізіп келеді деп қорытынды жасауға болады.