Баланың бойын есептеу формуласы

Скачать

мБаланың физикалық дамуы
 
Баланың жасына байланысты бойының, салмағының, бас айналымының, кеуде айналымының өсуі.
 
 ЖТБ бойы – 46-56 см.
 
 Орташа ұлдардың бойы – 50,7 см, қыздардікі – 50,2 см.
 
І кварталда ай сайын 3 см өседі  =9 см
 
ІІ кварталда ай сайын 2,5 см өседі = 7,5  см
 
ІІІ кварталда ай сайын 1,5 -2 см= 4,5 – 8 см
 
IVкварталда ай сайын 1,0 см= 3 см
 
            Орта есеппен алғашқы жылда 25 см қосады, яғни 1 жасында 75 см болады. Немесе 6 айында 66 см.
 
4 жасында 2 есе өседі. 12 жасында 3 есе өседі. 2-3 жасқа дейін айына 1 см.  3- 4 жасқа дейін 0,5 қосады.
 
            Баланың бойын есептеу формуласы:
 
4 жасқа дейін 100+8 (4-п) п – жасы
 
4 жастан кейін 100+6(п -4) п – жасы  немесе 8 жастағы баланың бойы 130см. Әр жетіспейтін жылына 7 санына азайтамыз. Әр артық жасына 5 см қосамыз.
 
 Дене салмағын есептеу формуласы:
 
І - жарты жылдығында: m + 800 x n
 
M – туылғандағы салмағы, n - айы
 
            ІІ – жарты жылдығында:
 
(800 х 6) + 400(n – 6)    n – айы.
 
6 айлық бала салмақ – 4,800 қосады.  2- 11 жаста  10,5 +2n, n- жасы.
 
12- 15 жаста n х 5 – 20  n – жасы.
 
Немесе
 
1 айында – 600 гр. қосады.
 
2 айында  - 800 гр
 
3 айында – 750 гр
 
4 айында – 700 гр
 
5 айында – 650 гр т.с.с.
 
            Бас айналымы ЖТБ – 34 -36 см (БА)
 
1 жасқа дейінгі есептеу жолы:
 
6 айда  - 43 см.  Әр жетпейтін айынан 1,5 см алады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
 
2 – 15 жастағы балада:
 
5 жастағы баланың бас айналымы – 50 см. Әр жетпейтін санына 1 см азайтады. Әр артық санына 0,6 см қосады.
 
            Кеуде айналымы ЖТБ – 32 – 34 (КА)
 
1 жасқа дейінгі балаларда есептеу жолы:
 
6 айлық баланың КА – 45 см.
 
Әр жетпейтін айына 2 см азайтады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
 
2 – 15 жастағы баланың КА:
 
10 жасқа дейін 63 – 1,5 (10-n) , n- жасы.
 
10 жастан кейін 63 + (n -10),  n- жасы.
 
10 жастағы баланың кеуде айналымы
 
Баланың физикалық дамуын дәлірек бағалау үшін центиль таблицаларын қолданады.
 
 
 
Денсаулық топтары.
 
 Балалар денсаулығының жағдайына байланысты 5 топқа бөлінеді.
 
І топта денсаулығында ауытқулары жоқ, бақылау уақытында ауырмаған балалар.
 
ІІ топта – жиі ауыратын балалар, морфологиялық жетілмегендігіне байланысты функциональды ауытқулары бар балалар.
 
ІІІ – V топта – созылмалы аурулары немесе ақаулары бар балалар компенсация, субкомпенсация,декоменсация жағдайларында.
 
І топтағы балаларға келесі алдын алу  шараларды жүргізіледі:
 
А – күн тәртібін сақтау.
 
Б – тамақтану рационын кеңейту.
 
В – шынықтыру
 
Г – егулер.
 
Д- календарлы диспансеризация
 
Е – лабораториялық тексерулер.
 
ІІ – топтағы балаларға арнайы сауықтыру шаралары жүргізіледі.
 
ІІІ – V топтағы балалар диспансерлік есепке алынады. № 30Форма толтырылады, педиатр және басқа мамандармен бақыланады.


Скачать


zharar.kz