Мәтінде қандай мәселелер

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)

8-сынып
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 14

Бөлім Білім. Ғылым. Инновация, Сауда жасай білесің бе?, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Жаһандық энергетикалық дағдарыс 14

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 27

Бөлім Достық пен татулық - таптырмас бақыт 27

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 45

Бөлім Тарихи тұлғалар тағылымы, Қызым - жағадағы құндызым,

Ұлым - аспандағы жұлдызым, Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен

өсімдіктер, Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері 45

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 44

Бөлім Мәңгілік елдің нұрлы жолы!, Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті,

Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш 52

3
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім Білім. Ғылым. Инновация

Оқу мақсаты

8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
Автор көзқарасы арқылы негізгі ойды табады Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл ақылды бесік көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Серікбол, бұл идея қалай пайда болды?
Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым.
SmartBesikтің басты ерекшелігі қандай?
Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.

Рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

2-тапсырма
Мәтіндегі ең маңызды тірек сөздерді жазыңыз.

3-тапсырма
Берілген тұжырымдардың ішінен автордың пікірін тауып, идеясын 2-3 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Тұжырымдар
Идея
А. Жапон халқының медицинасын оқыдым.

В. Бұл бесік үй шаруасындағы аналарға өте қажет.

С. Бесікте жатқан баланың миы дамиды.

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі маңызды тірек сөздерді табады;
автордың пікірін анықтайды;
автор көзқарасы негізінде мәтіннің идеясын түсіндіреді.

4

Оқу мақсаты

8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Ауызша мәтін құрауда тұрақты

тіркестер

мен

көркемдегіш құралдарды қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Ұсынылған тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды пайдаланып, сурет пен тақырыпты байланыстырып ауызша мәтін құраңыз.

Көмекші робот – туған күн сыйлығы Менің өнертабысым - ұшатын автокөлік

Тұрақты тіркестер: көзді ашып-жұмғанша, бесаспап, төбесі көкке жету, көзі шарасынан
шығу, дәмі тіл үйірер
Көркемдегіш құралдар: жұлдыздай ағу, баладай шаттану, жауынгердей тік жүру,
қарауылдай қырағы, ұшақтай зулау

Дескриптор Білім алушы

сурет пен тақырыпты байланыстырып әңгіме құрайды;
тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданады.

5

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Перифраз сұрақтар негізінде ақпараттарды ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Дүниежүзіндегі жеңіл автокөліктер жылына 1 триллион литрдей жанармай жағады. Қазіргі таңда шамамен 806 миллион көлік құралы бар екен. Көліктің саны да, ауаға шығарылатын зиянды газдың көлемі де қарқынды өсіп келеді. Ал оларға қажетті табиғи отынның қоры азайып бара жатыр.
Жердегі қуат көздерін тиімді пайдалануға шындап кіріскен болсақ, әуелі адамзат үшін аса маңызды көлік мәселесін тиімді шешу керек. Ал оның қандай жолдары бар? Көлікте пайдаланылатын биоотынның екі түрі бар: биодизель және этанол. Биодизельмен жүретін көліктер дизельді отын мен өсімдік майының қоспасымен жүреді. Этанолды көлік қант құрағы, жүгері немесе арпа сияқты дақылдардан жасалатын отынмен жүреді . Биоотын да парниктік газдар шығарады, бірақ оның мөлшері табиғи отынға қарағанда аз.
Электр көліктері тек электр энергиясымен қозғалады. Олардың үнемі зарядталатын үлкен аккумуляторлары бар. Олар атмосфераны ластамайды, бірақ қуаты біткен аккумулятор 10 сағатқа дейін күш жинайды және оларды электрмен қамтамасыз ету парниктік газдар шығаратын электр станциялары арқылы ғана жүзеге асады.
Сутегімен жүретін көліктер ең тиімді эко-көлік технологиясына жатады. Сутегімен жүретін көлік шығаратын жалғыз ғана қалдық – су, сондықтан да бұл ең таза экокөлік технологиясы деп танылған. Бірақ, мұндай көліктерді жасау өте қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.
Табиғи отынға қарағанда биоотынның ерекшелігі неде?
Қуаты азайған аккумуляторлар қайтадан қалай қуаттандырылады?
Көліктердің қай түрі зиянсыз?
Сумен жүретін көліктерді шығаруда қандай мәселелер бар? _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

сұрақтарға жауап беруде ақпаратты пайдаланады.

6

Оқу мақсаты

8.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және
стильдік ерекшелігін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, маңызды деп санайтын ақпараттардың астын сызыңыз.

Қазақстандық өнертабыстар
Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы Әлменовтың гидравликалық қондырғысы деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен таратып отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, қапшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады.
Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.

2-тапсырма
Мәтіндегі ақпараттарды аргумент ретінде пайдаланып, жаңа өнертабыс туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннен нақты аргументтерді белгілейді;
өнертабысқа қатысты өз ойын білдіреді;
-пікірін мәтіндегі аргументпен байланыстырып, өмірден мысал келтіреді.

7

Оқу мақсаты

8.5.1.1 Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтін құрауда болжалдық және бөлшектік сан есімдерді
қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, болжалдық және бөлшектік сан есімдерді
пайдаланып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Ұсынылатын тақырыптар
ЭКСПО - 2017
Жаңа өнертабыстар көрмесі
Болашақтағы кітапхана
Медицина саласындағы жетістіктер
Өмірді жеңілдететін өзгерістер
Адамзаттың ұлы өнертабыстары

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес пікір білдіреді;
мәтін құрамында шамамен 4-5 болжалдық және бөлшектік сан есім қолданады.

8

Оқу мақсаты

8.1.4.1 Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Базарға қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу атақ алады, біреу маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар.
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас бірдей жағар.
Біреуден-біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
Ит маржанды не қылсын деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Келісемін, келіспеймін ұстанымының бірін таңдап, пікіріңізді білдіріңіз.

Базарға қарап тұрсам, әркім барар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Өлең жолдары саудамен байланысты
Өлең жолдары өмірмен байланысты

2-тапсырма
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсіндіріңіз.

Тақырыбы
... ... ... ... ... ..

Идеясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Дескриптор

Білім алушы

өлеңнің астарлы мағынасын ашады;
өлеңнің тақырыбын сөз тіркесімен береді;
өлеңнің идеясын 2-3 сөйлеммен ашып түсіндіреді.

9

Оқу мақсаты

8.2.2.1 Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану

Тапсырма
Жұбыңызбен берілген сурет бойынша сатушы және тұтынушы болып диалогке түсіңіз.
Диалогте сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.

Ойыншық дүкенінде Киім дүкенінде Автокөлік сауда үйінде Жеміс-жидек базарында

Дескриптор Білім алушы

суреттерді пайдаланып, жұпта диалог құрастырады;
диалог мазмұнында сөйлеу этикетінің түрлі формаларын қолданады.

10

Оқу мақсаты

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады • Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып, сауда жасап жатқанында мейрамхананың иесі Қожанасырға:
Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісін пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек! - дейді.
Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
Ал Қожеке, бұған не айтасыз? - дейді.
Дұрыс, - депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...

Оқиға композициясын сәйкестендіріңіз.

Басталуы
Қазыға жүгіну
Дамуы
Мейрамхана иесінің талабы
Шиеленісуі
Жабылған есеп
Шарықтау шегі
Қожаның мейрамхана алдындағы саудасы
Шешімі
Қожаның қазыға айтқан жауабы

2-тапсырма
Әңгімедегі екі кейіпкерге мінездеме беріп, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкер

Қожанасыр

Мейрамхана иесі
Мінездеме

Дәлел

Дескриптор
Білім алушы

- әңгіменің композициясын оқиғамен сәйкестендіреді;

- кейіпкерлерге мінездеме береді;

- мінездемеге әңгіме негізінде дәлел келтіреді.

11

Оқу мақсаты
8.4.4.1- тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе

жазуда тиімді қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы


Тақырыпқа қатысты эссе жұмысында өз көзқарасын

ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді


Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма
Ғаламтор дүкендерінде сауда жасау тиімді ме? деген тақырыпта өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

кіріспе бөлімде тақырыпқа түсінік береді;
өз позициясын жазады;
негізгі бөлімде өз көзқарасын айқындайды;
аргументтер келтіреді;
аргументтер келтіруде қыстырма сөздерді қолданады;
тақырыпқа қорытынды жасап, бірнеше ұсыныс білдіреді.

12

Оқу мақсаты

8.5.1.1 - бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Бөлшектік сан есімдерді ауызша, жазбаша жұмыстарда
қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Диаграммада 1 жылдық азықты тұтыну көрсеткіші берілген. Кестені сипаттап, жазбаша мәтін құраңыз. Бөлшектік сан есімдерді жазбаша жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

кестедегі ақпараттарды жазбаша сипаттап, мәтін құрайды;
кестедегі бөлшектік сан есімдерді жазбаша түрде жазады.

13

Оқу мақсаты

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма
Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері күн санап артуда.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылу үшін альтернативті энергия көздеріне қол жеткізе бастады. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіруде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады.
Атом энергетикасының келешегіне қауіп төнгендіктен, көптеген елдер баламалы қуат көздерін пайдалануда. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін станцияларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел станцияларының қымбат болуына қарамастан , энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы, күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВтсағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.

Дастарқан әдісі. Мәтін мазмұны негізінде бір уақытта әрқайсыңыз өз бұрыштарыңызға сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көрші оқушының сұрағына жауап беріңіз.

2-тапсырма
Мәтіннен Күн сәулесін энергия көзі ретінде пайдаланудың артықшылығына қатысты 3 ақпаратты анықтаңыз.

14

Дескриптор Білім алушы

мәтін мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырады;
жұбының сұрағына мәтін мазмұны бойынша жазбаша жауап береді;
мәселеге қатысты 3 детальді ақпаратты анықтайды.

15

Оқу мақсаты

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға
жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Бұрыш стратегиясы. Берілген пікір бойынша өз ұстанымыңызға қатысты бұрышты таңдаңыз. Өз ұстанымыңызды дәлелдейтін бірнеше аргумент ұсыныңыз. Өзге бұрыштағы оқушылардың пікірі мен аргументтеріне қатысты сұрақ қойыңыз. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.
1-бұрыш. Қазақстанда энергия тапшылығына қатысты мәселе бар
2-бұрыш. Қазақстанда энергия тапшылығына қатысты мәселе жоқ
3-бұрыш. Екі ойлымын

Дескриптор Білім алушы

таңдалған пікір бойынша өз ұстанымын білдіреді;
пікіріне дәлелді аргументтер ұсынады;
қойылған сұрақтарға дәлелді түрде жауап береді.

16

Оқу мақсаты

8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (мақала) ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау

тілдік

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Жанрына сай 3 ерекшелікті анықтаңыз.

Энергия үнемдеу - көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі. Әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, өзіне: шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек? деген сұрақ қоюы керек. Мамандардың пікірінше, пәтерді жарықтандыруға электр энергиясының бестен бір бөлігі кетеді. Сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға және А және В кластағы энергия тиімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді.
Статистика бойынша үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетіне елеулі үнем әкеледі.
Энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, ол айына тек 1,8 кВТ энергияны тұтынады. Ал қыздыру шамын қолданса, электр энергиясын тұтыну айына 9 кВт құрайды.
Энергия үнемдейтін шамдардың ұзақ мерзімге қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Энергия үнемдейтін шамдар 5-10 жыл, ал қыздыру шамдары 1 жыл қолданылады. Энергия үнемдейтін шамның жоғары жарық беруі ол тұтынатын ең жоғарғы электр энергиясы жарыққа айналатынын болжамдайды, ал қыздыру шамдарындағы электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді. Энергия үнемдейтін шамдардағы жарық сапасы қыздыру шамдарының жарық сапасынан кем түспейді.

Мәтін жанры

Жанрға тән

1.

ерекшеліктер

2.

3.

Дескриптор
Білім алушы

- мәтіннің жанрын анықтайды;

- мәтіннен жанрға тән 3 ерекшелікті анықтайды.

17

Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және
стильдік ерекшелігін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Алдыңғы сабақтарда алған біліміңізді пайдалана отырып, баламалы энергия көздеріне көшудің себептері мен салдары туралы мақала жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

баламалы энергия көздеріне көшудің себептері мен салдарын талдайды;
оқылған материалдарды аргумент ретінде қолданады;
мақала жанрының ерекшеліктерін (риторикалық сұрақ, қыстырма сөздер) ескереді.

18
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім Достық пен татулық - таптырмас бақыт, Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы, Қазақстанның су ресурстары

Оқу мақсаты
8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы

негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды

Ойлау дағдыларының
• Автор көзқарасы бойынша негізгі ойды табады

Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...

Өлеңнен автордың көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзді анықтаңыз.

1. 2. 3. 4. 5.

2-тапсырма
ПОПС формуласы. Мәтіндегі автордың түрлі көңіл күйін сипаттай отырып, өлеңнің идеясын талдаңыз.

Бірінші сөйлем Менің ойымша, өлеңде автордың ... (көңіл күйі) байқалады

Екінші сөйлем Себебі оны былай түсіндіремін (өлеңдегі көңіл күйге қатысты ақпарат)...

Үшінші сөйлем Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын (өлеңнен дәлел ) ... Соңғы сөйлем Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім (идея) ... .

Дескриптор Білім алушы

автор көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзді анықтайды;
автордың көңіл күйін анықтайды;
өлеңнен көңіл күйге қатысты дәлелдер ұсынады;
дәлелдер негізінде автор идеясын анықтайды.

19

Оқу мақсаты
8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз

аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал

заңдылықтарын ескеріп айту
Бағалау критерийі
Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрайды

• Мәтін мазмұнында үндестік заңын ескеріп айтады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма
2 сурет 3 сөз әдісі арқыры тақырыптардың бірін таңдап, жұпта постерге 2 сурет салып, 3 сөз жазыңыз. Осылардың көмегімен ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз аралығындағы, сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз. Тақырыптар

1. Досы көпті жау алмайды
2. Қазақстан - татулық мекені
3. Шетелдік досым
4. Достық қиындықта сыналады
5. 1 мамыр мерекесінде

Дескриптор Білім алушы

жұптар тақырыпқа қатысты 2 сурет салады, 3 сөз жазады;
сурет пен сөздердің көмегімен ауызша мәтін құрайды;
мәтінді ауызша жеткізуде үндестік заңын ескеріп айтады.

20
Оқу мақсаты

8.3.4.1 -
мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін

салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердің түрі мен жанрына қатысты тілдік

ерекшеліктерді салыстырады

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген екі мәтінді түрі мен жанрына, тілдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Жан досым

Қазақстан
халқы
Ассамблеясы –

Iздегенде табылатын қасыңнан,

татулықтың жарқын үлгісі. Әлем үлгі

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

тұтқан айтулы институттың ізімен Сыр

Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,

өңірінің Жаңақорған ауданында тағы бір

Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

бірлестік құрылды. Аудандағы 17 ұлттың

600-ге тарта өкілі Сығанақ этномәдени

Қайырмасы:

орталығына топтасып, ұрпаққа өнеге

Жан досым, үстем болсын мерейің,

болар ұлағатты шараларға ұйытқы болуды

Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

көздейді.

Сырымыз да бiтпесiн,

Ольга Шин, Сығанақ этномәдени

Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да

орталығының мүшесі:

бiтпесiн!

- Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің

бірлігіміз бен достығымызды арттырды.

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,

Бейбітшіліктің
қадірін
ұғына
білгеннің

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

арқасында ел экономикасы нығайды,

Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,

алауыздықтан
аманбыз.
Осынау

Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

жетістіктер Қазақстанды
биік
белестерге

көтеріп, әлемге танытты. Байлық – байлық

емес, бірлік – байлық. Бұл Сығанақ

этномәдени орталығының берік ұстанымы.

Талдау аспектілері

1-мәтін

2-мәтін

1

Мәтін түрі

2

Жанры

3
Жанрға сай 3 ерекшелік

Дескриптор
Білім алушы

екі мәтіннің түрін анықтайды;
екі мәтіннің жанрын жазады;
жанрға сай тілдік ерекшелікке мәтіндерден 3 дәлел келтіреді.

21

Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап
жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сіз бірлік күніне орай түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты шараға қатысқаныңызды елестетіңіз. Жергілікті газетке осы шара туралы пікіріңізді жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

пікірдің жанрлық ерекшелігін ескереді;
пікір мазмұнында қанатты сөздер мен мақал мәтелдерді қолданады.

22

Оқу мақсаты

8.5.1.3 - етістіктің шартты рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Ауызша және жазба жұмыстарда шартты рай формасын
қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Адал дос немесе амал дос деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңыз. Мазмұнында төмендегі етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданыңыз.

Етістіктер: іс түсу, жақсылық жасау, қиналу, кемшілігін айту, ақыл сұрау, қиындыққа тап болу, қол ұшын беру, көмектесу, жаныңнан табылу, қуану, жылау

Дескриптор Білім алушы

тақырыптың негізгі ойын ашады;
етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданады.

23

Оқу мақсаты

8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығарманың тақырбы мен идеясын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Барбара – супермаркет қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызметкерлердің жұмыстарына деген ынтасын арттыратын психолог. Бір күні офисіне Джонни есімді кісі телефон соғады. Дүкендердің бірінде кассада сатып алушылардың заттарын пакеттеуге жауапты кісі екен. Оның үстіне Down синдромының бар екенін айта келіп:
– Барбара, айтқандарың маған қатты ұнады – деді. Барбараның әңгімесінің ертесіне Джонни әкесінен компьютер алуын сұрап, компьютер қолдануды үйренуді қалайды. Үйге барып күнде күннің көркем сөзін жазып қоятын болды. Осындай сөздерді таппаған кезде де оларды ойдан шығаратын. Сөздердің бәрін компьютерге жазып, бірнеше көшірме жасап, принтерден шығарып, әрбірін кесіп, артына да өз есімін жазады. Ертеңіне сатып алушылардың заттарын пакетке салғанда, бір сөзден қосатын болды.
Осылайша жасаған ісін ерекше етіп жасайтын болды. Бір апта болмай жатып, Барбараға сол супермаркеттің директоры телефон соғады:
– Барбара, бүгін не болғанын айтсам, сенбейсің! Магазин аралап шықсам, Джоннидің кассасына тұрған адамдар кезегі басқа кассалардікінен 3 есе ұзын екенін көрдім. Мен дереу қосымша кассалардың ашылуын талап етіп ұрыса бастаған едім, сатып алушылар Жоқ, біздің Джонни кассасында тұрғымыз келеді. Күннің көркем сөзін алғымыз келеді, - деп жауап берді. Сатып алушы бір әйел қасыма келіп: Бұрындары супермаркетке аптасына бір рет қана кіретін едім. Қазір жолым түскен сайын кіріп жүрмін. Джоннидің күннің сөздерінен алғым келгендігінен, - дейді. 3 ай өткен соң дүкен директоры Барбараға қайта телефон соғады:
– Джонни екеуің супермаркетімізге үлкен өзгерістер әкелдіңіздер. Енді гүл сататын сатушымыз сынып қалған гүлдерді лақтыра салмай, жас қыздардың көйлегіне қадайтын болды. Ет сататын жақта сатушы ат, қой суреттерін принтерден шығарып, ет пакеттерінің сыртына жабыстырып сататын болды. Осының арқасында сатып алушылардың да, сатушылардың да көңілдері көтеріңкі болады.

Мәтін мамзұнына қатысты оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

Мәтіндегі оқиғалар
Реті
Джоннидің кассасына адамдар ұзын кезекте тұрады.

Жылы сөздер жазылған қағаздарды тұтынушылардың сөмкелеріне

салады.

Гүл сатушылардың сыйлығы

Сауда үйіндегі тұтынушы әйелдің пікірі

24
2-тапсырма
Мәтінге ат қойыңыз, идеясын анықтаңыз.

Идеясы

Дескриптор Білім алушы

Тақырыбы

мәтіндегі оқиғалардың ретін санмен белгілейді;
мәтінге тақырып қояды;
мәтіннің идеясын 1-2 сөйлеммен анықтайды.

25

Оқу мақсаты

8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдардың
көмегімен тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қатыстырып, суреттер бойынша Еңбек ете бi лудiң өзi – байлық, Еңбек – ырыстың қазығы тақырыптарының біріне ауызша мәтін құраңыз.

Тұрақты тіркестер: жарғақ құлағы жастыққа тимеу - тыным таппау, ақ саусақ - жалқау, маңдай термен табу - адал еңбекпен табу, бес саусақтай білу - жетік меңгеру, он саусағынан өнер тамған - өнерлі, кәсібін дөңгелету - дамыту.
Көркемдегіш құралдар: Еңбек - адамның екінші анасы. Еңбек - ата, жер - ана

Дескриптор Білім алушы

сурет пен тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды;
мәтін мазмұнында тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданады.

26

Оқу мақсаты

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығармалардың

композициялық

құрылымын

ажыратады
Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді

Ойлау дағдыларының
Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Барбара – супермаркет қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызметкерлердің жұмыстарына деген ынтасын арттыратын психолог. Бір күні офисіне Джонни есімді кісі телефон соғады. Дүкендердің бірінде кассада сатып алушылардың заттарын пакеттеуге жауапты кісі екен. Оның үстіне Down синдромының бар екенін айта келіп:
– Барбара, айтқандарың маған қатты ұнады – деді. Барбараның әңгімесінің ертесіне Джонни әкесінен компьютер алуын сұрап, компьютер қолдануды үйренуді қалайды. Үйге барып күнде күннің көркем сөзін жазып қоятын болды. Осындай сөздерді таппаған кезде де оларды ойдан шығаратын. Сөздердің бәрін компьютерге жазып, бірнеше көшірме жасап, принтерден шығарып, әрбірін кесіп, артына да өз есімін жазады. Ертеңіне сатып алушылардың заттарын пакетке салғанда, бір сөзден қосатын болды.
Осылайша жасаған ісін ерекше етіп жасайтын болды. Бір апта болмай жатып, Барбараға сол супермаркеттің директоры телефон соғады:
– Барбара, бүгін не болғанын айтсам – сенбейсің! Магазин аралап шықсам, Джоннидің кассасына тұрған адамдар кезегі басқа кассалардікінен 3 есе ұзын екенін көрдім. Мен дереу қосымша кассалардың ашылуын талап етіп ұрыса бастаған едім, сатып алушылар Жоқ, біздің Джонни кассасында тұрғымыз келеді. Күннің көркем сөзін алғымыз келеді, - деп жауап берді. Сатып алушы бір әйел қасыма келіп Бұрындары супермаркетке аптасына бір рет қана кіретін едім. Қазір жолым түскен сайын кіріп жүрмін. Джоннидің күннің сөздерінен алғым келгендігінен, - дейді. 3 ай өтіп дүкен директоры Барбараға қайта телефон соғады:
– Джонни екеуің супермаркетімізге үлкен өзгерістер әкелдіңіздер. Енді гүл сататын сатушымыз сынып қалған гүлдерді лақтыра салмай, жас қыздардың көйлегіне қадайтын болды. Ет сататын жақта сатушы ат, қой суреттерін принтерден шығарып, ет пакеттерінің сыртына жабыстырып сататын болды. Осының арқасында сатып алушылардың да, сатушылардың да көңілдері көтеріңкі болады.

Мәтіндегі әр кейіпкерге тән 2 мінездеме беріңіз. Мінездемеге мәтін мазмұны бойынша дәлел келтіріңіз.
Мінездеме: еңбекқор, мейірімді, жалқау, креативті, сезімтал, шыдамсыз, сабырлы, жауапты, қарапайым, адал, намысшыл

27
Кейіпкерлер
Мінездеме
Мәтіннен дәлел
Дүкенші

Джонни

Барбара

Дескриптор Білім алушы

кейіпкерлерге қатысты мінездемені анықтайды;
анықталған мінездемеге мәтіннен дәлел келтіреді.

28

Оқу мақсаты

8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Эссе құрылымын сақтайды
• Мәселенің шешу жолдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Тапсырма
Қазіргі заманда қандай кәсіппен айналысқан тиімді? деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

кіріспе бөлімде тақырыпқа түсінік береді;
өз позициясын жазады;
негізгі бөлімде эссе тақырыбына қатысты проблемалық сұрақ құрастырады;

өз пікіріне аргумент келтіреді;
қорытынды бөлімде мәселенің 2-3 шешу жолын ұсынады.

29

Оқу мақсаты

8.5.1.3 - етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Бұйрық райды ауызша диалогке қатысуда және жазба
жұмыстарда қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма
Берілген сөйлемдерді бұйрық райлы сөйлемге айналдырып жазыңыз.

Арман емханаға тіс дәрігері болып

жұмысқа орналасты.

Мемлекет жас кәсіпкерлерге өз кәсібін
ашуда қолдау көрсетеді.

Осы жылы нан-тоқаш өнімдерін
даярлайтын зауыт ашқалы жатырмын.

Тәжірибесіз жас мамандар жұмысқа
қабылданады.

Сіздер мамандықтарыңыз бойынша
жұмысқа орналасасыздар.

2-тапсырма
Жұпта берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын көрініс дайындаңыз. Диалог мазмұнында бұйрық райлы етістіктерді қолданыңыз.

1-жұп. Жас маманды жұмысқа қабылдау
2-жұп. Табысты кәсіпкермен кездесу
3-жұп. Дүкендегі оқиға
4-жұп. Дәрігерлік қабылдауда
5-жұп. Сабақ кезінде

Дескриптор Білім алушы

сөйлемдердегі етістіктерді бұйрық рай тұлғасына алмастырады;
тақырып бойынша жұбымен шағын диалог дайындайды;
диалогте бұйрық райлы етістіктерді қолданады.

30

Оқу мақсаты

8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Көтерілетін мәселені тақырып қою, тірек сөздер,
иллюстрациялар арқылы анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді . Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: Әке, мен тек Қараталды сүйемін . Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге жерле, – дейді де, биік құздан етекке құлайды.
Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын, – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен.

Мәтінге ат қойып, мәселені анықтаңыз.

Мәтіннің тақырыбы
Көтерілетін мәселе

31
2-тапсырма
Кейіпкерлердің есімдерін жазыңыз.

Кейіпкер
Мінез ерекшелігі

Дана, ажарлы, келбетті

Ержүрек, қаһарман, қамқор

Дәулетті, бай-қуатты, ауқатты

3-тапсырма
Тірек сөздер арқылы мәселені болжаңыз.
Үлкен ас –
Бір ауыз сөз –
Соңғы тілек –
Байдың қателігі -

Дескриптор Білім алушы

мәтінге тақырып қояды;
мәтіндегі мәселені анықтайды;
кейіпкерлердің мінез ерекшелігін ажыратады;
тірек сөздер арқылы мәселені болжайды.

32

Оқу мақсаты

8.2.6.1 -кесте, диаграмма, нұсқаулық, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Кесте, диаграмма, нұсқаулық, шартты белгілер мен
сызбалардағы ақпараттарға баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Жұпта берілген сызбадағы ақпаратты ауызша түсіндіріңіз.

1-оқушы 2-оқушы

Дескриптор Білім алушы

кестедегі ақпараттарды ажыратады;
жұбына кестедегі ақпаратты өз сөзімен баяндайды.

33

Оқу мақсаты

8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылауда
ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұнын әрі қарай жалғастырыңыз. Өз нұсқаңызды әңгіменің негізгі нұсқасымен салыстырыңыз.

Шайтанкөл туралы аңыз
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір-бірін сүйеді, бірақ бай қарсы болады.

Алтай мен Сұлушаштың әрекеті қандай болады?

Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен.

Алтай ұяны көрген соң не істейді?

Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады, бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен.

Арыстанды көргенде Сұлушаш не істейді?

Содан қорыққаннан көлге құлайды. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді.

Қайсардың әрекеті қандай болады?

Ол да сол көлге құлапты. Содан кейін бұл көл Шайтанкөл атаныпты.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің әр бөлігін оқиды;
бөліктердегі оқиғаны әрі қарай дамытады;
түпнұсқасымен салыстырады.

34

Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің сақтап, интервью жазу

жанрлық және стильдік ерекшелігін

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап
жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Сіз Қазақстан телеарнасының тілшісі болып жұмыс істейсіз. Еліміздегі су қоры, олардың экологиялық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілімен сұхбат жүргізіңіз.

Дескриптор Білім алушы

сұхбат жазуда жанрлық ерекшеліктерді ескереді;
сұхбат мазмұнында еліміздегі су қорлары мен олардың экологиялық жағдайын көрсетеді.

35

Оқу мақсаты

8.5.1.1 - күшейткіш үстеулерді

ауызша

және

жазба

жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Ауызша және жазылым жұмысында күшейткіш
үстеулерді дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтін мазмұнына сай сөйлемдерді күшейткіш үстеулермен толықтырыңыз. Күшейткіш үстеулер: тым, әрең, сәл, мүлдем, өте, орасан, аса, нағыз, ең, әбден

Шайтанкөл туралы аңыз
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген ... .. сұлу қызы болыпты. Байдың есігінде
жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір-бірін сүйеді, бірақ бай ... .. қарсы болады.
Алтайдың Қайсар деген ... ... ... досы және Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар
Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал әулие деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, аспанмен тілдескен
... .. биік құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің
балапанын алмақшы болып, биікке ... .. көтеріліп келе жатады, бірақ жолы болмай
шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған ... ... . зор дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен.
Содан қорыққаннан ол терең көлге құлайды. Қайсар Сұлушашты іздеп, ... .
шаршап, осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлапты. Содан кейін бұл көл Шайтанкөл атаныпты.

Дескриптор Білім алушы

көп нүктенің орнына сөйлем мағынасына сай келетін күшейткіш үстеулерді қояды.

36
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім Тарихи тұлғалар тағылымы, Қызым - жағадағы құндызым, Ұлым -

аспандағы жұлдызым, Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

Оқу мақсаты

8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Көтерілетін мәселені мәтін тақырыбы, тірек сөздер,
иллюстрациялар арқылы болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Балықтың басы - мәтін тақырыбы;
Балықтың жоғары қаңқалары – мәтіндегі 3 мәселе;
Балықтың төменгі қаңқалары – мәтіндегі 3 мәселенің маңызды болу себебі; Балықтың құйрығы – мәселе шешімін болжап жазыңыз.

Хан сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл, үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Тұңғыш ұлы Жәңгір ханмен соғыста оққа ұшты. Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен
шайқаста жараланып өлді. Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен
жыламсырады. Жүрегі елжіреп, көкірегі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің қара торы
дидары мұңға толғанын байқады. Өзі де күрсініп еді, көзінің жасы бірге шықты.
Жаулығының ұшымен сүртіп жатып:
Қарақтарым бір аунап түсті-ау! - деді.
Махамбеттің де көзіне жас тығылды. Өзін де, жұбайын да аяп, сыртқа шыға бергенде, Әуес тозығы жеткен ыдыспен сусын ұсынды. Сапырылған шұбаттың исі аңқыды. Тәбетім тартпайды. Өзің іш, - деді Махамбет.

Дескриптор Білім алушы

мәтінге тақырып қояды;
мәтіндегі негізгі мәселені анықтайды;
мәселенің маңызды болу себебін түсіндіреді;
мәселенің шешімін жазады.

37

Оқу мақсаты

8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас желісіне бақылау жасай отырып, салыстыру және талдау

мәтіндердегі оқиғалар мазмұнның дамуын

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Екі мәтіннің ортақ идеясын, оқиға желісін бақылайды,
салыстырып, талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін
Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет жəне қоғам
қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі.
Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, əсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның Төбе биі болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған.

2-мәтін
Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың белгілі би-шешені, мемлекет
жəне қоғам қайраткері. Орта жүздің төбе биі.
Қазыбектің əкесі Келдібек кезінде елді аузына қаратқан белгілі шешен, би болыпты. Анасы Тоқмейіл де ұтымды да тапқыр сөйлейтін зерек жан екен. Кішкентайынан осындай ортада өскен Қазыбек бала биден дана биге айналып, қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек, Алты Алаштың ардағы деген атаққа ие болады.
Қазыбек жасынан ел əңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Əке тəрбиесі мен би-шешендердің əсер-ықпалы да көп көмек етеді. Жастайынан ел билігіне араласып, адалдықты жақтайды, əділеттілікті, бейбіт жолды қалайды.
Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, Тəуке, Əбілмəмбет, Семеке хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне белсене араласты. Төле, Əйтеке билермен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болып, елдің азаттығы үшін аянбай тер төкті. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға елшілікке барған. Сондай-ақ ол Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мəселелерге араласып, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған мəмілегер ретінде танылды. Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан деп , бейбітшілік пен достықты дəріптеп, елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.

38

Салыстыру аспектісі
1-мәтін
2-мәтін

Мәтіндердегі ұқсас

1.
1.

эпизодтар

2.
2.

3.
3.

Екі мәтінге ортақ идея

Дескриптор
Білім алушы

екі мәтіндегі 3 ұқсас эпизодты анықтайды;
екі мәтінге ортақ идеяны анықтап, 1-2 сөйлеммен жеткізеді.

39

Оқу мақсаты

8.3.4.1 - мәтіндердің

түрлерін,

тілдік

ерекшеліктерін

салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердің түрі мен жанрына қатысты тілдік
ерекшеліктерді салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтіндерді оқып, төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін
Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, зұлымдық құрған заман шындығын шынайы жеткізуде – әр қаламгер түрлі әдіс-тәсілдерге қол артқан. Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың Қараой әңгімесі айрықша дара тұлға.
Қараой - жер атауы. Қаралы оқиға осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді.
Елінен айырылып, жерінен ауып , қос қыраны – екі ұлын қатар жоғалтса да, ақынның қанаты қайырылып, жігері құм болып, жасығанын көрмейміз. Тек қана көз алдында бақилық болған біртуар балаларын ойлап, есіне алғанда жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толы. Махамбет жапан далада жалғыз қалғанда жүрегіне жебедей қадалатын жалғыз жарасы
– Өтемістен туған онның атқа қонып, жасақты қолға айнала алмағаны.

2-мәтін
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

Салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін түрі

Мәтін жанры

Мәтін стилі

40
Тілдік қолданыстар

1
1

2
2

3
3
Дескриптор
Білім алушы

- мәтіндердің түрін анықтайды;

- мәтіндердің жанрын жазады;

- мәтіндердің стилін анықтайды;

- мәтіндердегі стильге тән 3 қолданысты анықтайды.

41

Оқу мақсаты

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Ауызша және жазба жұмыстарда демеулік шылауларды
(сұраулық, күшейткіш) қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сізге бір тарихи тұлғамен кездесуге мүмкіндік берілді. Онымен кездеспес бұрын қандай сұрақтар қоятыныңыз туралы ойландыңыз. Тарихи тұлғаға қоятын сұрақтарыңызды құрастырыңыз. Сұраулық демеуліктерді қолданыңыз.

1.

2.

3.

4.

5.

Дескриптор Білім алушы

тарихи тұлғаның өміріне, ерлігіне, қызметіне қатысты 5 сұрақ құрастырады;
сұрақтар құрамында сұраулық демеуліктерді қолданады.

42

Оқу мақсаты
8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді

ақпараттарды анықтау

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабаларын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып отырады. Бұл баланы өскенде өз туыстарын жақсы білуге, сыйлауға үйретеді. Жеті атаны үйрету – әр ата-ананың басты борышы. Өзін, әкесін, атасын, бабасын және одан арғы ата-бабасының есімдерін білу – жеті атаны білу. Әкесі, атасы, балаға тек жеті атасына дейінгі аралықтағы аталарының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі үшін жасаған ерліктерін, өнегелі істерін де айтып отырған. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген.
Қазақ отбасында ата-әжені, әке-шешені ерекше құрметтеген. Ұл-қыздары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда баққан.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше.
Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан
қыздарына жасау береді.

Кестедегі ақпараттардың шын, жалған екенін белгілеңіз.

Ақпараттар
шын
жалған
2-

Арғы аталарының жақсылықтарын, қаһарман ерліктерін

тапс

әңгімелеп берген.

ырм

а

Ер жеткенде балалары әке-шешесін бағып-күтуге міндетті емес.

Мәт

Отбасылы болған ер баласына әке-шешесі жасау береді.

інде

Жеті атаны білу арқылы бала жақын туыстарын таниды.

гі

жеті атаны білудің маңыздылығына қатысты 3 детальді ақпаратты анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

шын, жалған ақпаратты анықтайды;
мәтіннен 3 детальді ақпаратты анықтайды.

43

Оқу мақсаты
8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық

шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын

талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы

• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Жылқы сұлбасының денесіне шығарманың идеясын, басына тақырыбын жазыңыз.

...Қодар құл оқпен атып өшін алды,
Сүйтіп қастық қылғандай несін алды.
Үйдегі Баяныма берейін деп,
Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.
Бәрекелді! Қодардың тентегіне,
Асау күрең жүрмейді жетегіне.
Қозыкенің басы деп тастап еді,
Баян жылап салады сандығына.
Сұлу Баян қолына айна алады,
Қозыкеден айырылып қиналады.
Өзімменен қосылып зарласын деп,
Ботасы өлген боз інген түйе алады.
Баян жас бота белбеу белден шешті,
Қозыкеден айырылып қайғы түсті.
Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
Сарыбайдың ертең тұра ауылы көшті.
Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
Оны көріп Қодар құл қуаныш қылды.
Көш жөнеліп кеткенін көріп тұрып,
Жұртта қалған Баянға Қодар келді.
-Жылқыны көп жалшылар суарады,
Сені көріп көңілім қуанады.
Алған байың өлді ғой, сұлу Баян,
Енді сені мен алмай кім алады?
Баян басын көтеріп тұра келді,
Жылап тұрып Қодарға жауап берді.

Дескриптор Білім алушы

үзінді мазмұны бойынша мәтіннің тақырыбын анықтайды;
көркем шығармадан алынған үзіндінің идеясын 1-2 сөйлеммен жазады.

44

Оқу мақсаты

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға
жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Отбасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қатысты 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарды топта талқылап, ең маңызды 3 сұрақты таңдап алыңыз. Елші әдісі бойынша бір оқушы өзге топтарға таңдап алған сұрақтарын қояды.

Қойылған сұрақты талқылап, топ атынан жауап беріңіз.

Дескриптор Білім алушы

бала тәрбиесіне қатысты 2 ашық сұрақ құрастырады;
топта ең маңызды 3 сұрақты таңдайды;
қойылған сұрақтарға өз пікірлерін білдіре отырып жауап береді.

45

Оқу мақсаты

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады • Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Әке-шешесінен ерте айрылып, жалғыз қалған екен. Жетім қыз байдың отын-суын тасып күн көріпті. Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, тезек теруге шығыпты. Терген тезектерін буып, арқалап алыпты. Үйлеріне қайтып келе жатқанда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті.
Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын күтіп отырыпты. Алыстан келе жатқан жолаушы мұны көріп, қыздың қасына келеді де:
Шырағым, ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сен неге қалып қойдың? - деп сұрайды. Сонда қыз:
Барса, бара берсін. Олардың отындары да, киімдері де су болады.
Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.
Жәміш деген қыз баланың үйі қайсы? - дейді жолаушы. -Анау жотаның үстіндегі үй, - деп көрсетіп жібереді.
Жолаушы сол үйге барып түседі. Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:
-Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыңнан жарылқасын! - деп батасын беріпті.

Мәтіндегі оқиғаларды композициялық құрылымына талдаңыз.

Композициялық құрылым
Оқиғалар
Басталуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

2-тапсырма
Шығармадағы басты кейіпкерге мінездеме беріңіз.

Кейіпкер
Іс-әрекеті
Мінездеме
Жетім қыз

46
Дескриптор Білім алушы

шығарманы композициялық құрылымына талдайды;
басты кейіпкердің маңызды 3 әрекетін өз сөзімен жазады;
анықталған әрекеттер негізінде кейіпкерге мінездеме береді.

Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің сақтап, пікір жазу

жанрлық және стильдік ерекшелігін

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті
сақтап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Төмендегі ойға қатысты өз пікіріңізді білдіріп, тілшіге жауап хат жазыңыз.
Сіз қазақстандық газеттен Қазіргі уақытта көшеде ұзын шашын жайып жүретін бойжеткендер көбейді. Оларға қарағанда шашын жинап жүрген қыздарымыз биязы, әдемі көрінбей ме! деген газет тілшісінің пікірін оқыдыңыз.

Дескриптор Білім алушы

пікірге қатысты өз ұстанымын анықтайды;
өз көзқарасына қатысты дәлелді аргументтер келтіреді;
өз пікірін хат жанрында жеткізеді.

47
Оқу мақсаты

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (болжалдық, шектік) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Ауызша және жазба жұмыстарда демеулік
шылауларды (сұраулық, күшейткіш) қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Шектік және болжалдық демеуліктердің әрқайсысына бір сөйлем құрастырып жазыңыз.

Шектік демеуліктер

ғана, (қана), тек, - ақ, кейде
Болжалдық демеуліктер
-мыс, - міс, - ау,
Дескриптор
Білім алушы

- шектік және болжалдық демеуліктерге сөйлем құрастырады;

- сөйлем құрылымын сақтайды;

- сөйлем мағынасын бала тәрбиесімен байланыстырады.

48

Оқу мақсаты
8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде

деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді

• Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша нақты жауап

Ойлау дағдыларының
береді

Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ жерінде он қорық бар. Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы қорықтарының бірі – Ақсу Жабағылы қорығы бар. Ақсу Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де, гүлдер де қорғалады. Ақсу Жабағылының эмблемасы өте сирек кездесетін Грейг жауқазыны. Қорықтың мақтанышы - алма ағаштар өскен тоғайлар.
Алматы қорығы Іле Алатауының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Мұнда Сібірдің тау текесін, маралды, елікті, сілеусінді, барысты және ақ тырнақ аюды кездестіруге болады.
Солтүстік далалық аймақта Қорғалжын қорығы орналасқан. Мұндағы өзендер, көлдер мен батпақтар сан түрлі құс ұя салып, түнеп жүретін орын ретінде қызмет етуде. Қорықтың ең экзотикалық тұрғыны - қызғылт қоқиқаз. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы күллі дүниеге өзінің ғаламат қарағайлы ормандарымен атағы шыққан.
Үстірт жонындағы шөл қорығы өте сирек арқардың (Үстірт муфлоны) бір түр тармағын, сондай-ақ сусар тұқымдас және құмды дала өсімдіктерін қорғау үшін арнайы құрылған.
Барсакелмес - Арал теңізінің Барсакелмес атты аралына орналасқан жалғыз қорық.
Шығыс Қазақстан тауларында Марқакөл қорығы бар. Табиғаты өте көркем.
Марқакөл көлінің атымен аталған.

Сұрақ
Жауап
Алма ағаштары қай қорықта өседі?

Іле Алатауында орналасқан қорық қалай

аталады?

Қарағай ағашы мол өсетін қорық қайсысы?

2-тапсырма
Қорықтарға қатысты ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Қорықтар

Ақпарат
Сәйкестендіру

бағаны
1.
Ақсу - Жабағылы
А) Құстардың мекені болған

2.
Үстірт

В) Қызыл кітапқа енген құстар қорғалады

3.
Барсакелмес

С) Әлемдік деңгейде қорғалатын қорықтар

қатарында

4.
Қорғалжын

D) Тартылып бара жатқан теңізде орналасқан

5.
Марқакөл

Е) Құмды жерде өсетін өсімдіктер қорғалады

Дескриптор
Білім алушы

-қорықтарға қатысты ақпараттарды қорық атауымен сәйкестендіреді;

-сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша сөз не сөз тіркесімен жауап береді.

49
Оқу мақсаты

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға жауап
береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Бұрыш әдісі арқылы ұсынылатын мәселе: Қорықтардың еліміздегі биоалуантүрлілікті
сақтаудағы рөлі жоғары

Сынып қабырғасындағы келісемін , келіспеймін бұрышының бірін таңдаңыз. Пікірлеріңізді ортаға салып, аргумент тізбегін дайындаңыз. Топтың спикері ретінде өзге бұрыштағы оқушыларға пікірлер мен аргументтерді айтыңыз.

Дескриптор Білім алушы

таңдалған көзқарасқа қатысты аргументтер жинақтайды;
өзге бұрыштағы оқушыларға көзқарастарын дәлелдейді.

50

Оқу мақсаты
8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген

мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтіндердегі ортақ мәселелерді айқындайды

• Таңдалған мәселелерге бүгінгі күнмен байланыстыра

Ойлау дағдыларының
отырып баға береді

Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

1-тапсырма

Мәтінді оқыңыз.
1-мәтін
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.
Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын.
2-мәтін
Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығы – қасқырлардың басты ерекшелігі. Аналық қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады.
Бұл жыртқыш аң бостандықты қалайды. Қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыра береді. Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қояды.

Екі мәтіннің ерекшелігін жазыңыз. Ортақ мәселені анықтаңыз, салыстырыңыз.

1-мәтін
Ортақ мәселелер:
2-мәтін

-

-

2-тапсырма

Қасқыр - ауыл адамдары, төрт түлік мал үшін қауіпті жыртқыш аң. Қасқырлардың қандай
ерекшеліктері бар? Жұп болып, бір-біріңіздің пікіріңізді тыңдап, бағалаңыз.

Дескриптор Білім алушы

екі мәтіннің ерекшелігін жазады;
екі мәтінге ортақ 2 мәселені анықтайды, салыстырады;
берілген сұраққа өз пікірін білдіріп, ойын дәлелдейді;
жұбының пікірін бағалайды.

51

Оқу мақсаты

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтінде сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, құрмалас сөйлемге, бірыңғай мүшеге, қос сөздерге қатысты тыныс белгілерді қойыңыз.

Аз уақытта екеуі қозының орнын ғана иіскелеп қалды. Енді біразда көк шөпте әрлі берлі аунап аунап керіліп тұрып жегендерін құса бастады. Алдымен туған көзі ашылған күшіктер жемденіп жатыр. Ең соңғы туған екі күшік бауырын көтере алмай тырбыңдап жатыр еді енді оларды бауырына алып емізе бастады.
Ертеңіне түсте жат иіс шықты. Алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп індерге тығып тығып тастап ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді айқай дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды.

Дескриптор Білім алушы

құрмалас сөйлемге қатысты тыныс белгіні қояды;
бірыңғай мүшеге қатысты тыныс белгіні қояды;
қос сөзге қатысты тыныс белгіні қояды.

52

Оқу мақсаты
8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық

шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтін мазмұны негізінде тақырып пен идеяны

Ойлау дағдыларының
анықтайды

деңгейі
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді тыңдап, Наурыз айында болатын шараларды күн сәулесіне толтырыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз. Идеясын анықтаңыз.

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда. Наурыз, наурыз , күн игі! Күні игі жердің - түрі игі. Бауыры жылып науат-қар, Бабымен ғана жібиді. Шашылып ырыс шанақтан, Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі. Осынау игі кең жерге, Наурыз айы келгенде, Наурыз тойын бергенде, Көрмегендер де - арманда, Арманда - оны көрген де. Келіп ем өмір - орманға, Наурыз айы келгенде.

Наурыз

Тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Идеясы

Дескриптор Білім алушы

Наурыз айында болатын әрекеттерді күн сәулесіне толтырады;
мәтінге тақырып қояды;
мәтіннің идеясын 1-2 сөйлеммен жеткізеді.

53

Оқу мақсаты

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
• Автор көзқарасы бойынша негізгі ойды табады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма
Мәтінді тыңдап, маңызды тірек сөздерді анықтаңыз.

Наурыз келді алақай!
Тірілтуге гүлдерді.
Кел билейік, балақай!
Сәнденеді аналар,
Біз де қарап тұрмайық,
Сәбилермен бірге енді.
Тойға шашу шашайық!
Наурыз келді, нұр келді,
Той думанға келіңіз,
Түгел аймақ түрленді.
Тамашалап көріңіз,
Наурыз келдi елiме,
Ән айтайық бәріміз,
Наурыз келдi жерiме.
Қол соғайық бәріміз!
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Наурыз тойы – елдің тойы,
Бүкiл қазақ елiне.
Көктем тойы – төлдің тойы.
Жылдың басы Наурыз,
Ән айтатын күні бойы
Жердің басы Наурыз.
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Мерекеге арналсын
Наурыз келді – жыл келді,
Бүгінгі жыр-әніміз.

2-тапсырма
Автордың көңіл күйін анықтап, сұлбаға толтырыңыз.

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды;
автордың түрлі көңіл күйін анықтап жазады.

54

Оқу мақсаты

8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу
этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда қолданады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
Наурыз мейрамы туралы топта көрініс дайындаңыз. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

1, 2-топ
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған . Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

3, 4-топ
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі ақпараттардың көмегімен шағын көрініс дайындайды;
көріністе ұлттық сөз әдебі (сәлемдесу, тілек айту) мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

55

Оқу мақсаты

8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердегі ортақ мәселелерді айқындайды
• Таңдалған мәселелерге бүгінгі күнмен байланыстыра отырып
баға береді

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

1-тапсырма
Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1-мәтін
Әлемдік тарихтан ерекше орын алған, 300 миллионға жуық халықты бір қазанға біріктірген Кеңестер одағы 1926 жылы НАУРЫЗ мерекесін ислам дінінің қалдығы деген желеумен мемлекеттік деңгейде атап өтуге, тойлауға тыйым салды.
1988 жылы Наурыз тойы Кеңестер одағы тыйым салған 62 жылдық үзілістен соң,
тұңғыш рет бас қала Алматының М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам адамның қатысуымен тойланды. Қазақстанның барлық шаруашылықтары, өндіріс мекемелері, жоғары оқу орындары, мектептері , тіпті, ауруханаларға дейін айтулы мерекені өздерінше үсті-үстіне атап өтіп жатты. Сол жылы Наурыз мейрамы қыргүйек айының ортасына дейін тойланды. Наурыздың арғы-бергі тарихында мұндай ұзақ, мұндай құштарлықпен өткен мереке болмаған да шығар, сірә...

2-мәтін
Наурыз парсының нау – жаңа, рыз – күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурыз күнін жаңа жылдың басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, Махмұт Қашқари, Абай, Ахмет, Міржақып, Сәкен, Мұқағали сияқты ақын-жазушылар Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер жазған.
Шығыс елдері наурызды бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі деген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. тойлаған. Наурызда Самарқанның көк тасы жібиді деген сөз бар. Наурыз - діни мейрам емес, халық мейрамы, ұлттық мереке. Бұл күні жұрт жұмыс істемейді, ренжімейді.
Наурыз тойына ғана тән мерекелік тағам – Наурыз көже. Ол әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылады.
Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап бүкіл Республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды.

Мәтіндерді оқып, ондағы ақпараттарды салыстырыңыз. Мәтіндегі мәселелерді анықтаңыз.

Салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін мазмұнында не
1.
1.

56

туралы айтылады?
2.
2.

3.
3.
Мәтінде қандай мәселелер
1.
1.
көрініс табады?

Екі мәтінге ортақ мәселе

қандай?

2-тапсырма
Наурыз мерекесін қалай насихаттауға болады? Пікіріңізді 2-3 сөйлеммен жеткізіңіз.
______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

екі мәтіннің ерекшеліктерін жазады;
мәтіндердің ұқсастықтарын табады;
мәселеге қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен білдіреді.

57

Оқу мақсаты

8.4.2.1 - эссе құрылымы мен байланысты берілген мәселенің

дамуын оңтайлы

сақтап, шешілу

тақырыпқа жолдарын

ұсыну

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Эссе құрылымын сақтайды
• Мәселенің шешу жолдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Тапсырма
Қазіргі таңда Наурыз мерекесі өз мәнінде тойланып жүр ме? деген тақырыпта эссе жұмысын жазыңыз. Эссе мазмұнында мерекенің дәрежесін көтеруге қатысты ұсыныстар беріңіз.

Эссеге төменде көрсетілген кілт сөздер, сөз тіркестерін қолданыңыз: қайта жандандыру, ұлы мереке, экологиялық тәрбие, Жаңа жыл мерекесі, заманауи, ұлттық рух, ұлттық ойындар, наурыз көже, ұлттық қолөнер, бейбітшілікке бастар ізгі мереке

Дескриптор Білім алушы

кіріспе бөлімде кілт сөздерді қолданады;
негізгі бөлімде мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіріп, 2-3 аргумент келтіреді;
мәселенің шешу жолдарына қатысты нақты ұсыныстар жазады; -эссе құрылымын сақтайды.

58

Оқу мақсаты

8.5.2.1 - жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

1-тапсырма
Берілген сөйлемдерді әрі қарай жалғастырып, жалғауларды қатыстырып, себеп-салдар салалас сөйлем құрастырыңыз.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан
Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын,
қасиетті, киелі саналған.
мейірленбейтін адам болмаған.

Наурыз шығыс елдері үшін бірлік,
Наурыз күнін жаңа жылдың басы -
татулық, еңбек, ізгілік, бақыттың
ұлыстың ұлы күні деп есептеп, зор
мерекесі ретінде тойланған.
қуанышпен қарсы алған.
Осы күнде мал төлдеп, жұрттың аузы
Халықтың мифологиялық түсінігі
аққа тиген.
бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр

аралайды.

2-тапсырма
Сіз Наурыз мейрамының тойлану сәтіне тап болдыңыз. Көз алдыңызға Наурыз мейрамы кезінде жасалатын бір ұлттық дәстүрді суреттеп жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

бағандағы сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіреді;
себеп-салдар жалғаулық шылауларды орынды қолданады; -суреттеу мәтінін жазады.

59
4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім Мәңгілік елдің нұрлы жолы!, Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті, Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш

Оқу мақсаты

8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу
этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда қолданады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, Сингапур басшысымен жүргізілетін сұхбат сұрақтарын құрастырыңыз.
Дайындаған сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып , жауап алыңыз. Сұхбат жанрын сақтап, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Келесі мысал – Ли Куан Ю. Отыз жылдан сәл асқан уақыт ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі жоғары, дамыған қала-мемлекетке айналдыра алды. Бүгінгі күні Сингапурдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері - әлемдегі ең үздіктердің бірі . Жан басына шаққандағы кірісі 25 мың доллардан асты, ал тәуелсіздігін алған кезде ол небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді. Екі миллион халқы бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың жұмыс істеуі үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды.
1991 жылы мамырда Ли Куан Ю бейресми сапармен Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол кезден күні бүгінге дейін жалғасқан біздің өзара достығымыз басталды. Ол Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде біздің еліміздің жағдайымен танысып, менің өтінішім бойынша, сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас экономистер тобы алдында сөз сөйледі. Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан
мемлекет-қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны туралы әңгімеледі. Ол тыңдаушылар назарын 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған проблемаларға аударды.

Дескриптор Білім алушы

мәтін мазмұны бойынша сұхбат сұрағын құрастырады;
жұбымен сұхбат жүргізеді;
-сұхбат мазмұнында сөйлеу этикетінің формаларын қолданады; -қойылған сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді.

60

Оқу мақсаты

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндердің түрі мен жанрына қатысты тілдік ерекшеліктерді
салыстырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Екі мәтінді төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен
Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
жыл
басындағы
халыққа
Жолдауымда
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.
Қазақстанның
үшінші
жаңғыруы
басталғанын
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.
жарияладым.

Мәңгілік Ел Нұрлы жолға бастады.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша

маңызды екі процесі – саяси реформа мен эко-
Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.
номикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Бар әлемге мойындатар қуатын.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты

мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет-
Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.
кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстары-
Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.
мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді
Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.
жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ ойлағанымыз
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы
орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
бабамның.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден

озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы
Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.
тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыру-
Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.
ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне
Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.
айналады.

Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс

емес.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары

Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам

басатынымыз және бұқаралық сананы қалай

өзгертетініміз
туралы
көзқарастарымды ортаға

салуды жөн көрдім.

Талдау аспектілері

1-мәтін

2-мәтін
Мәтін түрі

Мәтін жанры

Стилі

Стильге тән 3 ерекшелік

Дескриптор
Білім алушы

екі мәтіннің түрін табады;
мәтіндердің жанрын анықтайды;
мәтіндердің стилін анықтайды;
стильге тән 3 ерекшелікті жазады.

61

Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап
жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Сіз мектебімізден шығатын газеттің арнайы тілшісісіз. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында газетке Қазақстан - мәңгілік ел! тақырыбында мақала жазу тапсырылды. Берілген көркем тіркестерді қолдана отырып, мақала жазыңыз.

Ұсынылатын көркем сөз қолданыстары: тарихымызға тағылым, бүгінгі бақытымыз, гүлденген келешекке сенім, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, көк туымыз желбіреп, ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел, тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясы

Дескриптор Білім алушы

ұсынылған тақырыпқа сай өз ойын жазады;
мақала жанрын сақтайды;
берілген көркем сөз қолданыстарын пайдаланады.

62
Бөлім Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Оқу мақсаты

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды
анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Балықтың басына мәтін атауын, қаңқаларына айтыс өнерінің дамуына қатысты ақпараттарды жазыңыз.

Айнұр ханым, бүгінгі күні айтыста жүрген ақын қыздарымыздың бірісіз. Отбасы мен өнерді қатар алып жүру қиын емес пе?
Шын мәнінде, қазір айтыста жүрген қыздар өте аз. Кез келген сахнаның көркі әйел ғой, халық та қыз бен жігіттің айтысын, қыздардың еркелеп, назбен айтқанын сағына күтетін шығар. Ал екінші жағынан, қыздар аз болғаннан кейін, ер азаматтар бізді сыйлап, құрметтейді. Қалай болғанда да, айтыста қыздардың көбейгенін қалар едім. Дәл қазіргі уақытта республикалық айтыстарға шығып жүргеніміз санаулы қыз ғана. Сара, Әсем үшеуіміз ғана өнер таластырып жүрміз.
Айтыста жүргеніңізге жиырма жылдан асты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерінің бүгінгі жағдайын қалай бағалайсыз?
Айтыс жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Жас ақындар көп. Олар елдің сөзін айтып, сүйіспеншілігіне бөленіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Мемлекет айтысты қамқорлығына алды. Қазіргі уақытта эфирден қайта беріле бастады. Халықтың айтысқа деген махаббаты, ақынның қоғамдағы рөлі жеңді ғой деп ойлаймын. Тағы бір айта кетерлігі, осы күні айтыс жиі ұйымдастырылады.
Сұхбатыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Сау болыңыз!
Сау болыңыз!

Дескриптор Білім алушы

балықтың басына мәтіннің атауын сөз тіркесімен береді;
балық қаңқаларына мәтіндегі айтыс өнерінің дамуына қатысты ақпараттарды жазады.

63

Оқу мақсаты

8.3.1.1 - перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Перифраз сұрақтар негізінде ақпараттарды ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ . Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев Біржан — Сара операсын жазды.

Сұрақ
Жауап
Айтыс қандай мәселелерді қозғады?

Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай

туындылар дүниеге келді?

Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз

бетіне қашан түсірілді?

Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен

келді?

Дескриптор Білім алушы

өткен сабақтардағы айтыс туралы ақпараттарды жинақтайды;
негізгі бөлімде нақты аргументтер келтіреді;
қорытындыда айтысты насихаттауға қатысты 2-3 ұсыныс жазады.

64
Оқу мақсаты

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі айтыстың көрермені жоқ. Теледидардан көрсетілмегеннен кейін ақындар айналдырған 2000-3000 адамға айтады да кетеді. Біздің кезімізде айтыс мазмұнды болатын. Айтқандарымыздан Үкімет қорытынды шығаратын. Сөздері уытты, айтарын дәл айтатын, өлеңдерінің көркемдік дәрежесі жоғары Бекарыс, Сара, Мұхтар, Жандарбек сынды жақсы ақындар бар. Бірақ олар не айтып, не қойып жатыр теледидардан берілмейді. Ақындардың сөзі халыққа жетіп жатқан жоқ. Әрі қазіргі айтыста дайындық жоқ қой. Ақындар дайындалмай айтысады. Бір айтыста айтқанын , екінші айтыс та айтып отыра беретіндер бар. Келісіп айтысуды шығарыпты соңғы кезде. Мұның алдын алу үшін облыспен облыстың айтысын жасаймыз ба, білмеймін, бірнәрсе ойластыруымыз керек. Ақындарға миллиондап ақша беріп, көлік мінгізіп, жаман үйретіп алдық. Бір рет жүлде алған ақын ана жерден, мына жерден жүлде алады. Содан кейін әрине айтыстың қадірі болмайды. Қазіргі айтыс қадірсіз болып кетті. Жүлде берілмесін емес, бірақ бәрі орын-орнымен болуы керек қой.

Мәтіндегі айтысқа қатысты айтылған негізгі мәселелерге өз көзқарасыңызды білдіріп, пікір жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

негізгі мәселелерді анықтайды;
таңдалған мәселелерге өз пікірін білдіреді.

Оқу мақсаты

8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

негізінде

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтін мазмұны бойынша детальді сұрақтарға дәлелді
жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларға жауап беріңіз.
Тапсырманы жұпта орындаңыз. Жауабыңызды салыстырып, толықтырыңыз.

Пирамидалық талқылау
Негізгі кейіпкер. 1 сөз не сөз тіркесі

65
Тақырып
Кейіпкер (жасы, мінезі, сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?) Бірінші оқиға (көтерілген бір мәселе)
Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)
Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер)
Шешімі (сөз не сөз тіркесі)

Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан жарияланып кетіпті. Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып: Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп , Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай? деп тұрғанда, Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады. Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:

– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін. Бұл сен я мен үшін емес, қазақ халқы үшін керек. Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады? деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын орындаудан неге бас тартпақсың? Сен барлық жағынан дайын тұрсың... Тіпті Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасының қолдауымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүкіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

Дескриптор Білім алушы

ақпараттарды түсінеді;
-детальді ақпаратты анықтайды;
пирамидалық сұрақтарға жауап береді.

Оқу мақсаты

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген пікірге ПОПС формуласы арқылы жауап беріңіз. Жұбыңызбен пікір алмасып, жауабын тыңдаңыз.

Пікір: Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық зиянынан гөрі, экономикалық

66
пайдасы басым
ПОПС формуласы

Бірінші сөйлем Менің ойымша, ...

Екінші сөйлем Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...

Үшінші сөйлем Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... Соңғы сөйлем Мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...

Дескриптор Білім алушы

пікірге қатысты өз ұстанымын анықтайды;
өз пікірін дәлелдейтін 2-3 аргумент ұсынады;
ой қорытындысын жасайды.

67

Оқу мақсаты
8.4.1.1
- мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, интервью жазу

Бағалау критерийі
Білім алушы


Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап

Ойлау дағдыларының

жазады

деңгейі
Қолдану

Тапсырма
Ғарышкерлер мерекесі қарсаңында сіздің мектебіңізде қазақтың тұңғыш ғарышкері
Т. Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырылмақшы. Мектеп газетінің тілшісі ретінде ғарышкер батырмен жүргізілген сұхбат жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

сұхбат жазудың жанрлық ерекшелігін ескереді;
алдыңғы сабақта алған білімін сұхбат мазмұнында қолданады.

68
Оқу мақсаты

8.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жазуда тиімді қолдану

жинақтап, эссе

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты эссе жұмысында өз көзқарасын ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді
• Эссе құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма
Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай? деген тақырыпта алған ақпараттарды жинақтап, эссе жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктейді;
құрылымын сақтап, эссе жазады.

69


Скачать


zharar.kz