Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең