ТОРСЫЛДАҚ СЫЛДЫРШӨП

Скачать

ТОРСЫЛДАҚ СЫЛДЫРШӨП
(Қалампырлар тұқымдасы)
Қазақстанда кездесетін 63 түрдің ішіндегі көпке танымалы. Қазақстанның солтүстік бөлігінде кеңінен таралған. (Оралдан Семейге дейін). Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін, кесілген ормандарда, шалғындықта және тау беткейлерінде жиі кездеседі. Бұл көпжылдық өсімдік өзіне тән көкшіл сұр түсті, тік сабакды биіктігі 100 см-ге дейін, үшкірленген, қарама-қарсы орналасқан жапырақты және шашыраңқы сыпырғы пішінді гүл шоғыры бар. Ерекшелігі тостағаншасы торсиған, жұмыртқа тәрізді. Тостағаншада өсімдік гүлін ашқанша, ауа саңылаусыз сақталып тұрады. Сондықтан қатты бір зат тиген жағдайда, өзіне тән бір дыбыс шығарып, жарылып кетеді. Бұл түрдің халық берген атауы осыдан келіп шыққан - "Торсылдақ" (хлопушка). Тостағаншасы бірігіп өскен 5 жапырақшадан тұрады, үш жағы тісті, қабырғаларының жұкалығы соншалық ол арқылы ақшыл-көк талшықтары көрініп тұрады. Күлтелері ақ, тостағаншасынан едәуір үзындау. Жапырақ тақтасы екі жіңішке бөлікке бөлінген. Негізінен әр гүл екі шеңберге орныққан 10 аталық және үш бағанды жатын. Гүлдің нәрі гүлдердің қалтарысында көгілдір тостағаншада болғандықтан, тозаңдану тек ұзын тұмсықты көбелектер кемегімен жүреді. Жемісі шар тәрізді, қауашақ ұшында алты тістемен ашылады. Ұсақ та жеңіл тұқым сабағын жел шайқағанда немесе адам не мал жүріп өткенде шашылады, жер бетіндегі бөлігінің құрамында көбіктенетін зат (сапониндер), витамин С (дәрумен) активті әсер ететін заттар бар. Олар халықтық медицинада жиі қолданылады, бронхы ауруларын және кейбір тері ауруларын емдейді. Кейбір жерлерде жас өскіндерін салат ретінде жейді. Басқа пайдалы қасиеттеріне байланысты – омарталық және сәндік құрғақ гүлшоқтарын жасау үшін қолданылады.


Скачать


zharar.kz