Тәрбиеші апайларға мың алғыс

Скачать


Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№21 "Алпамыс" балабақшасы
Тәрбиеші: Алгазиева Райкул Сактагановна

ӘН: Аян: Ассалаумалейкум
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата–аналар! Бақытты балалық шақ әуе ұшағы № 21 (Алпамысбөбекжай -балабақшасына келіп қонғалы тұр,
Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!
(Ұшақтан екі жүргізуші келіп түседі,)
Жүргізуші Аян : Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші Дамир: Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!
Жүргізуші Аян : Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамызды есімізге сақтайық!
Жүргізуші Дамир: Сегодня у нас торжественный день мы прощаемся с нашем любимым детским садом. Мы хотим показать, все то, чему мы научились детским саду.
Жүргізуші Аян: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай деп ортаға тәрбиеші апайларды шақырамыз:
(Әр баланың жетістігін тәрбиеші айтып тұрады )
Вальс: Барлығы
Жүргізуші Дамир: Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді, -деп балабақшамыздың меңгерушісі
Эльмира Жалпақбайқызына құттықтау сөз кезегін береміз!
Регина: Рахмет апай!
Дамир: Ән; Ұстазым Орындайтын Санжар
А. Мерекеде сызылтып ән салады
Р. Ән айтып би де билеп жан салады
Д. Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл аналар шапалақтап қарсы алады.
Хор: Жасұлан
Дамир: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!
Достарымның жүректерінен шыққан тақпақ жыр шумақтарын қабыл алыыздар!
Қасымжомарт:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай Қоштасатын күн бүгі
Санжар:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамы
Н. Каусар:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз білім аламыз
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
Бексұлтан:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.
Ханшайым:
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Жаттауларды бастаймыз.
Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.
Регина:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналақтың данасы-деп ортаға Әліппені шақырайық!

Әліппе-Айнұр: Сәлеметсіздер ме балалар!
Менің атым - Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Бауыржанда, Мәлікте.
Сендер әріптерді білесіңдер ме? Мен сендерге бір жыл бойы алған білімдеріңізді көргелі келдім. Олай болса білімдеріңізді ортаға салыңыздар.
Жасұлан:
Отанымыз анамыз
Отан сүйген баламыз
Оқып білім аламыз
Отты болып жанамыз
Отан сөзін жазамыз
Санжар:
Өз жұртым мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен аналар
Әке, Ана сөзін жаза аламыз.
Жанерке:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз- деп Мектеп сөзін құрамыз.
М: Момын менің мінезім
Момындықтан бақ табам
Мол жұмысты бір өзім
Мойымастан атқарам.
Қасымжомарт:
Е: Елгезек мен баламын
Ерінбеймін ешқашан
Елімізді қорғайтын
Ер азамат боламын.
Балнұр:
К: Көкем- менің тірегім
Көкемсүйер түлегін
Көп жұмысын орындап
Көмекші болып жүремін.
Нұрдәулет:
Т: Талмастан алға барамын
Талабың ұшқыр қанатың
Тағлымы елдің өнеге
Талаппен үлгі аламын.
Ж.Талант:
Е: Есті бала ер жетіп
Елдің қамын ойлаған
Ессіз бала кері кетіп
Есірлігін қоймаған
А.Талант:
П: Пайымдадық әдепті
Пайымдадық әдетті
Парықтадық,үйрендік
Пайымдымыз әдепті
Әліппе Айнұр: Жарайсыңдар балалар! Барлықтарың алғыр, ақылды екенсіңдер. Талаптарың оң болсын!
Аян: Ән: Жаңабай Балнұрдың орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар!
Дильназ:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан - жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Рахмет саған – Балабақша!
Нұрайлым:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Рахмет саған - Балабақша!
Гүлсезім:
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшадан кетіп барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.
Рахмет саған - Балабақша!
Ш.Кәусар:
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.

Мұхамеджан:
Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.
Дамир:
Ана тілін арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді - Құрметте-деп Қадір Мырзалиев ағамыз Айтқандай топтың жігіттерінің орындауындағы Хор: Васпиталель.
Айнұр:
Чему учат в школе
Сегодня мы прощаемся
С любимым детским садом
Мы выросли, мы выросли
Якия:
Спасибо воспитателлям
Спасибо няням нашим
И доктору, и повару
Мы всем Спасибо скажем.
Аружан:
Сегодня день особенный
И грустный и веселый
Мы выросли, мы выросли
Идем учится в школу.
А.Талант:
В сумке новые тетради-
Ручки и карандаши
До свиданья лошадки
Мы уже не малыши.
Санжар:
Здесь дружили мы играли
Буквы первые узнали
Незаметно подрастали
И совсем большими стали.
Бексултан:
Прощайте куклы, зайки, мышки-
Теперь важней тетрадьки, книжки
Учеником прилежным будь
Успехов, счастья
И добрый пут:
Би: Маленькие звезды

Регина:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай
Серікбай Дильназдың орындауында Қазақтың ерке қызымын әнін қабылалыңыздар.
Дамир: Ортада Гүлдер биі!
Аян:
Жиналамыз шат күлкімен бақшаға
Тең келмейтін ғажап мекен басқаға
Дәл осындай бөбекжайды сыйлаған
Алғысымыз зор Елбасымыз Нұрсүлтан атаға!
Ән Хормен: Нұр аға.
Аян.Ән: Астана орындайтындар: Дамир мен Дильназ
Ән:Астана орындайтындар: Аян мен Регина. Көркем сөз: Тәуелсіздік қасиетті ұғым дара сөз оқитын – Қасымжомарт.
Дамир:
Гүлдендірген бақшаны,
Балабақша меңгерушісі жақсы адам.
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Эльмира Жалпақбайқызына - мың алғыс!
Регина:
Жайдары жүз ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап,
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын.
Найла Әбдімұратқызына мың алғыс!
Аян: Сіздердің құрметтеріңізге Регина Аққу биін тарту етеді.!
Қасымжомарт:
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы -апайларға мың алғыс!
Регина:
Қайнаған су әкеліп
Іш -, деп дәрі береді
Жылтыңдатып инесін
Түршіктірер денеңді
Жанар, Базаркүл апайларға мың алғыс!
Нұрайым:
Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ жасаған
Бала болып ойнаған
Күтуші: Айгүл, Жансая апайларға мың алғыс!
Барлығы бірге: Хормен:
Баулап баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз,
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді-деп
Тәрбиеші апайларға мың алғыс!
Регина: топ жігіттерінің Анаға құрмет биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші Аян:
Тәрбие берген бақшамыз
Тәртіпті бала боламыз
Алда үлкен белес бар
Сүрінбей өтіп барамыз.
Жүргізуші Дамир:
Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Би; Сольнышко
Жүргізуші Регина:
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау
Қоңыраудың шақырған
Тәтті әуені ән думан
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Сыңғырлаған ғажап ән!
Ән: Мұхамеджанның орындауында Ұстазым әні
Ғажайып сәт: Сөмке
Алтын күнделік.
Ән: Дильназдың орындауында
Балалық шаққа саяхат әні
Жүргізуші Дамир: Уважаемые родители, дорогие дошколята! Вот и закончился наш прощальный празник с детским садом. Дорогие наши друзья, сверстники! Желаем вам счастливого будущего, чтобы перед вами не было преград, досвиданья, детский сад любимое наше гнездышко!
Жүргізуші Аян: Балабақшамыз көркейе берсін! Бақша ауласындағы шар ұшыру салтанатына шақырамыз!


Скачать


zharar.kz