ШРЕНГ АСТРАГАЛЫ

Скачать

ШРЕНГ АСТРАГАЛЫ
(Бұршақ тұқымдастар)
Балқаш және Бетпакдала маңындағы шөп далаларда, сонымен бірге аласа таулардың дала аймақтарында (Мұғалжар, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньдағы Қазақ ұсақ шоқыларында) кездеседі. Тегіс жерден таудың ортаңғы белдеулеріне дейін майда шөгінділерде және тасты топырақтарда өседі. Ұзын қою сопақша гүлшоғырлары жапырақсыз гүлсидамына орналасқан. Күлтелері қара қошқыл күлгін түсті, түтікшелі тостағаншадан екі есе ұзын. Гүлдеп біткеннен кейін тостағанша көпіршік тәрізді пішінге айналады және ұлғайып жемістері жабады (ұсақ 0,5 см-ге дейін, жұмыртқа тәрізді бұршақ). Жемістері маусым-шілдеде пісіп жетіледі. Осы уақытта гүлшоғырдың ортасы қурайды және сына бастайды. Көпіршік тостағанша мен қоршаған жеке бұршақтар жер бетімен домалап, аналықтан бірнеше қашықтыққа ұзайды. Шренк Астрагалы гүлдегенде және жеміс салған кезінде де өте әсем өсімдік. Ол табиғат ландшафтында өте тиімді көрінеді және альпі төбешігін безендіруге өте қолайлы.


Скачать


zharar.kz