Қазылар алқасының төрағасы

Скачать



Қыздар! Көктем гүлі атты Қыз сыны 2010 байқауының жүру барысы.

1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған Қыздар! Көктем гүлі атты Қыз сыны 2010 байқауын тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

1 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
1 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
1 - жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:-------------------------------
Орындайтын: ---------------------------
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған Қыздар! Көктем гүлі атты Қыз сыны 2010 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші:
1 - Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 - Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 - Кімде болса бас иеді мойындап,
4 - Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
1 - № 1 аруымыз----
№ 2 аруымыз-----
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы ...

2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: Сәлемдесу- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім Өз өнері - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ - бөлім: Үй тапсырмасы - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

ІV бөлім: Сұрақ - жауап Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

V бөлім: Қол өнері - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.

VI Сән үлгісі- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән: Бір тілек
Орындайтын: Искакова Алмагүл
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі Сәлемдесуі бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші:
№ 2 аруымыз -----------
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана
Орындайтын: Слямжанова Гүлдерай
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 - жүргізуші
ІІ бөлім:Өз өнері
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------

2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар Қарсыалыңыздар Ахметшарипова Мейрамгүл Өзбек биі
1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
ІІІ бөлім Үй тапсырмасы
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.
Қазақ биі
Орындайтын 4 - сынып қыздары
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.

1 - жүргізуші
IV бөлім Сұрақ - жауап Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы IV бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән: Көктем келді
Орындайтындар: Қайырханов Қуаныш, Қасымов Мерхат
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
V бөлім Сән үлгісі Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

№ 1 аруымыз. Кариева Гүлшират Талғатқызы.
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша би тамашалаймыз.
Үнді биі
Орындайтын: Искакова Алмагүл
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.

1 - жүргізуш
VI бөлім Қол өнері
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
№ 1 аруымыз. Кариева Гүлшират Талғатқызы.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән: ---------
Орындайтын: -------
Қазылар алқасынан VI бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:-------
Орындайтын:----------
2 - жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі Қыздар! Көктем гүлі - 2010 байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Қазақша сценарийлер жинағы ... . http:kzscenarii


Скачать


zharar.kz