Дарвин Чарльз Роберт
Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым . Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді.
Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған . 1831 жылы натуралист ретінде Бигль кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты . Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді . Экспедиция Чили , Галапагос , Таити аралдарынан , Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті . Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды . Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді .
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты .
Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген . Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды . Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады . Түрлердің өзара бәсекелестік , күреске шыдамды , бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады . 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді . Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді . Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті . Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты . Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы жарыққа шығарады .
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар . Олар : Адамның шығу тегі және жыныстық тандау (1871ж) мен Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары (1872ж) . Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығутегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады . Дарвиннің теориясында адам маймылдан шықты
деп тұжырымдады .
Дарвинизмнің ең басты қателігі оның "өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, "артық-шылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: "Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өрке¬ниетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар "яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасында¬ғы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтай¬ды, қазіргі кезде ол негр немесе автралия¬лықтар мен гориллалар арасындағы¬дай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ға-лым¬ның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық "серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. "Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай "(үздіксіз) перма¬нентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.
Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғы¬сынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан "шұбар жыланы” — "өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды
Дарвин мен Уолестің теориясы
1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән .
2.Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді . Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді . Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің , судың , жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды .
3.Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады .
4.Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп , ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).
5.Түрлердің көбейіп , ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі . Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады .