Шоқ боп тұр келбетің, тұстан ерін.
Қолыңа қос бакалды ұстап едің.
Жасырынып қып – қызыл орамалға
Байланып буылыпты қыпша белің.
Даяшы қыз, дегенде даяшы қыз,
Күндей күліп, аспанда ай асыңыз.
Ет әкеліп, түрлі салат қойғанменен
Жүрегімнің сырқатын аяшы қыз.
Мен саған сенбейін бе, сенейін бе,
Айт десең әнімді айтып берейін бе.
Осы жерге тек той үшін емес енді
Сені күнде көруге келейін бе.
Сылдырлап тау суындай саусақтарың,
Билеттейін енді мен, ән сап бәрін.
Келесі көріскенше аман сау бол
Аяулы ақ арман қыз, аңсатқаным.