Мен өз елім Қазақстанды жан-тәніммен жақсы көремін. Біздің еліміз бай, жері кең байтақ. Түрлі ұлттар бір-бірімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Жыл сайын оқу білім саласы жақсарып, жастар білімге ұмтылуда. Мен де өз елімнің ертеңіне алаңдаймын.
Таңдап отырған мамандығым – биші. Қазір ауылдық жерлерде нағыз маман бишілер жетпейді. Еліммен бірге мен де өсіп келемін. Ертең елімнің бір керегіне кірпіш болып қалансам екен.
Мен өз елімді жақсы көремін, тыныштық пен жақсылық тілеймін.