Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы

Скачать

Хименко Андрей Максимович (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы - 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, Союзпечать агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы Демян гитлер топтамасын қоршауға алып құрту операцияларына, Харьков және Полтава облыстарын азат етуге, сонымен қатар 1943 жылы Запорожье қаласы маңындағы шайқастарға, кейіннен 1944 жылы Никополь плацдармын істен шығару және Апостолов қаласын азат ету, Березнеговато-Снегирев және Брест- Люблин операцияларына қатысты. Әсіресе Висла өзенінен өтіп, Магнуш плацдармын кеңейту операциясында Xименко аса ерлік және батылдық көрсетті. Осы ерліктері үшін Хименкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Петропавловск қаласындағы бір көшеге Xименконың есімі берілген. Ол сондай- ақ Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.


Скачать


zharar.kz