Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Менің отбасым-менің барым,байлығым,демеушілерім.Саны 8 адамнан тұратын менің отбасымның әрбір мүшесі өз орнымен ерекшеленеді.Тілге тиек етіп отырған мәселем отбасы жайында болған соң,отбасымның әрбір мүшесін таныстырып өткенді жөн көрдім. Өлі риза болмай,тірі байымас,-демекші әуелі отбасымыздың негізгі ұйытқысы атам Махамбетәлиді айтуды дұрыс санадым.Атам 1942 жылы 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып,елге 1947 жылы оралған.Қатардағы солдаттан,сержант әскери атағына дейін көтеріліп-взвод командирінің көмекшісі қызметін атқарған.І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен,Ерлігі үшін,Германияны жеңгені үшін,Сталинградты жеңгені үшін,тағы басқа бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.Міне,атамыздың осындай жарқырап тұрған медальдарын көргенде кеудемізді қуаныш кернеп,ерекше тылсым күйде болатынымызды жасырмаймын.Атам,1948 жылдан бастап Арал аудандық балық қорғау ұжымында кіші учаскелік инспекторлықтан,аға мемлекеттік балық қорғау инспекторы дәрежесіне дейін көтеріліп бір мекемеде үздіксіз 40-жылға жуық қызмет етті.Қызметтестері арасында өзінің кеңпейілділігімен асқан беделге,шексіз құрметке ие болды.Шаңырағымызда атамыздың орны ойсырап тұрғанымен ақжаулықты әжеміз Мәдемі,ол кісінің орнын жоқтатпақ емес.
Ата мен әже қазақы тәрбиенің бастау бұлағы.Қариясы бар үйде қазақы тәрбиені бойыңа сіңіріп,дәстүрлерді мұра ретінде ұлықтап,асыл құндылықтарды,ұлттық рух пен тәрбиені ұлықтап өтетіндігі анық.Сол себептен де, жасымда бейнет бер,қартайғанда зейнет бер дейтін әжеміздің ортамызда болғанын зор мақтанышпен айта аламын.Әжем –Мәдемі, отбасындағы ауызбіршілікті,татулықты,бірлікті,ешкімнің ала жібін аттамауды қалап,әр атқан таңына шүкіршілік етіп отырады.Байлыққа қызбайды,барға қанағат еткенді тәуір көреді.Мен, атам мен әжемді нағыз бақытты отбасы деп мақтанышпен айтамын.Өйткені,әжем 13 бала құрсақ көтерген.Олардың біразы шақалақ кезінен шетінеп,кейбірі ержете дүниеден озып, бүгінде 3 қыз,2 ұлының қызығына бөленіп келеді.Әжем 13 баланы дүниеге әкелгендігін біздерге кейде мұң шалған көздерімен күрсініспен,кейде үлкен мақтанышпен айтып әңгіме етеді.Бүгінде әжеміз 10 немере мен 3 шөберенің қызығына марқайып,қуаныштарымен ортақтасып жүр.
Әке-тірегіміз,анамыз-жүрегіміз.Қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына жазған өлеңінде Отбасы-шағын мемлекет.Мен президент,сен премьер дегеніндей,өмірде әке мен ана қатар айтылады.Жетекші тұлға әкені-ұрпақ иесі,әулет басшысы десе,ананы-отанасы деген.Әкем –Аралбай, қарашаңырақтың иесі,айрандай ұйып отырған отбасының қамқоршы тірегі.Ал,шаңырақтың түтінін түтетіп,әулетіміздің ибалы да қадірлі келіні атанған,аяулы да жанашыр анамыз –Бақытгүл өміріміздің мәні.Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.Сондықтанда біздер анамыздың нұрын шашқан шырайлы күлкісінен-ақ бой түзейміз.Отасқандарына биыл 25 жыл толатын әкеміз бен анамыз ұрпақ жалғастығын алға тартып,көпбалалы отбасылар қатарына қосылған болатын.2 ұл мен 2 қыздың ата-анасы.
Бауыр деп құлағанда орныңнан тұрғызғанды емес,құлауыңа мүмкіндік бермейтін жанды айтады.Сондықтан да,менің сенер қанаттарым бауырларым. Ел ағасыз болмас,тон жағасыз болмас,- дегендей 2 ағам бар.
Ағасы жақсы қандай-ды,
Алдыңа асқар таудай-ды
Сүйінгенде сүйеніш
Құлағанда қолдайды,-демекші,қос қанатым,ағаларым барда ешкімнен қорықпас емеспін.Отбасының тұңғышы ата мен әженің баласы болғаннан кейін,үлкен ағам-Бақдаулет,атамыз саралап жүріп өткен жолды,яғни,балық шаруашылығы мамандығын биыл ғана тәмәмдады.Ал,екінші ағам-Жадырасын 2 курс студенті.Екі ер баладан кейінгі қыз мен-Зере.Бүгінде №21 орта мектебінің 11-сынып оқушысымын.Отбасының кенжесі балдан да тәтті болады емес пе? Сол себептен де отбасының еркетотайы Нұрару есімді кішкентай ханшайым! Бүгінде Нұрару №21 орта мектебінің даярлық сыныбында оқиды.
Міне,менің отбасым-менің баға жетпес байлығым.Маған бәріненде қымбаты сол жандардың амандығы!