Теңіз астында найзағай көбейген, жарқыл - дау көбейген

Скачать


Метафораға қарағанда, метонимияның (ауыс мағынасы бір, зат пен екінші бір заттың өз ара ұқсастығының негізінде жасалатын сөздердің) қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түр-лерінің қай-қайсысында (бірінде аз да, басқасында одан көбірек) қолданылатын болса, метонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль (тіпті қоғамдық ғылымның өзінде де) мен ресми-кеңсе сти-лінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері — көр-кем әдебиет стилі. Метонимияның көркем әдебиет стиліндегі қол-данылуы метафорадан гөрі өзгешелеу: яғни бұл екі тропаның жа-зушы шығармаларындағы жұмсалу дәрежесін бірдей деуге болмайды. Өйткені, метонимияны көркем әдебиетте қолдану мәсе-лесі, яғни оның шығармадағы аздығы немесе көптігі ең алдымен әрбір жеке автордың сөз қолдануындағы өзіндік шеберлігімен ты-ғыз байланысты. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік кажет. Метонимияның кей жазушыда“азырақ, кейінде одан көбірек болатыны міне осы себепті. Осы тұрғыдан алғанда, метонимияны М. Әуезов пен Ғ. Мүсіреповтің қолдану ше-берліктері ерекше көңіл аударады.

Теңіз қарнын семсердей тілгілеп жүрген жалғыз өзі рана емес екенін көкқасқа енді абайлады. Өзімен ата тегі бір Азат-мая нэсі-лінің естияр еркектері түгел құтырынып, олар да жарқырап ағып, жорық әнін салып жүр. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқыл-дау көбейген. Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жо-рықтың бет алысын, жөнін сілтейді (Ғ. Мүсірепов).

Жазушының мұндағы найзағай деп отырғаны — көкқасқа тә-різдес ата балықтар. Әрине, “Теңіз астында ата балық көбейген. Сол ата балықтар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді” деп те жазуға болар еді. Бірақ мұның көркем экспрессивтік, эмоционалдық бояуы алдыңғыдан әлдеқайда солғын да, өте көмескі. Жазушы соны алдын ала ескеріп, ата балық деудің орнына найзағай метонимиясын әдейі және өте тапқырлықпен, дәл қолданып отыр. Демек, метонимия — көркем әдебиет стиліне барынша тән құбылыс Көркем әдебиет стилінде метонимияны қолдануда қалыптасқан мынадай бір тәсіл бар. Мысалы, әлгі найзағай зат есімін немесе сондай басқа бір сөзді метонимия дәрежесінде келтіру үшін, алдымен оны -дай (дей) қосымшасын жалғап, бір рет қолданып алады. Бұл метонимияның қандай мағына білдіріп тұрғанын аңғару үшін де қажет.

Көкқасқа бұлардан ығысқан жоқ. Қанды ауыздар тобын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті. Құлқын. тырбаңымен жүрген-дер найзағайды қалай ұстай алсын, ауыздарын. ашқан бойы қала берді (Р. Мүсірепов). Алғаш кездескен құламадан аналықтар да көп іркілмей өтті... Бір сэт құлама үстінде күміс қанжар лақтырысып, ойнап жүрген біреулер бардай еді. Төменнен жоғары қарай лақтырған қанжарлар күн көзінде бір жарқ етіп қалды да, суға шаншыла түсіп жоқ болды (сонда).

Жоғарыдағы найзағай метонимы тәрізді, мұндағы қанжар ме-тонимы да сол балық мағынасында қолданылған. Метонимия көр-кем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып та келіп отырады. Мұндай орам түріндегі ме-тонимияның мағынасы да жалпы контекстен аңғарылады. Мето-нимияның өзіндік осы ерекшеліктеріне байланысты, ол өзге стиль түрлерінің көбінде қолданылмайды. Метонимияның табиғаты, оған тән сипат-ерекшелік көркем әдебиет стилінде ғана жан-жақты, то-лық көрінеді. Бұған ілгеріде келтірілген үзінділер де, сондай-ақ мына бір мысал да әбден дәлел бола алады.

Алдыңғы күні Ержан аңшы үйіне екі түлкі әкеліп еді. Екеуі де алтайы қызыл, алтындай жымыңдайды екен... Қалың қызыл алтынның бетінде азғана ақ қылаң күміс сызықтар бар

(Ғ. Мүсірепов). Жемсауын шалқайта ұстап, темір найзаларын тоса бврді. Тырнақты да білекті екен (сонда).

Бұл үзіндідегі метонимиялық мәнде жүмсалғандары: қалың қызыл алтын және ақ қылау күміс сызықтар, темір найзаларын деген сөз орамдары.


Скачать


zharar.kz