Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы’’

Скачать

17ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүй ектер мен феодалдардың арасындағы қырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Тәшкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде қазақ ханы Жәңгір Бұхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер саятшы ғана емес сонымен, бірге өте батыл, ержүрек жуынгер қол басшы еді Оның тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас біріншісі 1635жылы, екіншісі 1643 жылы, үшіншісі 1652жылы болған 1635жылы болған шайқаста Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, көп ұзамай түтқыннан қашып шыққан. Ал1643жылы екінші шайқаста Жәңгір хан 600 жан кешті әскері мен жоңғар тауының бір қуысына бекініп, ойраттардың 50мың әскеріне ерлік пен қарсы тұрады. Шайқас қызып жатқан кезде, Жәңгір ханның шақыруы мен 20мың әскері мен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті. қалмақтың 10мың әскерін шығындады Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлар мен соғыста өткізді. Оларға қарсы жорықта жүріп 1652жылы Жәңгір ойраттар мен үшінші шайқаста қаза тапты.
1680жылы Қазақстан жеріндегі хандықтың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717жж) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың ел силаған билерге сүйене отырып, халықтың елдің бірлінің туын жоғары ұстады.
Тәуке хан 1687-1688жж Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген тіпті, қаланы алуға әрекеттенген Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркестан оның астанасы 17ғасырдың 90жылдарында янғи Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, қырғыз,оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен жоңғарлар тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай жалғасып тұрды. Олардың1860жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың шабуылынан аман қалды. Өйткені мұнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлар салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың тіршілігін күйзелті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бұқара халықтың шаруашылығына үлкен зардап тигізді.
Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тиып,үш жүздің үшеуі неде тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулар мен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
Тәуке хан өкіметінің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында “Жеті жарғы’’деген атау мен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағыын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауға шектеу үшін аян бай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси құқық жүйесін белгілеп,халықты бірлікке ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіндегі Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек биді, Кіші жүзден Әйеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. Бұл оның халыққа кең тараған “Жеті жарғысымен’’байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген.
“Жеті жарғы” көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны.
-қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе оған ердің құнын төлеу (ер адамға- 1000 қой, әйелге -500);
-ұрлық қарақшылық,зорлық зомбылықа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.
-денеге зақым келтірілсе,оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ- 100 қой,шынашақ -20 қой);
- егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
- төре мен қожаның құны қарашадан 7есе артық төленеді;
- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
- өзіне- өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;
-егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса; бес айлық бала үшін- бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға- әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100түйе- 300атқа немесе 1000қойға тең);
-әйел зорлау кісі өлтіру мен бірдей қылмыс болып есептеледі Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс,егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
-егер ері әйелінің көзіне шөп салу кезінде ұсталса,өлтіруге қақылы,бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4сенімді адам теріске шығарса, әйел күмәнсіз деп табылып, жазадан босатылады;
-Біреудің әйелін күйеуінің келісімісіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді,егер әйелдің келісімі мен әкетсе,күйеуіне қалың төлеп,қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет,сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бүйырады;
- құдайға тіл тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) тас пен атып өлтіріледі;
- кәпір болған адам мал- мүлкінен айырылады;
- құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде;
- ата- анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
- Ұрлық жасаған адамүш тоғызы мен қайтарылуға тиіс;
- ерінің ұрлығын біле тұра әйел мен баласы жазаға тартылмайды,өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналды;
-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
-дан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс;
- дауды шешу билер мен ақсақалдар ға жүктеледі; - куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
- билерге билік айтқан үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
- егер айыпкер айыбын төлемесе,оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;
- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
- егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.
Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде бір қазақтың қару- жарақсыз келуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай- ақ қару ұстап жүре алатын кезкелген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған
Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай- ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.


Скачать


zharar.kz