Нақыл айтқан сөз ғаріп

Скачать

Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік - Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
Осы кезде кім ғаріп,
Бірлігі жоқ ел ғаріп.
Еркімен ел жайламай,
Құлазып тұрған жер ғаріп.
Қаз-үйрек ұшып қонбаған,
Айында шалқар көл ғаріп.
Көмек тимей қорлықпен,
Арманда өлген ер ғаріп.
Мақсатына жете алмай,
Ерікті өмір ете алмай,
Көзінің жасы сел болып
Зарлап өлген ару қыз,
Бәрінен де сол ғәріп.
Қәдірін біліп ұқпаса.
Нақыл айтқан сөз ғаріп.


Скачать


zharar.kz