Константин Фомич Шувалов (10.1.1912, Павлодар қаласы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, подполковник. Орыс. Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Соликамск (Ресей, Пермь облысы) қаласында автобаза директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Соликамск қаласы әскери комиссариатынан шақырылып, кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдан 61-армия 81-атқыштар дивизиясы 467-атқыштар полкінің құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Лейтенант Шувалов 1943 жылы 2-3 қазанда өз батальонымен Днепрден (Беларусь, Гомель облысы Лоев ауданы Глушец маңы) өтіп, жаумен қиян-кескі ұрысқа түсті әрі өздері тартып алған плацдармға бекінді. Гитлершілер Бұл плацдармды алу үшін жойқын қарсы шабуылға шықты. Олар авиацияның қолдауымен артиллерия мен минометтен атып, 10-ға жуық қарсы шабуыл жасады. 2 күнде жаудың 22 қарсы шабуылы тойтарылды. Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Шуваловқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Соғыстан кейін офицерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын курсты бітірді (1946). 1962 жылы запасқа шығып, Одесса қаласында тұрды. Ленин, Қызыл Ту, 1- дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған