Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды

Скачать


Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сырғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Бірі – қуып - бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дүниеде еш таусылмайтын ол - жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай - тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Тірісінде тірілер,
Түтеп бірін – бірі жер.
Тірліктегі қадірің,
Өлгеніңде білінер
– деп жатады, сөзі мір оғындай өткір ділмәр даналарымыз. Немесе тірісінде өсектен аманы жоқ, ал өлгенде жаманы жоқтың күйті сынды. Тегінде тұсау салмай, тоқыраған сәтте ұғынып жататынымыз жалған емес. Толғауы тоқсан тірліктің толғамы таусылмасы хақ. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Кеген суындай керіге аққан қу дүние қойдың құмалағындай бізден де қалары белгілі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда: Неге? – деген сұраққа жауап бере аламыз ба?!
Бәрде аш – бірде тоқ,
Бірде бар – бірде жоқ
Дүрбелеңге толы дүние дүбірі кімнің базынасына қарайласын. Ит үреді, керуен көшетіні анық. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Жұбатамын деп келіп жылатып кетеді сенгенің. Жылулығын сыйлағандай көрініп түн ұйқыңды күн ұрлағанымен ұры жылдың тоқтату еш мүмкін емес. Сырын білмейтін жанның сыртымен де жүрме деп те жатады. Сызылып енгенімен көңілден тұшынып кетеді бір күні. Сыйластықтың сырын ұққым келеді. Бірақ, сыртым бере гу – гу өсек ертіп, сықиып келіп сымпитып кеттетін жандар құрбаны болу жан азабына сызат түсіреді. Бір кем дүние десеңізші...


Скачать


zharar.kz