Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің АФЕ-рі. Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары. Пиелонефрит. Гломерулонефрит.
Зәр шығару жолдарының және бүйрек АФЕ-рі
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының негізгі клиникалық белгілері.
Негізгідиагностикалық әдістері.
Осы аурулардыңемдеупринциптері және алдыналуы.
Жас балалардың бүйректері төменірек орналасқан, салмағы үлкен кісінің бүйрегімен салыстырғанда 2 есе ауыр. Бүйрек түбектері мен несепағарларының сергітуі төмен. Бұл ерекшеліктер зәрдің тоқтап қалуына жағдай туғызып қабыну процесстеріне әкеліп соқтырады. Нәрестенің қуығы сәл жоғары орналасқан, оның көлемі жасына байланысты:
ЖТБ-да 50 мл
3 айында 100 мл
1 жасында 200 мл
10 жасында 900 мл.
ЖТБ сөткесіне 25 ретке дейін зәр шығарады. Қыздардың зәр шығаратын жолы қысқа 0,8-1,0 см, сондықтан баланың астын дұрыс жумаған кезде инфекция оңай жоғары көтеріліп бүйректі қабындырады, пиелонефрит дамиды. 3-4 айынан бастап баланы ұйқыдан кейін немесе тамақтандырғаннан 20 минуттан кейін тосып үйреткен жөн. Алдымен қолға алып табақтың үстіне, ал 6 айдан бастап горшокқа отырғызуға болады.