Әскербеков Диас
7 сынып, №3 ЖББОМ Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Оспанова Б.Ж.
Отан. Атамекен. Тарих. Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Ғасырлар қойнауының белестеріне үңілсек, өз жерін еш жауға бастырмаған, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Солар көрсеткен үлгі, сепкен ұрық бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп 1986 жылғы желтоқсан жаңғырығына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
- деп ақын жырлағандай 1991 жылы 16 – желтоқсан Тәуелсіздік таңын тудырды. Менің есіме Тәуелсіздік желтоқсан оқиғасы арқылы есте қалады, өйткені мен – сол ғасырдың перзентімін, оған өзімнің куә болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Халқыма ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт – азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген , жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Ата – бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрган болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
Байтак ел, күн сәулелі Қасақстан келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты, дамудың даңғыл жолына түсті. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды, ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, нарықтық қатынастар құрылып, дүние жүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Осы жылдар ішінде өзінің жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт – дәстүрін, қызық та қилы – қилы тарихын жаңғырту, ұлы тұлғаларын бүкіл дүние жүзіне таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруа атқарылды.
Қазақ елі – бейбітсүйгіш, бірлігі жарасқан дархан ел. Сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Қазақстан халықтарының асамблеясы дүниеге келді. Әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Еуропалық қауіпсіздік ұйымына төрағалық етіп, еліміздің елордасы Астанада саммит ұйымдастырған қазақ елін бүкіл әлем жасампаз халық ретінде тағы бір мойындады. Күні кеше ғана қысқы спорттық ойындар арасында өткен Азияданың өте жоғары деңгейде өткеніне бүкіл Қазақстан халқы қуанып, ерекше бір мақтаныш сезімге бөленді. Осындай жетістіктер Қазақстанға, Отанға деген құрметтеу сезімін оятады. Бірлік болмай, тірлік болмас деген қағиданы ұстанған Қазақстан халықтары бірігіп еңбек етіп, мемлекеттің еңсесін, деңгейін көтерді. Елбасы мен Үкіметтің жүргізген сындарлы саясатының нәтежесінде Қазақстан экономикасы дамыған өркенениетті елдердің қатарына қосылды. Тәуелсіздік – бұл болашақ ұрпаққа қалдыру үшін көздің қарашығындай сақтайтын және нағайтатын, біздің басты игілігіміз. Еліміз өзінің дамуының 20 жылы ішінде қол жетгізгеннің барлығы Тәуелсіздіқтің арқасында келді. Бұл – өткендегі жетістіктеріміз туралы айтуға ғана емес, ертеңгі күнге сеніммен қарауымызға себеп, - деп Елбасы айтақандай 2011 жыл – бұл Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи мәре. Ол ресми түрде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жарияланды Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы деген ұранмен өтеді. Негізгі идея - әр айға белгілі бір тақырып арнай отырып, әр түрлі бағыттар бойынша үлкен жұмыс көлемін жоспарлау.
Бұл мерейтой жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары ашылатын, әлеуметтік, мәдени мақстаттағы нысандар пайдалануға берілетін жыл болуы тиіс. Сондықтан жақсы бастамаларды іске асырудың маныздылығын, барлық елді мекендердің бірін қалдырмай ретке келтірудің жақсы мүмкіндігі, - деп атап өтті Елбасы.
Отанымыз, Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп
– ақ! Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, жұмыла еңбек етуіміз қажет. Мен әрқашан қазақтың арманы мен мүддесі, елдігі мен еңбегінің баянды болатынына сенемін. Өйткені, біз – жасампаз халықпыз!
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы