Резеңке қолғап, алжапқыш

Скачать

Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша зерттеуге жинау

Мақсаты: Зәрдегі түрлік элементтердің құрамын анықтау (бүйректе патологиялық процесстің барлығы немесе жоқтығы анықталады).

Көрсеткіші: бүйрек аурулары.

Кері көрсеткіші: зәр шығару жолдарының жарақаты.

Керекті құралдар:

· Резеңке қолғап,алжапқыш.

· Құрғақ таза банка.

· Жолдама.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Клиникалық зертханаға жолдама жазу.

4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, резеңке қолғап, алжапқыш кию.

5. Зәрді жинау алдында пациенттің жыныс мүшелерін міндетті түрде жуу.

6. Зәрдің ортаңғы порциясын таза құрғақ ыдысқа жинау.

7. Зәр жинаған ыдыстың сыртына жолдаманы жапсыру.

8. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жіберу.

9. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Нәтижесін бағалау:

1. Пиелонефритте көбіне лейкоциттер мөлшері артады.

2. Гломерулонефритте эритроциттер мен цилиндрлердің мөлшері артады.

Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері:

Лейкоциттер-2,0х106 дейін

Эритроциттер-1,0х106 дейін

Ескерту:

Зәр жаңа жиналған болу керек.


Скачать


zharar.kz