Бұл өңір Шымкент қаласынан 35км қашықтықта орналасқан. Бұл мекеннің де өзіндік тарихы бар. Ленгір қаласында көптеген байлықтың түрі кездеседі.Табиғаты өте тамаша. Жылдың төрт мезгілі өз уақытымен өтеді. Бұл ауданда көптеген заңғар-заңғар таулар мен сарқырама өзендер бар. Атап айтсақ, Алатау, Біргөлік, Ақмешіт т.б. Мұнда табиғат өте кермет әрі сарқырап аққан суы жанға жайлы, денсаулыққа пайдалы. Осы тау бөктерінде белсенді, үздік оқушылардың өз іскерлігі мен біліктілігін дамыту мақсатында «Тау самалы» орталығы ашылған. Бұл орталық үздіксіз жұмыс атқарады. Сонымен қатар, бұл өңірде көптеген комбинаттар, цех, заводтар жұмыс жасайды. Мысалы, «Ақ -Маржан» ААҚ, бетон заводы, тас шығаратын завод т.б. Бұл қалада мәдениет ошақтары да орын тепкен. Орталықта мәдениет сарайы орналасқан. Сонымен бірге, музыка орталықтары, сәулет өнері орталықтары, оқушылар үйі, үйірме орталықтары да жұмыс атқарады. Ленгір қаласының әкімі О. Абдукаимов. Аудандық әкім Б. Көшербаевт. Бұл өңірде жалпы халық саны көп орналасқан. Басым бөлігі ұлы жүзбен кіші жүздер. Орта аздап кездеседі.
Ұлы жүзбен кіші жүздердер сөйленістері әр түрлі. Бұл қаланың атауына келер болсақ, оның да өз тарихы бар. Ленгір өңірі қара алытнға бай өңір. Мұнда шахталар қызмет атқарып көмір өндіріледі. Көмірді алғаш рет Ленгер деген кісі тауып, сол жерде шахта ашқан. Сол кісінің құрметіне бұл өңір Ленгер болып аталған. Мұндағы халықтың айналысатын шаруашлығы мал қой, сиыр,жылқы , егін, бау – бақша.