Жеңіс күні туралы

Скачать

Бүгін Жеңіс күні. 1945 жылы сағат таңғы 6-да диктор Левитан гитлерлік Германиямен соғыста КСРО-ның жеңіске жеткенін хабарлады. 1967 жылы Мұхаммед Әли Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы арасында ауыр салмақты әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. 1993 жылы Иерусалимдегі Әулие Троица шіркеуінде Алла Пугачева мен Филлип Киркоров некелесті.
Бүгін Жеңіс күні. 1945 жылы сағат таңғы 6-да диктор Левитан гитлерлік Германиямен соғыста КСРО-ның жеңіске жеткенін хабарлады. Статистикалық мәліметтер бойынша, сұрау жүргізгендердің 84 пайызы өз отбасыларында Ұлы Отан соғысына қатысқандар болғанын айтады, ал 64 пайызы қаза болғандардың, 30 пайызы із-түзсіз жоғалып кеткендердің болғанын айтады. Ал сұрау берілген кейінгі ұрпақтың өткен соғыс жайында аз білетіні анық. Соның өзінде 18-24 жас аралығындағылар отбасында қаза болғандардың барын айтады. Сұрау берілген халықтың 86 пайызы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Отан үшін зор мақтаныш деп санайды. Бұл тарих ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгі есте сақталады. Осы орайда соғыс жайында көптеген әдебиеттер жазылуда.
Соғыс жайында жазған авторлардың бірі Болат Окуджава. Ол үшін 9 мамыр Жеңіс күні әрі өзінің туған күні. Ол өз еркімен 1942 жылы соғысқа аттанды. Окуджаваның есімі ХХ ғасырда Ресейге танылды. Ол ән шығарып, оны тек достарының арасында ғана шырқайтын. Қысқа ғана уақытта ол әндері арқылы бүкіл елге танылды.
1926 жылы американдық ұшқыштар Флойд Беннет пен Ричард Бард тарихта алғаш рет Солтүстік полюстің үстімен ұшып өтті. Олар АҚШ Конгрессі Марапат медалін иеленді.
1967 жылы Мұхаммед Әли Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы арасында ауыр салмақты әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. Өйткені ол АҚШ армиясына қызмет етуден бас тартқан болатын.
1993 жылы Иерусалимдегі Әулие Троица шіркеуінде Алла Пугачева мен Филлип Киркоров некелесті. 1914 жылы қару конструкторы, Социалистік Еңбек Ері Николай Макаров дүниеге келді. 1951 жылы ол 9 миллиметр калибрлі 8 патроннан тұратын Макаров пистолетін ойлап тапты. Кейінірек Н. Афанасьевпен бірге авиациялық зеңбіректі ойлап тапты. Николай Макаров КСРО Мемлекеттік сыйлығына екі рет ұсынылды.
Отан жауынгерлерін еске ала отырып, арамызда жүрген ақ басты аталарымыз бен апаларымызға, ағаларымыз бен әпкелерімізге және қазір бізбен қатар жүріп, еңбегімен, өздерінің жастарға деген патриоттық тәрбиесімен үлесін қосып келе жатқан азаматтарға шын жүрегімізден жақсылық тілейміз! – деп бастады. – Еліміздің тәуелсіздігі тұлғаланып, тұғырлана түскен сайын ардагерлерге деген халқымыздың құрметі өсе бермек. Баршаларыңыз, арамызда жүрген ағалар, аман-есен, сау болыңыздар. Еліміз, жұртымыз тыныш болсын. Соның арқасында сіздер көтеріп, желбіреткен намыс, қайрат туы болашақ ұрпақтың қолында нық ұсталатын болсын деп айтқым келеді. Ардагерлеріміздің көпшілігі бүгін Алматыда. Ағаларымыз, өкінішке қарай, жыл сайын азайып бара жатыр. Сондықтан, мен әдейі келіп Сіздерді құттықтап тұрмын! –дей келе Нұрсұлтан Әбішұлы одан әрі барша отандастарымызға арнаған сөзін былай жалғастырды:
– Біз бүгін Жеңіс жолында қаза тапқан миллиондаған адамдарға, оның ішінде бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған қазақстандықтарға басымызды иеміз. Біз арамызда жүрген ардагерлерге қазіргі тіршілігіміз және ертеңгі болашағымыз үшін қарыздармыз. Біз Жеңіс туын желбіреткен ұрпақтың балалары болғанымыз үшін бақыттымыз. Және оны барлық кезде есте сақтауға тиістіміз.
Бұдан кейін Елбасы тәуелсіздігіміздің нығайып, экономикамыздың дамып, отандастарымыздың өмірі жақсарып келе жатқанын және ардагерлерімізді барлық кезде де ұмытпайтынымызды атап өтті. Президент алдағы уақытта да барлық ауылдар мен қалаларда, аудандарда оларға деген қамқорлықтың арта беретінін сөз ете келіп, Отан қорғауда өз өмірлері мен күш-жігерлерін аямаған аға ұрпақтың еңбегі бүгін ақталғанын айтып: – Миллиондардың қазасымен, сан мыңдардың көз жасы, азабымен келген Жеңістің арқасында бүгін қазақстандықтар бейбіт өмір сүріп, ұрпақ өсіріп отыр, – деді.
Елбасы ардагерлерді құттықтай келе былтыр Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Ресей астанасында ондаған мемлекеттердің басшылары жиналғанын, сонда 1941 жылғы Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық 316-шы атқыштар дивизиясына деген құрметті еске алды.
– Волоколамск қаласындағы генерал Иван Васильевич Панфиловқа, халқымыздың қаһарман ұлы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына қойылған ескерткіштерді Ресейдің туысқан халықтарға, қаза тапқан батыр-панфиловшыларға құрметі деп білеміз. Құрметті ардагерлер, Сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Біз қаза болғандарға басымызды иіп тағзым етеміз, – деп сөзін аяқтаған Нұрсұлтан Әбішұлы мұнан кейін саябақта иін тіресіп тұрған ғажайып ұрпақ өкілдерімен бірге осындағы Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастырған театрландырылған көріністерді, Ұлы Жеңістің құрметіне орай қойылған концертті тамашалады. Елбасы көпке дейін саябақты аралап, кешегі майдан даласына ұқсас етіп жасалынған жорық шатырларында отырған аға ұрпақ өкілдерінің қолын алып, жағдайларын сұрастырып, ескерткіш үшін суретке түсті.
Бұл күні панфиловшылар саябағы мүлде өзгеше күй кешті. Соғыстағы майдан даласын еске салатын әскери техникалар мен мәшинелер, әр жерде буы бұрқырап пісіп жатқан солдат ботқасы, сахнаның өзі әскери қорғаныстағы жасыл торлармен көмкеріліп, жұртты айқастың алдыңғы шебінде жүргендей әсер қалдырды. Мұнда жаңа ғана қанды шайқасты бастан кешкен солдаттарды, жаралы жауынгерлерді, палаткалардан каска киіп, қаруын асынған кешегі ұрпақты көруге болатын еді. Бір мезетте соғыс солдаттарының жігерін жанып, рухын ояту үшін Қазақстаннан концерт бригадасы келіп, күн сәулелі Алматының қып-қызыл апорт алмаларын таратып, ән-күйді бастады.
Сахнада дәл кешегі майдан даласында жүргендей әсер қалдырған театрландырылған көрініс арқылы алыстағы жылдардың әуендері естілді. Бұл ғажайып концерттік қойылымға қаладағы барлық театрлардың әртістері, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы гарнизонының жауынгерлері қатысты. Соғыс жылдарының кейпін кезегімен алып келген музыкалық бағдарламаларда қазақ эстрадасының жұлдыздары – Ермек Серкебаев, Роза Рымбаева, Лаки Кесоглу, Сара Тыныштығұлова секілді көрнекті әншілердің орындауында “Севастополь вальсі”, “Катюша”, “Үш танкші”, “Күт мені!” секілді майдан даласы тудырған тамаша туындылар орындалды.
Бұл күні жүректі жылытып, көңілді толқытып, қарияларымыздың көзіне жас үйірген сәттер аз болған жоқ. Аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлының таспада жазылып қалған дауысы, үлкен экраннан шайқас даласынан көріністер беріліп жатқанда, бағдарламаны жүргізушінің Жамбыл ақынның “Ленинградтық өренім!..” атты асқақ жыры бәрі-бәрін көз алдыға әкелді, өткенді еске салып, кешегі жауынгерлерді айырықша тебірентті.
Сахнадағы экранда бауыр еті баласын соғысқа аттандырып, жаулығымен жасын сүртіп қалған ана, қапыда қаза болып жатқан солдаттар, қираған қала, қанға бөгіп жатқан дала, туған жерге хат жазып отырған жауынгер... Суреттер мен көріністер сәт сайын осылай ауысып жатты.
Театрландырылған көріністер “Берлинді алумен” аяқталды. “Жеңіс күні” әні айтылып жатқанда Рақымжан Қошқарбаев рөліндегі әртіс Рейхстаг төбесіне қызыл туды желбіретті. Осы сәтте жүздеген ақ көгершіндер мен аппақ шарлар Жеңістің қуанышын аспанға алып ұшты.
Қорытынды Бұл күннің әсерін сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. 28-панфиловшылар паркінде соншама мыңдаған гүлдердің әкелініп, иісі бұрқыраған қалампырлар мен раушан дестелерінің Мәңгілік алау түбінде дәл осылай үйіліп қалғаны бұрын-соңды көп кездеспеген жәйт. Айтпақшы, 61 жылдан кейін Алматыдағы осы мерекеде кездескен екі майдандас дос – майор Құрмантай Бақбергенов пен капитан Яков Яшкинді сөз етпей кету мүмкін емес. Тілші қауымымен сөзбен айтып жеткізуге болмайтын қуанышын бөліскен достар 3-ші Украин майданының әуе-десант әскерінде бірге шайқасып, сонау Будапешт, Вена, Праганы азат етуге дейін қатысқанын айтты.
– Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі деген рас екен ғой, – деп құшақтасып барып, көз жастарын сүрткен ақ самайлы қариялардың мұндай сирек қуанышын көрудің өзі бізге бір бақыт.
Бір ғана Жеңіс деген ұлы мақсаттың жебесіне өз өмірлерін байлап берген аға ұрпақ өкілдері міне, осындай!
Айтқандай, мереке қарсаңында Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 26 ардагерге жап-жаңа пәтерлердің кілтін тапсырған болатын. Бүгінде қалалық әкімдіктің тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылып жатқан істерінің ішінде соғыс және еңбек ардагерлерінің мәселелері бірінші кезекке қойылғанын айта кетуге болады. Қазір Алматыда 260 мыңнан астам адам зейнетақы мен көмек алатын болса, оның 4238-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері. Үстіміздегі жылы аталарымыз бен әжелерімізге “Ардагер” пансионатында, “Ақ қайың”, “Қапал-Арасан” санаторийлерінде емделіп, демалуларына 35,5 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Жыл басынан бері жоғарыда аталған сауықтыру орындарында 200-ден астам ардагер демалып қайтыпты.
Сонымен, оңтүстік астананың Медеу ауданынан бастау алған мереке кеш батқанға дейін жалғасты. Қаланың алты бірдей ауданында ардагерлер хорының концерттік бағдарламасы жүріп, Жеңіс күні от шашулармен аяқталды.
Бұл күннің қадірін біз енді қайтып оралмайтын миллиондардың қанымен қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа салмағы мен салтанатын арттырып жеткізе беретін боламыз. Елбасымыз айтқандай, енді тек ел тыныш болып, тәуелсіздік одан әрі тұғырлана бергей!


Скачать


zharar.kz