Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі.
Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да соны айтады.
-Қидым,-дейді кедей.
-Неге?-деп сұрайды хан.
-Менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей.
Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты досым депті.