Салт-дәстүрімізді қорғайық!
Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:
Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде.
- дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек. Елдермен тенесеміз деп жүріп, басқа елдің салтың жұқтырып жатқанымызды сезбейміз-ау сірә, бұған қатысты шаралар қолданылып жатпаған соң. Өзге елдің салтың деймін -ау, олардың көздерін бітеп, саналарын улаған ауру десем дөп басып айтқан болар. Шәкәрім атамның өлеңін жалғастырсам:
Сол есті елде киім бар мода деген, Керегіне лайықтап киінбеген.
Жас балаша қызығып сәкәкүлге, Масқара боп жүргенін бір білмеген.
- деген өлең жолдары. Осы Еуропа елдерінің сонау мемлекет боп құрылғаннан бері өздері жасап алған ба, яки жұқтырып алған ба білмедім, әйтеуір бір аурулары-мода. Оны ауру емес, тәтті дәрілердей көретіндері қаншама! Осы ауруды алып, мемлекет болған Еуропа, қанша маңайындағы халықтарға жұқтырып келеді. Маған тақырып болған себебінде жобалап отырған боларсыз қымбатты оқырман! Ел санасын улайтын болғандықтан. Сөзбен айту оңай-ақ, бірақ шын мәнінде ол ел тамырына балта шабар нәрсе. Ол салт-дәстүрімізді жоғалтуымызға себеп болар бірден-бір у. Олай болса, у ішіп
жүргендерін білмей жүрген жандар қаншама! Бәлкім, ұлттық дәстүр, салттың ар жақтағы Еуропаның модасымен не қатысы бар деп отырған боларсыз-ау.
Қазақ әдептен ешқашан аттаған емес. Себебі, олар білді, тек әдепті елде бірлік атты қасиетті ұғым сақталатынын. Бірлік сақталса, сізге де белгілі тәуелсіздік тұғырлы, мемлекет ғұмырлы болмағын. Сол әдеп демекші...Қазақ әдеп ұл, әдепті қыз тәрбиелеуді мақсат, борыш тұтқан. Өйткені, олар білді, балалар болашағы екенін. Бала әдепті болса сізде тағы біліп отырсыз болашақтағы қоғам әдепті боларын. Айтпағым, біздің салт-дәстүріміз әдепке жетелейтін тәрбиелік мәні зор қазынамыз. Ал қазіргі таңда әдепке жат қылықтар жасап жатырмыз. Әсіресе, жастар. Салт-дәстүр ескі наным-сенім дейді. Салтымыздағы ұлттық киімімізді ұмытып барамыз, ұмытып десем асыра айтқан болармын кей-кездері еске алып қоямыз, бірақ жасалып жатқан жұмыстар жоқтың қасы . Қазіргі жастардың ниеті де жоқ, айта қалсаң заман сондай, қоғам сондай, дейді. Сонда қалай болғаны, біздің заманымыз, өмір сүріп жатқан қоғамымыз әдепсіздікті талап ете ме? Заманымызда әдеп болмаса болашағымызда әдеп бола қоя ма, егер өзіміз қолға алмасақ? Біздің киімімізді еске түсірейікші, қыздардың киімін: әсем, жылтылдап жанарың жасырған көрікті бұйымдар, әсем әшекейлер бәріде сәукелеге жабысқан. Ұзын етегі желтілдеген қамажай көйлек, жанға жайлы сырт көзге көзтартар әдемі еді. Осы қамажайды ки демеймін. Бірақ, кеңірдекті сорайтпай, кеудені ашпай, ойланбай босқа тентек болғанша ең болмаса, жабық киінейікші.
Сондықтан, жас қыздарға айтарым:
Біз-қыздармыз, осы өмірдің гүліміз, Ата-ананың әлпештеген күніміз. Екі жанның үмітін ақтау үшін, Сыр айтайын маған құлақ түріңіз. Ата-ана бақытымыз, барымыз, Санаға біткен абыройымыз, арымыз. Осыларды шашпау үшін өмірде, Жабық болып киінейікші бәріміз.