Жұмыспен қамту

Скачать

Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы — экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады.
Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.
Ал шын мәнісінде, жұмыспен қамту саласындағы қатынастар әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың барлық кешенінің нарықтық қысымының ықпалымен дамыды. Онын үстіне макроэкономикалық ілгерілеушіліктер жұмыспен қамтуға әр кезде қолайлы ықпал ете қойған жоқ.
Еңбекке деген сұраныстың азаюы нарықтық экономиканың жаңа салаларында тиісті жұмыс орындарының ашылуына ұласпады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі төмен өндірістік емес салаларда жұмыспен қамтудың артқанын атап өту қажет. Ал ғылымды және ғылыми еңбекті қажет ететін салаларда жұмыспен қамтылғандардын үлесі төмендегені байқатады.
Жұмыспен қамту саласында қолданылатын саясатқа жасалған талдаудан 2000 жылдан бастап жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде іске асырылуда.
Осы Бағдарлама жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды, оларды кәсіптік дайындауды және қайта дайындауды, кәсіптік машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа қатыстыруды, жұмыс орындарын, оның ішінде салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар бойынша индикативтік көрсеткіштерді қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі бір дәрежеде жұмыссыздықтың деңгейіне, жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға ықпал етті. Шын мәнінде жұмыспен қамту саясатының ауқымы еңбек рыногындағы саясаттан анағұрлым кең, ал еңбек рыногындағы саясат болса жоғарыда аталған бағдарламадағы сапалық көрсеткіштерден ауқымды.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек рыногындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр.
Адамдар жұмыс болса ғана жұмыспен қамтылатыны белгілі, ал еңбек жағдайының сапасына, еңбек пен еңбек қатынастарын қорғауға тұрақты бақылау жасаудың және әріптестердің бірлескен мониторингінің арқасында қол жеткізіледі.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі, егер жұмыссыздықпен және кедейшілікпен күреске бөленген барық қаржылардың кемінде жартысы жұмсалса, жұмыспен қамту саясаты тиімді болатынын негіздеп отыр. Бірақ бұл шаралар пакетінің ішінен жәрдемақыларды төлеудің басым болып отырғанын атап көрсету қажет. Қаржыландырудың осындай моделі тиімді жұмыспен қамту саясатынан гөрі жұмыссыздық пен кедейшілікті арттыруды білдіреді. Бұл жағдай заңдардың кемшілігіне байланысты орын алатыны белгілі.
Бүгінгі таңда, экономикалық өрлеу кезеңінде, мемлекеттің жұмыспен қамтудағы және еңбек рыногын реттеудегі рөлі туралы мәселе принципті тұрғыдан жаңаша шешілуге тиіс.
Бұл салада Үкіметтің өзі басты реттеушінің рөлін атқаруға тиіс, жұмыспен қамту саясатының әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да аса маңызды бағыттарымен өзара байланысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретінің шеңберінде емес, тек макроэкономикалық реттеу шеңберінде жүзеге асырылады. Тиімді бақылау мен жұмыспен қамту саясатын іске асыруды бақылауды Мемлекеттік органның еншісіне қалдырған жөн. Ағымдарды ескере отырып, министрліктің құрылымында соңғы бес жыл ішінде жұмыспен қамту саласында атқарылған жаңа міндеттерді жеке құрылымда шешуді ойластыру қажет.
Енді осы қаржыларды уақыт талабына жауап беретін жұмыспен қамту бағдарламасын шынайы іске асыру үшін барынша тиімді жұмсайтын кез келді.
XXI ғасырдың басында экономиканың өзіндік ерекшелігі бар саласы — ақпарат бизнесінің қалыптасқаны белгілі. Оның мазмұны ақпаратты қайта өңдеуді білдіреді. Ақпарат саласындағы жұмыспен қамтуды құрылымдау көптеген бағыттар бойынша өріс алуда. Ақпараттық технологияның дамуы өндірістегі, саудадағы, коммуналдық сектордағы құрылымның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Осымен қатар жұмыспен қамтылған жаңа бір категория пайда болды. Олар экономиканың ақпараттық емес саласына жұмысқа орналасуда.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс сұрап келгендердің арасында біліктілігі жоқ адамдардың саны басым, олардың көпшілігі ауылдық жерден келген 23 жасқа дейінгі, негізінен орта білімді әйелдер. Осы адамдардың электронды рыноктан жұмыс табуы үшін бүгінгі таңда жұмыссыздарды қайта оқыту үшін жұмсалып жүрген қаржылармен қамтамасыз етілсе.
Сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің еңбек рыногын реттеу және жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету саласында қолданылуының маңызы арта түседі.
Ал бүгінгі таңдағы біздің қолымыздағы бардың өзі — уақыт талабына жауап бермейді әрі лайықты қаржыландыруды қажет етеді.
Жұмыс іздеушілердің ендігі бір санаты 40-тан 50 жасқа дейінгі адамдар. Осы адамдардың үлесі жұмыспен қамту органдарына келгендердің жалпы санының 40 пайызын құрайды.
Біздің Республикамыздың көптеген дамыған мемлекеттерден бір өзгешелік бізде өндіріске енгізетін жаңа технологиялар, сондай-ақ, олардың өндіріске енгізілуін жүзеге асыратын жоғары білікті ғылыми-техникалық кадрлар жоқ. Бұл кадрлар керексіз болып қалған 40 пен 50 жастың арасындағы жоғарыдағы адамдардың арасында қалды.
Осы адамдарды өндіріске қайта тарту үшін осы ұрпақтың интеллектуалдық күш-жігерін пайдалана отырып, мемлекеттің ақшалай қаржыларын шоғырландыру қажет.
Осы бағдарлама мына екі бағытта:
— озық идеяларды, жаңалықтар мен талдауларлы конкурс бойынша іріктеп, оларды «Сорос» қорының принципі бойынша сату үшін әлемдік рыногына шығаруды;
— керек деп танылған, мемлекетке де, авторға да қыруар табыс әкелетін жекелеген талдауларды, әсіресе, ақпараттық технологияларды отандық рынокқа енгізуді қолға алу қажет.
Алайда, жұмыспен қамтудың тиімділігіне қол жеткізу жолындағы осы ұмтылыс еңбек саласында жинақталып қалған проблемаларды жеңуді, жұмыс күшінің кең ауқымда орын ауыстыруын және оларды тиімді пайдалану үшін мол қаражат құюды талап етеді.


Скачать


zharar.kz