КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Скачать

Қарыз алушылармен банктердің несиелік келісім негізінде қалыптасқан несиелік қатынастары қазіргі Қазақстандық экономика жағдайына тән бірқатар проблемалар тудырып отыр. Осындай проблемалар банктің өздерінің несиелік саясат сияқты елеулі түзетулер керектігін, сонымен қатар олардың қызметіне Қ.Р. Ұлттық банкі тарапынан реттеу жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Нарықтық экономикаға өту жағдайында және барлық банктердің жекеленуіне байланысты банктік сектордың мақсаты- пайда табу болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазакстандық банк нарығындағы жағдай мынаны көрсетеді: орналастырылған құралдардан негізғі пайданы тек несиелеу барысында ғана алу мүмкін.
Банктердің клиенттерге көрсеткен есеп кассалық қызметі үшін алатын комиссиондық төлемдері маңызды табыс көзі болып табылмайды, өйткені банктер клиенттерді тарту барысында бір-бірімен бәсекелесе отырып клиенттерге көптеген қызметтерді тегін көрсетеді. Сондықтан, дәл экономиканың нақты секторын несиелеу бүгінғі күні банктер үшін пайда табудың бірден-бір бағыты болып табылады. Бірақ экономиканың нақты секторын несиелеуде банк оның кызметінің нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайтын бірқатар проблемалармен соқтығысады. Біріншіден, коммерциялық банктер кәсінорындарға инвестициялық мақсаттарға-жаңа құрылысқа, өндірісін кеңейтуге, жабдықтарын ауыстыруға несие бермейді. Себебі бұл процесс ұзақ мерзімге созылатындықтан тәуекел деңгейі де жоғары болады.
Банктср жақсы табыстылықты ұстап тұруы үшін, оларға базалық ставка болып табылатын қайта қаржыламдыру ставкасын ұлғайтуға бағыттайды, сонымсн қатар тәуекелге деген премияны да ескереді. Тәуекел деңгейі ұзақ мерзімді несиені беру кезінде (әсіресе отандық
нарыққа тән теңге курсының өзгерісін және ннфляция темпін болжамаған жағдайда) жоғарылайды.
Осыдан банктер экономнканың нақты секторының мүмкіндіктерімен келіспейтін қысқа мерзімді несиелерге қарағанда ұзақ мерзімді несие бойышна жоғары сынақылық ставка бекітеді.
Әбден анық, қазіргі уақытта несиелік қатынас дағдарыстық жағдайда тұр, осы жағдайда не кәсіпорын, не коммерциялық банктер бұл жағдайдан өз бетінше шыға алмайды.
Бұл қиындықтан мемлекеттің араласуынан ғана шығуға болады, яғни Қазақстан Республикасы Орталық банкі арқылы коммерциялық банктер мен шаруашылық субъектілерінің жаңа сапалы деңгейде несиелік қатьшастардың механизмін жетілдіру үшін экономиканың қаржылық сферасын қажетті басқарушылық қадағалау жасау.
Белгілі жағдай, шет мемлекеттерде ұзақ мерзімді несиелер қысқа мерзімдіге қарағанда қымбатырақ, өйткені қысқа мерзiмдi ақшаға қарағанда, ұзақ мерзiмдi ақшалар тәуекелге барады. Екіншiден, несие нарығында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында банктер несие бойынша сыйақылық ставканы бекіткеннен гөрі, кабылдайды. Нәтижесінде коммерциялық банктердің сыйақылық ставкасы қарыз алушы несиені кайтаруы және басқа кредиторға көңіл бөлмеуі үшін жеткілікті деңгейде төлем болып табылады.
Өз кезегінде банктер клиенттерді және ресурстарды тарту мақсатында депозит бойынша жиi жоғары процент төлейді. Нәтижесінде банк үшін проценттік маржа шамалы ғана.
Несие нарығындағы ставка 2003 жылы төмендегенімен, 2004 жылы айтарлықтай тұрақтанды. Жасыратыны жоқ, көптеген қазақстандық кәсіпорындар төлем қабілеттілігі жеткіліксіз немесе төлем қабілеттілігі нашар болып табылады.
Кәсіпорынды несиелеу, оларға несие көмегімен өндіріс процссін қолдау үшін жабдықтаушылармен есеп айырысуға, жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуіне көмектескен болар еді. Бұндай несиелердiң
қайтарылуы ерте бастан банкпен кепілхат немесе үшінші тұлғаның векселі арқылы қаралады, сондықтан мұндай несиелер банктер үшін басқа несиелерге қарағанда онша тәуекел болып табылмайды.
Үшіншіден, несиені бере отырып, банктер несие тәуекеліне
байланысты ссуда бойынша мүмкін жоғалтуларға резервтер құруға
міндетті және банктерге ссуда бонынша шығынға жазумен байланысты
пайда көлемінің өзгермеуінен көмектеседі. !
Қор жинау нормативі берілген ссудалардыц тәуекел деңгейінс байланысты болады. Сонымен, ссуданы басқа топ тәуекеліне жатқызудың негізгі критериінің бірі оның қамтамасыздығы табылады. Банктік кепілдемелер мен үшінші жақтың кепіл-хаты несие бойынша қамтамасыз етуге жатпайды, осыған қарамастан көп жағдайда қамтамасыздықтың дәл осы түрлері банк үшін кепілмен салыстырғанда біршама сенімді және өтімділігі жоғары болып табылады. Осыдан мынадай пікір пайда болады: банк кепілмен немесе төлем қабілеттілік міндеттемемен қамтамасыз етілген ссудалар азырақ сенімді кепілмен қамтамасыз етілгендерге қарағанда көбірек қор жинауды талап етеді.
Несиені беру туралы мәселе ықпалын тигізетін тұлғаларға яғни (банк советінің мүшелері, несие комитеті мүшелері) несиелер берілген күннен бастап жоғарлатылған резервтендіруге жатқызылады, шындығында олар мейлінше тәуекелді ссудалар болып табылады, дәл банк және несие комитеті мүшелері басқаларға карағанда банктің дамуына және ссуданың өз мерзімінде қайтарылуына көбірек көңіл аударады. Несиелік тәуекел деңгейінің жоғарылауына ссуда мерзімінің ұзару көлемі әсер етеді. Осыған байланысты несие мерзімінің ұзаруы оның қайтарылмауының жабық формасы болып табылмайды, өйткені, банктің өзі және клиент үшін болашақта табысты тиімді табу мақсатында несиені пролонгациялауға өзі ынталы болады.
Тәуекелдің жоғарылауына бастапқы несиелік келісім жағдайының өзгерісі, яғни, алғашқымен салыстырғанда несие сомасының ұлғаюы, проценттік ставканың азаюы, егер ол қайта қаржыландыру ставкасының
төмендеуімен байланысты болмаса несиенің бастапқыдан көп мерзімге
ұзаруы әсер етеді. Бірақ, несие келісімінің параметрлерін несие сомасын және несие беру мерзімін банктің өзі анықтайды.
Осы фактілерді ескере отырып, қарыз алушы міндеттемесiн орындамаған жағдайда несиені өтеудің екінші көздеріне кепілді орындаудан түсім немесе кредитордың талаптарын кепілмен қанағаттандыру жатқызылады, яғни қамтамасыз етілген ссудалар бойынша толық көлемде резерв құрудың қажеті жоқ. Бесіншіден, көптеген қазақстандық орта және iрі кәсіпорындар каржылық жағдайы (төлем қабілеттелігі, табыстылығы, баланс өтімділігі, ақша ағымдарының жеткіліктілігі) нашар, несие кабілеттілігі жоқ болып табылады.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты коммерциялық банктердің иесиелеу көлемі осы банктің шоттарында және басқа да есептік шоттарында нақты қозғалыстағы ақша құралдары бар және несие кабілеттілігі жоғары тұрақты клиенттерін және акционерлерін несиелеумен тұйықталады.
Банктердің жаңадан құрылған, кіші және орта бизнес кәсінорындарын олардың бастапқы капиталын қалыптастыру мақсатында несиелендіруінен нәтиже болған жоқ.
Жоғарыда аталған проблемалармен бірге, экономиканың нақты секторын несиелеу бактердің пайдасының төмендеуіне, керек кезінде жоғалтуына алып келеді. Банктер бос ақша құралдары бола отырып оны нақты сскторға жұмылдырмайды, өйткені олардан банктің дамуы үшін ешқандай ақша құралдары түспейді.
Сонымен 2004 жылдың 1 ақпаньшда несиенің банк активінің жалпы сомасындағы үлес салмағы небәрі 34% құрады. Дамыған елдерде банктің активтер құрлымында несиелер 70%-ке жетті. Коммерциялық банкгердің қызмегіне кедергі келтіретін неғүрлым маңызды факторлар баяғысынша елдегі экономикалық тұрақсыз, салық және банк қызмсті бойынша нормативтік - құқықтық реттеу заңдарының
жетілмегендігі, сонымен қатар экономиканың нақты секторын несиелеудегі тәуекелдің жоғарғы деңгейі болып отыр.
Банктер нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеумен айналысу үшін, банктер мен кәсіпорындар маңызды өзгерістерге төтеп беруі қажет. Біріншіден, қаржылық есеп берумен бухгалтерлік есеп стандарттары банк жүйесінде ғана емес, экономиканың басқа секторында да халықаралық ережеге жақын болуы тиіс. Жүргізілген операциялардың айқындығы және шаруашылық қызмет нәтижелері екі жаққа бірдей болуы қажет.
Екіншіден, банктік несие бойынша қарызды талап ету ережесін өзгертуді талап етіледі. Банктер төлем айналымын қамтамасыз ету функциясын атқаратын ұйым сапасында қарастырылады. Сондықтан осы қызметке олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарт қойылады. Өкінішке орай, кепіл институты міндеттемелерді орындаудағы әрекеттегі механизм болған жоқ. Оны тезірек жетілдіру қажет.
Болуы мүмкін, ашық сауда өткізу әрқашанда талап етіле бермейді, сауданың өзі айтарлықтай ұзақ уакытқа созылады. Көбінесе банк кепіл мүлкін өз меншігiне аударуда қызығушылық білдіреді және бұған заңдық шектеулер болмауы тиіс.
Банктердің байқағаны, несиелеудің төмен көлемі бұл нәтиже олардың проблемасы емес, өндірістік сектордың проблемасы.
Банктер үшін тәуекел мәңгі тақырып болып табылады. Бүгінгі күнгі проблема тәуекел, яғни бірлесіп басқарумен байланысты немесе несиені қайтармау тәуекелі. Бұл жерде реттеудің тапсырмасы болып менеджментті дұрыс жүргізу жауапкершілігін артгыру табылады.
Іскерлік атағы, несие тарихы, сипаттамалары әрбір қазақстандық банктер үшін нақты мәнге ие болуы тиіс. Әрине бұл үшін заң шығарушы, атқарушы өкіметтерінің деңгейінде шешім қажет.
Нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, банктің несиелеу облысындағы қазіргі стратегиясы экономиканың нақты секторын несиелеуге (әсіресе инвестициялық
қажеттілікті қанағаттандыруға (мейлінше бағытталу мақсатында маңызды түзетуді қажет етеді.
Екіншіден, банктің несиелеу облысындағы стратегиясы қарыз алушының иновациялық мүмкіндіктеріне талдау жасауға, қаржыландыруға ұсынылған жобаға сапалы менеджмент жүргізуге (әсіресе жоғары технолопія сферасына) бағытталуы тиіс.
Үшіншіден, несиелік портфельдің салалық қүрылымын жақсарту, және экономиканың түрлі секторы мен түрлі саларынан перспективті клиенттерді іздеу мақсатында макроэкономикалық мәліметтеріне жүйелі талдау қажет.
Төртіншіден, банкаралық ассоциация базасында клиенттердің сапалылығы рейтингін бакылаудың аймақаралық банкаралық инфрақүрылымының құрылуы және дамуы қажет. Яғни несиелік тәуекелді оперативті мәлімет алмасу негізінде түрлі аспектілермен тиімді басқаруға, мәпiліметтік айқындық қалыпты қалыптастыру, әсіресе потенциалды қарыз алушылардың іскерлік атағы облысында.
Сонымен коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдіру мынадай жодармен жүзеге асырылады:
- несиені беру несие көлемін ұлғайту немесе азайту, несиені бермеу
шешімі, клиеиттің қаржылық жағдайын талдау, оның қызметі
туралы мәліметтер жинақталатын несиелік досье сапалы
жүргізілуі тиіс;
- берілген несиенің қайтарылуының кепілі ретінде берілген кепілдік
мүлікті (маманданған) несие инспекторымен жан-жақты
бағалауды талап етеді;
- несиелік келісім және клиентке несие беру несиелік операцияның
аяқталғандығы емес, әр уақытта несиелік тәускелді
жоғарылатпас үшін бақылап отыру қажет;
- әрбір клиент бойынша жауапты несие қызметкері
тағайындалуы қажет;
сапасын арттыру үшін
шетелдінесие қызметкерлерінiң жұмысын тиімді етуде арнайы
программалардың құрылуы қажет;
білімді мамандар даярлау
семинарлар жүргізу;
жүмыс орындарын автоматтандыру.
Несиелеудің жолдарын жетілдіру мақсатында банктер қарыз
алушының несие қабілеттілігін анықтаудың оңтайлы жолдарын карастыруы қажет;
Несиелеу механизмінің тиімділігін және сапасын арттыру үшiн шетелдiк несиелеу тәжірибесіне сүйенуі қажет.


Скачать


zharar.kz