Қазақ совет энциклопедиясында

Скачать

XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі – Мырзағұл Шыманұлы(1845-1906 жж), ол әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872-1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879-1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен Мақтау грамотасын алған. Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен, ел мүддесін көздеген. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай облыстарының болыстары мен билерінің құрылтайында шығып сөз сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. Қазақ совет энциклопедиясында: Мырзағұл Шыманұлы... 1903-жылы Біршоғыр, Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды...Патша өкіметінің отарлық саясатына ашықтан-ашық қарсы шықты [1] деп жазылған. Қарт ағайындарының естеліктерінде, Мырзағұл Шыманұлы - 7 жасынан зерек, шешен әділдікті көздеуші, ауылдың үлкендері арасында өткізілген жиналыстарды тындап, дау шешуге қатысып, билік айтқан деседі. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1995 жылы Мырзағұл бидің атына Ақтөбе облысы Шалқар қаласының басты көшелерінің бірі беріліп, темір жол вокзалы алдында оған салтанатты түрде ескерткіш қойылды. Сонымен қатар ас беріліп, Мырзағұл Шыманұлының туған топырағы болып табылатын, Шалқар ауданының 7 ауылына, Мырзағұл Шыманұлы ауылы атауы берілді. Мырзағұл Шыманұлының Әйтекеш, Қидаш есімді балаларының ұрпақтары Ақтөбе өңірінде тұрады. Әйтекеш есімді баласының Муапық атты баласы 1914-1995 жылдар аралығында өмір сүрді. Атасы Мырзағұл Шыманұлы атсалысқан Темір-жолда адал, озат еренбей еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Мырзағұлов Муапық Әйтекешұлының ұрпақтары: Абылайсан, Міржақып, Қабыл, Дабыл, Сабыр, Әмір. Немерелері: Нұржан, Нұрлан, Ерлан, Еркін, Абай, Ермек. Шөбересі: Әбілмансұр. Ұрпақтары ел алдында белді еңбек етіп жүрген жандар болып табылады. 


Скачать


zharar.kz