К. Маркстің ілімінің қазіргі нарықты экономиканың қалыптасу кезеңіне қажетті негізгі қағидаларына тоқталсақ алдымен товар- ақша қатынастарының заңдылықтарынамән беруіміз керек. Товар өндірісінің пайда болуы мен құн формаларынының дамуы, құн заңы. Капиталистік товар өндірісінің қалыптасуы, оның негізгі қайшылықтары, ақшаның пайда болуы мен мәні, оның атқаратын қызметтері, капиталдың қорлану, оның ауыспалы айналымы мен қайта айналымы, тұрақты және өзгермелі капитал, қосымша құн теориясы. Капиталдың орталықтануы мен шоғырлануы, орта пайда, өндіріс бағасы, жер рентасы, процент, сауда және қарыз капиталы, ұдайы ұлғалмалы өндіріс т.б. мәселелерді талдаған.
К.Маркс өзінің зертеуін буржуазиялық байлықтың қарапайым бір кішкене ғана құралы болып табылатын товарға қайтадан талдаудан бастайды. Товарды зерттеу капиталистік өндірістің неғұрлым жоғары және күрделі формаларына талдау жасаудың өте қажетті шарты болды. Товарлық форма-құн формасы алғаш қарағанда өте қарапайым болып көрінсе де, адамзат оны ашу үшін, екімыңжылдан астам уақыт бойы текке әуреленді. Осы аса қиын міндет тек Маркстің ғана қолынан келеді. Құн формасын товарлардың өзгеше бір товары болып табылатын ақшаға дейін қамтып тереңнен алып зерттеу Маркстің ғылымға сіңірген аса зор еңбектерінің бірі. Құн формасын зертеу капиталдызертеудегі табысқа жеткізеді.
Товар өндірісінің даму процесінде ақша капиталға айналады, жай товар шаруашылығы жалдамалы еңбекті канауға негізделген капиталистік шаруашылыққа ұласады.
Маркс капиталистік қанаудың құпия сырын ашып, қосымша құн жөніндегі нағыз ғылыми теорияны жасап берді, бұл теория Энгельстің сөзімен айтқанда, ашық аспаннан жай түскенен әсер етті.Ал класикалық буржуазиялық саяси экономия қосымша құнның шығу тегін және оның шын табиғатын түсіндіре алмаған еді.
Товардың өзі тұтыну құны (қандайда болсын бір қажетті өтеу қабілеті) мен құның қоғамдық –қажетті жұмыс уақытының өнімінен көрінетін бірлігі болатыны сияқты, товар өндіру прцесі де әрі еңбек процесін, әрі құн жасау прцесін бейнелеуге тиіс. Әңгіме капиталистік өндіріс жайында болып отырғандықтан құн жасау белгілі бір артық құн өндіруді көздейді,ал шынын айтқанда капиталист сол үшін ғана өндірісті ұйымдастырады.