AҚШ экономикасы дамыған ұлы держава

Скачать

AҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.
АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ темекі, орман және қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.
Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%), Франция және Нидерландия.
Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5%), Ұлыбритания және Тайвань.
Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 миллионға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі – 9,963 триллион доллар, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халық – 12,7%, - құрайды, еңбекке жармады халық саны -140,9 миллион адам жұмыссыздық деңгейі -4%. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы 2002 қаржы жылында 1,828 трмллмон доллар құраса, шығыс бөлігінде – 1,703 триллион доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт – 776 миллиард доллар, импорт – 1223 миллиард доллар.
Салық жылы, немесе қаржы жылы 1 қазаннан басталады.
АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізгі Ата заңға (Конституцияға) сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.
Негізгі заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар Конгрестік екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералдық бюджет типі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін негізгі түсімдер көзі болып кеден баждар мен акциздер саналады. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі таңда аталмыш салық федералдық бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие.
Жалпы АҚШ-тың бюджет процесі тарихы үш негізгі кезеңнен өткен:
1) 1921 жылға дейін;
2) 1921 жылдан 1976 жылға дейін;
3) және 1976 жылдан бері.
1921 жылға дейін АҚШ-тың барлық атқарушы билік органдары өздерінің жеке бюджеттік сұрауларын тікелей конгреске жолдап отыратын. Осы уақатқа дейін АҚШ-та бірыңғай федералды бюджет болмаған. Тек 1921 жылы алғаш рет қабылданған «есеп беру және бюджет туралы» американдық жиынтық заңға сәйкес бюджет реформасының бағыты анықталып, конгресс бюджеті алғаш рет президент қарауына ұсынды.


Скачать


zharar.kz