Тюдорлардың абсолютті монархиясы

Скачать

03.03.2014, 19:22
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты кафедрасы

Инкарбекова Диана

Ағылшын абсолютизмі

(курстық жұмыс)

ғылыми жетекші: с.ғ.к.,доц. Макашева К.Н.

Алматы 2005

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

I. Ағылшын абсолютизмінің орнауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі ... ... ... ...11-16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі ... ... ... ... ... ... ... ...17-24
1.1. Стюарттар абсолютизмінің кризисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-20
1.2. Абсолютті монархияның құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-28
Деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды – Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп қарастырдым:
- Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
- Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу
- Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау
- Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету
- Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау
Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.
1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық принциптер басшылыққа алынды.
- абсолютті монархияның орнауының алғышарттары, себептері, салдары болатындығы және оның тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип
- қандай да болмасын монархтың экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының халықаралық факторларға тікелей тәуелділігі
Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның тарихында алған мән маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік тәсілдерінің ішінде пайдалы болған контенті ретінде алдым.
Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: В.М. Лавровский, В.И.Ленин. Лавровский өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін көрсетіп, оның халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің дағдарысының өрістеуін баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің себебін атап, және оған қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы қарастырған 1.
Қосымша дерек ретінде, В.И. Лениннің кітабында патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі деген абсолютизмге берген түсініктемесінің маңыздылығы зор болды 2.
Жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерді Ұлыбританияда билік еткен әулиеттердің, яғни Тюдорлар мен Стюарттардың абсолютті монархиясына және олардың саясатының салыстырмалы түрде жазған авторлардың еңбегіне қатысты топтастырдым.
1) Абсолютизмнің орнауына өзінің үлесін қосқан Генрих VII, одан кейін дамытқан Генрих VIII және жалпы Тюдорлардың саясаты Ю.М. Сапрыкиннің, В.В. Штокмардың, Е.Б. Черняктың, Ф.Бэконның еңбектерінде қарастырылған. Ю.М. Сапрыкин өзінің кітабында Англияның Мария Тюдор кезіндегі контрреформациясы, Тюдорлардың 16ғ. анабаптизммен күресі туралы, жалпы Ұлыбританияның абсолютизм кезіндегі және ол дағдарысқа түскендегі жағдайды талдап, осыған байланысты туралы нақты фактілер жинағын берген 3. Ал, В.В. Штокмар өз еңбектерінде 16ғ. 2-ші жартысындағы ағылшын абсолютизмінің экономикалық саясатының өркендеуінің себептерін атап, Елизавета Тюдордың аграрлы шаралары жайлы мәліметтерді баяндаған 4.
2) Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясының қоғамның жағдайын анықтап, Англияның ішкі-сыртқы саясатына баға беріп, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсете алған авторларға С.Д. Сказкинді, Е.Б. Чернякты, А.Н. Савинді жатқызуға болады. Негізінен, С.Д. Сказкин өз еңбегінде Ұлыбританияның 17ғ. революция алдындағы жағдайын сипаттап, сондағы Яков I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуын анықтап, Карл I-ң Петиция о праве деген петициядан бас тартуы туралы нақты мәліметтер ұсынған 5. Ал, Е.Б. Черняк болса, өз кітабында ағылшын құпия қызметінің құпия дипломатиясы болғанын баяндап, Мария Стюарттың саяси тұлға ретінде оған сипаттама берген 6.
3) Ал, абсолютті монархия кезінде екі әулиеттің билеуін салыстырмалы түрде зерттеп, жалпы ерекшеліктерін саралаған Е.В. Кузнецовтың, А.Л. Мортонның, Тревельян Дж. Маколейдің еңбектерін жатқызуға болады. Мысалы, Е.В. Кузнецов өз еңбегінде Генрих VII-ші кезіндегі саяси режимге қарағанда Стюарттардың саясатын қатты сынға алып, оның халыққа келтірген зардабынының үлесін көп деп тапты 7. А.Л. Мортон Ұлыбританияның жалпы тарихын баяндап, ағылшын абсолютизмінің орнауының алғышарттарын, Тюдорлармен Стюарттар саясатының гүлденуі және дағдарысының өзара айырмашылықтарын анықтап, Карл I-ң жазаға тартылуы жайлы мәліметтеген 8. Тревельян Дж. Маколей болса, өз кітабында Ұлыбританияның Тюдорлар, Елизавета кезіндегі және Карл кезіндегі халық, мемлекет жағдайының айырмашылықтарын атап кеткен 9.
Ағылшын абсолютизмі екі тарау аумағында қарастырылады. Бірінші тарау ағылшын абсолютизмінің орнауын және барысын ашады. Екінші тарауда Стюарттар абсолютизмі және оның дағдарысы қарастырылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
1.1 Тюдорлардың абсолютті монархиясы

Абсолютизм - шексіз монархия, - бұл басқару формасында императордың, корольдің, патшаның қолында түгелімен жоғарғы билік болады, яғни ол заң шығаруға, шенеуніктерді тағайындауға құқылы және халықтың қатысуынсыз мемлекет ақшасын жарата алады. Абсолютизм сословиелік монархияны алмастырған феодалды мемлекеттің ең соңғы және жоғары дамыған стадиясы. Абсолютті монархия кезінде саяси орталықтану максималды болған.
Абсолютизмнің орнауы және дамуы әр мемлекетте әртүрлі болды. Бірақ барлық елде К.Маркс айтқандай ескі феодалдық сословиялар ыдырап, ал ортағасырлық қалалық сословиялар жаңа буржуазиялық топқа ауысқанда, яғни өтпелі кезеңде пайда бола бастады. Осы кезде феодалды эксплоатацияға қарсы шаруалар күресі өрістеп, антифеодалдық қозғалыс максималды күшіне жетіп феодализм ыдырай бастайды, ал дворяндар болса өздерінің үстемдігін жалғастыру үшін ашық диктатура жолына түседі.
Жалпы өзінің таптық мәні бойынша абсолютизм дворяндардың, помещик-жериеленушілердің диктатурасы болып табылады 10. Осы диктатураны жүзеге асыру үшін, үстем етуші тапқа бағынбайтын, олардан тәуелсіз болатын, бірақ оның түпкілікті мүдделерін өздеріне ұқсағандықтан қорғайтын мемлекеттік аппарат құру керек болды. Лениннің айтуынша патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі. В.И. Лениннің бұл сөздері барлық елдегі абсолютизмге қатысты айтылған. Абсолютизм антифеодалдық күштерді жою үшін екі жолды таңдаған. Біріншіден – ол жаппай халық қозғалыстарын аяусыз басып отырды. Оның негізгі қызметі халықты, шаруашылық-плебейлік оппозицияны жүгендеу болған. Ал Сталиннің айтуы бойынша экслоатацияланатын көпшілікті қатаң ұстау қажет деген сөздер негізінен құлиеленушілік мемлекетте, феодализм және капитализм кезінде негізгі мақсат болды 11. Екінші жағынан абсолютизм антифеодалдық лагерьден бөлу саясатын жүргізіп, сол кезде антифеодалдық революцияны басқара алатын жалғыз күшті, яғни буржуазияны өз жағына тартқан.
Сауданың және өнеркәсіптің дамуы, монархқа жаңа табыс көзі бола тұрып, оның сословиелік өкілдік органдардан тәуелсіз етіп, тек оған бағынған күшті басқарушылық-бюрократиялық аппаратты және тұрақты әскерді құруға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар абсолютизм кезінде салық көбее бастады. Монарх сословиелік өкілдік органдардан өз тәуелділігін жоя отырып, оларды шақыруды және олармен ақылдасуды тоқтатады. Енді биліктің тірегі бюрократия және тұрақты әскер болады. Абсолютизмге өткен кезде шіркеулердің дербестігі жойылып, олар тікелей монархқа бағына бастайды. Дворяндарға сүйене отырып, дамып келе жатқан буржуазияны эксплоатациялап, феодалдарға күшті соққы береді 12.
Абсолютизм көптеген батыс-европалық елдерде 15ғ. пайда болды. Ал Англияда 1485 ж. Тюдорлардың билігімен басталды.
16ғ. экспроприацияланған халықтың өрістеп келе жатқан наразылығы жоғарғы таптардың үрейін тудырғандықтан, дворяндар, дамып жатқан буржуазияшылдар халықты тоқтату үшін, король үкіметінің нығаюын қолдай бастады. Король билігінің күшеюі буржуазияшылдарға және дворяндарға өте тиімді бола тұрып, елдің орталықтануына, феодалды анархияның рецидивтерін жоюға және көпке созылған барон соғыстарын тоқтатуға керек болды 13.
Тек мықты король үкіметі ғана Англияның Европадағы жағдайын нықтап, теңіз жолдарын және басқа жердегі рыноктарды жаулап алып, сонымен қатар, ағылшын сыртқы саудасының мүдделерін қамтамасыз ете алды.
Күшті король билігінің тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ байқала бастады. Алайда абсолютті монархияның нағыз негізін қалаушысы, яғни Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған. Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден (21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ағылшын ренессансы Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын 14.
Генрих VII-ші (1485-1509) жаңа дворяндар, буржуазияның және көптеген орта феодалдық дворяндардың көмегімен таққа отырған соң кәдімгі абсолютистік саясатты жүргізе бастайды. Ал оның алдында болған король узурпатор болған.
Генрихке біріншіден тақта өзінің позициясын нықтау және король билігінің мәнің жоғары дәрежеге көтеру қажет болды. Роза соғыстары кезінде ірі феодалдық барондар әлсіресе де толығымен жойыла қойған жоқ. Осы бағынбайтын барондар бірнеше рет көтеріліс жасап король жағдайын қиындатқысы келген. Сонымен қатар бұндай көтерілістер Ирландияда және Корнуольде де болып отырды 15.
Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде 11 жасар Симнельді йоркистер Кларенс герцогінің қашып кеткен баласы және Йорк династиясының соңғы өкілі деген. Осыдан кейін барондар ереуілдері басталады: осы жалған баланы король деп тағайындап, олар Англияға әскер орнатпақшы болады. Алайда, ирландық және неміс отрядтары қанша күшті болғанымен 1487 ж. Генрих VII-шінің әскерімен толық жойылады. Тіпті өзінің күштілігіне сенген король Симнельді тұтқынға алып, оны жазаға тартпай ас ішетін бөлмеге көмекші ретінде қояды. Ал йоркистерді басыңқырау үшін өзінің әйелін Елизаветаны королева және Йорк династиясының мұрагері деп жариялайды.
1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард IV-ң баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға алып, дарға асады 16.
Буржуазияның, жаңа дворяндардың көмегімен басып тастаған көтерілістер Генрих VII-шінің оппозициясының күшеюіне әкелетін.
Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж. Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар, олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады. Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды 17.
Барондармен күрес жүргізе отырып, король ливрейі бар феодалдық ақсүйектерге тыйым салатын заң шығарады. Ал көптеген лордтарда осындай ливрейлік ақсүйектер өте көп болған. Себебі, господиннің бұйрығы бойынша олар барлығымен күресуге дайын болған. Уорикте - король дайындаушыда өзінің сарайында вассалдар және парламентпен ере жүретін 600 әскери отрядтары болатын. Ливрейлік ақсүйектер – феодалдық соғыстарға, өзара қырқыстарға дайын әскерлер деп саналатын. Сол себепті Генрих VII-ші ақсүйектерді ұстауға тыйым салып, ал бұған бағынбайтындарға үлкен Алым-салықтар салатын. Енді корольдің осы заңына байланысты ақсүйектер тарқатылып, барондардың саяси үстемдігі біртіндеп әлсірей бастайды.
Бұдан басқа Генрих VII-ші барондардан артиллерия ұстау құқығын алып тастап, енді артиллерияны тікелей тек өзіне бағындырады. Бірақ корольдің тұрақты әскері болмағандықтан ол тек лейб-гвардиясымен және біршама үлкен арнайы жалданған отрядпен жүретін 18.
Осы кезде Жұлдызды палата - яғни, саяси сатқындық және ереуіл жасағандарға жоғарғы корольдік сот құрылады. Бұл сотқа билль бойынша тіпті жоғарғы шенді адамдар да тартылатын. Сонымен қатар, король администрациясы күшейіп, солтүстік және Уэльс істері бойынша кеңес құрылады. Ал парламент өз жұмысын жалғастырса да, Генрих VII-ші өзінің қаржысын көбейткен сайын одан көмек сұрауды азайтады: соңғы 13 жыл бойы оның басқаруы кезінде парламент тек екі рет жиналады. Жалпы Генрих VII-шінің билігі кезінде қастандық жолмен болса да, саяси және экономикалық прогресс болды және ол өзінің мұрагеріне бай қазынаны және ретке келтірілген мемлекеттік биліктің аппаратын қалдырды.
Сыртқы саясатта ағылшын үкіметі соғыстардан бас тартып, Франция, Испания және Англия арасында күштердің теңдігін болуын қалады.
Генрих VIII-ші (1509-1547ж.) таққа отырғаннан кейін өз әкесінің жоспарын жалғастыра отырып, король болып сайланған соң Фердинанд пен Изабелла Испанскийлердің қызына үйленіп Испаниямен одақ құрады да Франциямен әскери күрес жүргізе бастайды. Екі жылдан кейін ол Испания, Венеция және рим престолымен одақ құрғаннан кейін, Әулие лигасына бірігеді 19.
Бұл жағдай 1525 ж. Павиидегі күрестегі испан королінің жеңісінен кейін өзгеріп, оны континенттің үстем етуші жағдайына әкеледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан, Генрих VIII-ші Франциямен одақ құруды жөн көреді 20.
1530 жылға дейін ағылшын үкіметінің ішкі саясатын кардинал Уолси (1515 -1530ж.) басқарып келді. Оның жүргізген саясатының негізгі мақсаты - біршама реорганизациялаудың арқасында корольдің абсолютті билігін нығайту. Ал маңызды рольді король өзі шенеуніктер мен феодалды ақсүйектер арасынан сайлаған король кеңесі атқарады. Бұл кеңестің құрамы тұрақты болатын. Кеңес бірнеше комитеттен құрылатын, және осы комитеттер мемлекетті басқаруды жүзеге асыратын. Генрих VIII-ші кезінде парламент корольге көмектесе отырып, біршама көп жиналатын.
Кардинал Уолсидің салықты көбейту идеясы қауым палатасының наразылығын тудырып, ал оның міндетті алым-салық төлеткіздіру әрекеті жағдайды одан сайын нашарлатады. Халық арасында да осындай әрекетке қарсы қозғалыстар туындайды. Осының барлығы 1523-1524 ж. Кардинал Уолсидің позициясын әлсіретеді. Біраз уақыттан кейін, кардинал Уолсиді қолдап отырған жаңа дворяндар мен буржуазия арасында оған қатысты сенімсіздік туа бастайды 21. Ол Тюдорлар билігін нығайту үшін және осыған байланысты туған әлеуметтік қарама-қайшылықты басу мақсатымен, қоршау саясатына қарсы шаралар қабылдап, шаруаларды қинап жатқан жаңа дворяндар мен капиталистік фермерлердің құқықтарын біраз шектейді. Тек осы жағдайдан кейін халық арасындағы наразылық біршама тоқтайды.
20ж. Уолсидің жағдайы нашарлайды, ондағы себебі Англия өзінің сыртқы саясатында Франциямен жақындасу үшін Испаниямен, яғни жалпы Габсбургтермен халықаралық қатынастарын үзу керек болды. Ал Испаниямен қарым-қатынасты үзгеннен соң, ол міндетті түрде рим папасының билігіне бағынушылықтан шығу керек болды. Сонымен қатар Габсбургтермен қатынасты үзудін және рим папасына бағынбаушылықтың сылтауы ретінде, ол Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жарияламақшы болады. 1529 ж. Король Екатерина Арагонскаямен некесін заңсыз деп жариялауды талап етеді. Бірақ Уолси басқарған легат комиссиясы некені заңсыз деп жариялау ісін кейінге қалдырған соң, оның саяси жағдайы нашарлай бастайды: біріншіден ол сарайды қалдыруға міндеттеліп, кейін қамауға лондондық Тауэрге алынады. Осы жолда ол қайтыс болады. Ал оның орнына корольдіктің канцлері Утопияның авторы Томас Мор келеді. Бірақ ағылшын реформациясының басталуына байланысты өз орнынан босатылып, мемлекеттік опасыздығы үшін жазаға тартылады. Одан кейін 1532ж. Томас Кромвель мемлекеттік басқаруды өз қолына алып, орталық билікті барынша нығайтумен айналысады. Ол барлық қаржылық және корольдің баспасөз ісімен айналысып, оның бас секретарі бола отырып, жоғарғы мемлекеттік орган деп саналатын Құпия кеңесті басқарып, оның өзінің үлкен шенеуніктен штаты құрылған. Оның маңызды атқарған ісінің бірі - қаржылық ведомствалармен администрациялық реформалар 22.
Рим папасымен байланыс үзілген соң, король шіркеулерді жауып, олардың жерлерін тартып алып, өз пайдасын арттыра бастайды. Осындай антикатоликтік саясат арқылы ол Испаниямен байланысты үзіп, Англияда реформация жасап, шіркеу мүлігін толығымен өз қолына алады. 1529 ж. - 1536ж. Жиналыс жасаған парламент бірнеше акт қабылдап, (Акт о верховенстве 1534ж.) корольді ағылшын шіркеуінің басшысы деп тағайындап, Рим мен Англия арасындағы байланыс үзіледі.
Генрих VIII-ші билеген кезде саяси және конституциялық нәтижелерінің маңыздылығы зор болды. Ол лордтар палатасынан епископтарды алып тастаған соң бұл органды ақсүйектердің органына айналдырады. Сонымен қатар ерте кезден орнатылған мемлекет пен шіркеу байланысын тоқтатып, ұлтшылдықты дамытады. Генрих VIII-ші басқаруы барысында ағылшын абсолютті монархиясының белгілері анық байқала бастады.
Эдуард VI-шы 1547ж. таққа отырған кезде, ол он жасар бала болатын. Ол Генрих VIII-шімен оның үшінші әйелі Джейн Сеймурдің баласы болатын. Эдуард VI-шы өзінің кәмелеттік жасына жетпегенінше оның әкесінің інісі герцог Сомерсет корольдіктің протекторы міндетін атқарып, бұл лауазымда 1550ж. дейін отырады. Сомерсеттің Англия мен Шотландияны біріктіру идеясы сәтсіз болып, тіпті шотландықтарды өзіне қарсы қояды. Ол Шотландияға басып кіріп, Пинки-клейде жеңіске жетсе де, бұл істен басын тартуды жөн көреді. Осы кезде Шотландықтарға көмекке француздар келіп, Мария Шотландская мен Франция дофині өзара неке құрады. Сомерсеттің ішкі саясаты да сәтсіздікке толы болған. Әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту талпыныстары керісінше оны әлсіретеді. Ал 1550ж. ол кеткен соң Эдуард VI-шы басқаруы кезінде граф Уорвик мемлекеттік істермен айналысады. Бірақ Уорвик жас корольдің өлетінің біле тұра таққа Марияны отырғызбас үшін, 1553ж. өзінің ұлына Генрих VII-нің кіші қызының немересін Джейн Грейнді үйлендіреді. Алайда бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды.


Скачать


zharar.kz