Шығармашылық жұмыстарды орындау

Скачать



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Көркем еңбек (қыздар)

8-сынып

1
Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2
МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР 4

Бөлім Сәндік қолданбалы өнер 4

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР 9

Бөлім Дизайн және технология 9

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .. 16

Бөлім Дизайн және технология 16

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .. 24

Бөлім Үй мәдениеті 24

3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Бөлім Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырып

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу)

Оқу мақсаты

8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін
көрсету
8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда
өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
арқылы)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өнер, қолөнер, дизайн түрлерінің ерекшеліктерін
көрсетеді

• Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат

көздерін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Қазақ ұлттық мәдениетіндегі қолөнер ерекшеліктерін анықтаңыз. Ақпарат көздерін қолданып, (АКТ) берілген ұлттық қолөнер түрлерін салыстырыңыз.

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

қолөнер түрлерін анықтайды;
қолөнер түрлерін салыстырады;

айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атайды.

4
Тақырып

Бұйымдарға нобайлар дайындау

Оқу мақсаты

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым
дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып
(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар
дайындау
8.1.4.1 Болашақ іс-әрекеттерді анықтауда өздерінің алған
білімдері мен тәжірибесін қолдана отырып шығармашылық
әркеттерін жоспарлайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Графика тәсілін қолданады
• Ақпараттық-коммуникативтік технологияны
қолданып, бұйым дайындау реттілігін, тиімді тәсілін
анықтайды

• Технологиялық құжаттар дайындайды

• Білімі мен тәжірибесі негізінде шығармашылық
әркеттерін жоспарлайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Нобайда бейнеленген сәндік бұйымның орындалу кезеңдері мен қажетті материалдарды кестеде белгілеп, нобайыңызды таныстырыңыз.


Кезең
Үдеріс
Материалдар
Бюджет
Мерзімі

атауы
мен құралдар

(қайталама

шикізат т.б.)

1
Ізденіс кезеңі
Нобай

орындау

2 Техникалықконструкторлық кезең

3 Аяқтау кезеңі

Дескриптор Білім алушы

нобайды орындауда АКТ және бейнелеу техникаларын пайдаланады;

сәндік бұйымның орындалу кезеңдерін анықтайды;

қажетті материалдар мен құралдарды (қайталама шикізат т.б.) анықтайды;

идеяны жетілдіру деңгейін көрсетеді;
өз таңдауын дәлелдейді.

5
Тақырып

Шығармашылық жұмыстарды орындау

Оқу мақсаты

8.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін
білдіру үшін өз бетінше өнердің көркем құралдарын
анықтау, таңдау және қолдану
8.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әртүрлі
технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау,
таңдау және біріктіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығармашылық идеяны жүзеге асыру үшін өнердің
көркем құралдарын анықтайды

• Қажетті технологиялар мен өнер материалдарын өз
бетінше таңдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Көркем еңбек құралдарын пайдаланып, жүннен, киізден заманауи сөмке жасаңыз.

Дескриптор Білім алушы

көркем еңбек құралдарын қолданады;
заманауи сөмке жасайды.

6
Тақырып

Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу

Оқу мақсаты

8.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Шығармашылық жұмыста ұлттық мәдениет
элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Ұлттық ою -өрнекті қолдану арқылы шығармашылық жұмысты сәндеу тәсілдеріне анықтама беріңіз. Өз жұмысыңызда қолданған тәсілді сипаттаңыз.

1

2

3

Сіздің қолданған сәндеу
тәсіліңіз

Дескриптор Білім алушы

бұйымды сәндеуде ұлттық элементтерді пайдаланады;

қолданған тәсілін сипаттап жазады.

7
Тақырып

Жұмысты қорғау. Көрмеге ұсыну

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформадағы ауқымды аудитория
алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн

форумдар, әлеуметтік желілерде)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Дайын шығармашылық жұмыстарын таныстырады
және ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Жасаған бұйымыңызды төменде берілген сұрақтарға жауап бере отырып, таныстырыңыз.
1. Жұмысыңыздың идеясы қандай болды?
2. Оны жүзеге асыра алдыңыз ба?
3. Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер мен іс-әрекеттерді орындадыңыз?

4. Өз жұмысыңыздың қандай жақсы жақтары бар?
5. Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?
6. Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларыңыз бар?

Дескриптор Білім алушы

жұмысының идеясымен бөліседі;

жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін айтады;
жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы ой бөліседі;

өз жұмысын жақсартудың жолдарын айтады.

8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Бөлім Дизайн және технология

Тақырып

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

Оқу мақсаты

8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін
көрсету
8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда
өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
арқылы)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өнер, қолөнер, дизайн түрлерінің ерекшеліктерін
көрсетеді

• Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат

көздерін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

1. Ақпарат көздерін қолданып, қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен түрлерін анықтап, сипаттаңыз. Кестені толтырыңыз.
Мысалы:


Киім атауы
Сипаттамасы

1 Қамзол

2

3

4

5

9
2. Киім үлгілерінің стиль түрлерін анықтаңыз.

А)_____________

В)____________ С)______________

D)______________

Дескриптор

Білім алушы

ұлттық киім түрлерін анықтайды;
ұлттық киімдердің ерекшеліктерін ажыратады;

кестені толтырады;

киім үлгілерінің стилін анықтайды.

10
Тақырып

Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері)

Оқу мақсаты

8.1.5.1 Функционалды (техникалық), эстетикалық , эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сүйенеді

• Нысандарды дизайын бойынша орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Бас өлшемдерін түсіру бойынша тапсырманы орындаңыз.

Бас айналымы Бас киімнің тереңдігі

Дескриптор Білім алушы

бас киімнің дизайнын құруда өлшемдерді пайдаланады.

11
Тақырып

Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері)

Оқу мақсаты

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым
дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып
(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар
дайындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Графика тәсілін қолданады
• Ақпараттық-коммуникативтік технологияны
қолданып, бұйым дайындау реттілігін, тиімді тәсілін

анықтайды

• Технологиялық құжаттар дайындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Бұйым дайындаудың реттілігін анықтап, орындау кезеңдерін көрсетіңіз.

1 2

3

4

Дескриптор

Білім алушы

- бұйым дайындаудың реттілігін анықтайды;

- орындау кезеңдерін көрсетеді.

12
Тақырып

Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері)

Оқу мақсаты

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың
құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын
өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Қол мен тігін құрал-жабдықтарын қолданады
• Материалдарды өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін
анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Тігістердің сипаттамасын жазып, талдау жүргізіңіз.

1 2 3 4

Тігіс түрлерін сипаттайды

№ Тігіс атауы Орындалу әдісі

1

2

3

4

Қорытынды

Дескриптор Білім алушы

тігістердің сипаттамасын жазады;
тәжірибелік жұмыста қол мен тігін құрал-жабдықтарын пайдаланады.

13
Тақырып

Бұйымдарды әшекейлеу

Оқу мақсаты

8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тоқыма, табиғи және жасанды материалдан
бұйымдар дайындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Кесте түрлерін ажыратыңыз . Кесте тігістерінің орындалу әдісін сипаттаңыз. Таңдауыңыз бойынша кестенің бір түрін алып тігіңіз.

Кесте түрлері
Орындалу әдісі

1_________

2____________

3_____________

4_____________

Өзіңіз қолданған
кесте түрі
5_____________

Дескриптор Білім алушы

кесте түрлерін ажыратады;

орындалу әдістерін сипаттайды;
таңдаған кестесінің түрін тігеді.

14
Тақырып

Жұмысты қорғау

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформадағы ауқымды аудитория
алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн

форумдар, әлеуметтік желілерде)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Дайын шығармашылық жұмыстарын таныстырады
және ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Шығармашылық жұмысыңыздың ретін берілген сұрақтар бойынша қорғап шығыңыз.

1. Қандай кесте түрлерін білесіз және өзіңіз қай түрін таңдап алдыңыз?
2. Кестелеу барысында қандай құрал-жабдықтар қолдандыңыз?
3. Кестелеу барысында қандай талаптарға сүйендіңіз?
4. Кесте үшін матаның қандай түрін таңдадыңыз?
5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын атаңыз?
6. Жұмысыңыздың жақсы тұстары мен қиындық тудырған сәттерін сипаттаңыз.

Дескриптор Білім алушы

кесте түрлерін атайды;
қолданған құрал-жабдықтарын атайды;

сүйенген талаптарын айтады;
таңдаған мата түрін айтады;
өрнектің дайындау жолдарын атайды;

жұмысының жақсы және қиындық тудырған сәттерін сипаттайды.

15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Бөлім Дизайн және технология

Тақырып

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер)

Оқу мақсаты

8.1.4.2 Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың
өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау
8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда
өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
арқылы)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін
зерттеп, анықтайды

• Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат

көздерін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Ақпарат көздерін қолданып, тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізіп, кестені толтырыңыз. Кестені қорытындылаңыз.


Зерттеу парағы

Тұтынушылар жайлы мәлімет

Қандай өнімді
Сіздің ұсынатын

таңдайды
өніміңіз

(стилі, пішімі)?
(стилі, пішімі)?

11
Жастар 18-44 жас

2
Орта жасты 44-59

3
Егде жасты 60-74

Неліктен, Сіздің өніміңізді таңдау керек?

Дескриптор
Білім алушы

тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізеді;
кестені толтырады, қорытындысын шығарады.

16
Тақырып

Бұйымдарға нобайлар дайындау

Оқу мақсаты

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым
дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып
(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар
дайындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Графика тәсілін қолданады
• Ақпараттық-коммуникативтік технологияны
қолданып, бұйым дайындау реттілігін, тиімді тәсілін

анықтайды

• Технологиялық құжаттар дайындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топ мүшелерімен келісіп, нысан нобайын салыңыз. Дайындау реттілігін анықтап,
қолданылатын тиімді тәсілдерге сипаттама беріңіз. Графикалық және технологиялық
құжаттар дайындаңыз.
Мысалы:

Дайындау реттілігі

Қолданылатын тиімді тәсілдер
1-кезең

Мысалы: өлшемдерді түсіру, құралдар мен мата таңдау т.б.
2-кезең

3-кезең

Дескриптор
Білім алушы

талаптарға сәйкес бұйым нобайын орындайды;

қолданылатын тиімді тәсілдерге сипаттама береді;
жасау реттілігін анықтап, графикалық және технологиялық құжаттар дайындайды.

17
Тақырып

Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау

Оқу мақсаты

8.2.2.1 Тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану 8.2.6.2 Құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тігін машинасының құрылғыларын дайындап,
қолданады

• Құрал-жабдықтармен жұмыс жасағанда техника

қауіпсіздігін сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу бойынша технологиялық картаны құрып, операцияларды ретімен орындаңыз.
Технологиялық карта
түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу

Код
Орындалатын
Құрал-жабдықтар
Нұсқаулар

операция

1
Бүйір тігісті айыра
Үтік

үтіктеу

2
Сыдырманы бүйір
Қол ине
Тігіс ені 1 см

тігіске көктеу

3
Тең түсуін тексеру

4
Сыдырманы машинада
22-А
Тігіс ені 0,5-0,7см

тігу

5
Түймелікті үтіктеу
үтік

Мысалы:

Дескриптор Білім алушы

технологиялық карта бойынша түймелікті өңдеп, сыдырманы қондырып тігеді;

белгілеген операцияларды ретімен орындайды;
жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтайды.

18
Тақырып

Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау

Оқу мақсаты

8.1.6.3 Табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, салыстыру және зерделеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Табиғи және жасанды тері мен былғары түрлерін,
қасиетін ажыратады

• Түрін, қасиетін салыстырады және зерделейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Табиғи және жасанды терінің түрі мен қасиетін ажыратыңыз. Түрін, қасиетін салыстырып, кестені толтырыңыз.

Өнімнің қасиеттері
Табиғи тері
Жасанды тері

Сырт көзге тартымдылығы

Мыжырайуы

Ылғал өткізгіштігі

Электрлендіргіштігі

Созылмалы- икемділігі

Жылу сақтағыштығы

Барлығы

Дескриптор Білім алушы

табиғи және жасанды терінің түрі мен қасиетін анықтайды;

салыстыру нәтижесін кестеге толтырады.

19
Тақырып

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау Бөлшектерді пішу

Оқу мақсаты

8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Тоқыма, табиғи және жасанды материалдан
бұйымдар дайындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Технологиялық картаны құрастырып, таңдаған шаблондарыңызға сәйкес өлшемдерді белгілеп, таңдалған материалды пішіп алыңыз.

Дескриптор Білім алушы

технологиялық картаны құрастырады;

шаблондарға сәйкес өлшемдерді белгілейді;
таңдалған материалдан бөлшектерін пішеді.

20
Тақырып

Бөлшектерді өңдеу, біріктіру мен безендіру

Оқу мақсаты

8.2.3.1
Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың

құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын

өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы


Қол мен тігін құрал-жабдықтарын қолданады

• Материалдарды өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін

анықтайды

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Қол және машина тігістерінің орындалу ретін кестеге толтырыңыз.
Орындалған жұмысты

тиімді өңдеп, сәндеңіз.

Қол тігіс атауы

Орындау реті
Машина тігіс
Орындау реті

атауы

Алдыңғы ине

Тігісті бір жаққа

тігісі

қарай жатқыза

үтіктеп, бекіту тігісі

Айыра үтіктеп,

бекіту тігісі

Артқа ине тігісі

Француз тігісі

Ілмек тігісі

Қайырып өңдеу

тігісі

Дескриптор
Білім алушы

қол және машина тігістерін орындау ретіне сипаттама береді;

материалды өңдеу мен сәндеуде тиімді тігіс түрлерін қолданады.

21

Тақырып

Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру

Оқу мақсаты

8.3.3.1 Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану

Бағалау

Білім алушы

критерийі

• Орындалған жұмыстың сапасын анықтап, қолданылған әдіс-
тәсілдерін критерийлер арқылы талдап, бағалайды

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Дайын өнімді ою-өрнек элементтерімен безендіріп, қолданылған әдіс-тәсілдерге талдау жүргізіңіз.

Мысалы:

Қолданылған әдіс-тәсілдерге талдау Қол және машина тігістері

Кестелеу түрі (алтын, күміспен кестелеу,
біз кесте, шым кесте, айқас крестеп тігу)

Ұлттық ою-өрнек түрі

Моншақ, бисер, тастар т.б

Дескриптор Білім алушы

өнімді ою-өрнек элементтерімен безендіреді;
қолданылған әдіс-тәсілдеріне талдау жүргізеді.

22
Тақырып

Жұмысты қорғау

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Дайын шығармашылық жұмыстарын таныстырады
және ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Тоқсанда орындаған дайын жұмыстарыңызды сыныпқа ұсынып, қорғаңыз.

Дескриптор Білім алушы

дайын жұмыстарын таныстырып, қорғайды.

23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР Бөлім Үй мәдениеті

Тақырып

Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D3D форматта)

Оқу мақсаты

8.1.6.2 Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып, өздігінен таңдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Интерьер туралы түсінігін анықтайды
• Интерьер бұйымын дайындауда заманауи және дәстүрлі

емес материалдарды тиімді қолданады

• Материалдарға өздігінен таңдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Интерьер стильдеріне сипаттама беріп, стильде қолданылған материалдарды анықтаңыз.

Интерьер стилдері

Сипаттамасы
Қолданылған

материалдары
Хай-Тек

Экостиль

Модерн

Этностиль

Дескриптор
Білім алушы

интерьер стильдеріне сипаттама береді;
стильдердің ерекшеліктерін ашады;

қолданылған материалдарды анықтайды.

24
Тақырып

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау

Оқу мақсаты

8.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әртүрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Бұйымдардың нобайын дайындайды
• Шығармашылық жұмысты орындау барысында түрлі

технологияларды қолданады

• Өнер материалдарын өз бетінше анықтап, таңдау
жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Интерьер бұйымының нобайын орындап, қолданылатын материалдар мен құралдарға таңдау жасаңыз.

Мысалы:

1. Нобайын орындау
2.
Материалдар мен
3. Орындау

құралдарды таңдау

технологиясын

ескеру

Қорытынды:

Дескриптор Білім алушы

бұйымның нобайын орындайды;
материалдар мен құралдарды таңдайды;

орындау технологиясын ескереді.

25
Тақырып

Интерьерге арналған 2D3D сәнді бұйымдарды жасау

Оқу мақсаты

8.2.5.3 Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау 8.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізделген сыни ұсыныстар жасау 8.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Эстетикалық және техникалық талаптарға сай
интерьер бұйымын дайындайды

• Шығармашылық жұмысты жетілдіру және
адаптациялауда қолданылған идеяларды талдайды

• Материалдар мен құралдарды қолдануда техника
қауіпсіздігін сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Эстетикалық және техникалық талаптарға сай түрлі техникалар мен материалдарды пайдаланып, берілген талаптар бойынша интерьер бұйымын орындаңыз.

Мысалы: Шам, жастық, панно, экибана, кілем т.б.

Интерьер бұйымына талаптар
Қорытынды
1
Бұйыммен стильдің өзіндік ерекшеліктерін сипаттау

2
Идеясын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіру

3
Бейнелеу өнерінің көркем тәсілдерін тиімді қолдану

4
Таза, ұқыптылықпен орындау

5
Қауіпсіздік нормаларын сақтау

Дескриптор
Білім алушы

эстетикалық және техникалық талаптарды ескереді;
жұмысында түрлі техникалар мен материалдарды пайдаланады;

сауаттылықпен көркем тәсілдерді таңдайды;
қауіпсіздік нормаларын ұстанады.

26
Тақырып

Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі

Оқу мақсаты

8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда
өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
арқылы)
8.2.5.1 Ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-
тәсілдерді талқылау және бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• АКТ-ны қолдану арқылы шығармашылық идеяларды
дамытады

• Ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-
тәсілдерді талқылайды

• Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлін
талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

АКТ-ны қолданып дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау бойынша ақпарат жинап, кестені толтырыңыз.

1.Шөптер

2.Гүлдер

3.Жемістер мен

4.Тамырлар мен

5.Қабықтар

тұқымдар

тамырсабақтар

Қорытынды

Дескриптор Білім алушы

дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау бойынша ақпарат жинайды;
өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлін талдайды;

дәйекті ақпаратпен кестені толтырады.

27
Тақырып

Медицина, фитотерапия және косметологиядағы өсімдіктің рөлі

Оқу мақсаты

8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) 8.2.5.2 Фитотерапия мен косметика, медицинадағы өсімдіктер рөлін зерделеу, талқылау және бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

• АКТ-ны қолдану арқылы шығармашылық идеяларды
дамытады

• Фитотерапия мен косметика, медицинадағы өсімдіктер

рөлін зерделейді

• Таңдаған ақпаратты талқылайды және бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Фитотерапия, косметология және медицинада пайдаланатын өсімдіктерді анықтаңыз. Әр саладағы рөлін зерттеп, сыныптастарыңызбен талқылаңыз.

Мысалы: Түймедақ

фитотерапия: иіс майлары, шай жасайды;

косметология: сусабын, сабын құрамына қосады;

медицина: қабынуға қарсы тұратын дәрілер мен дәрумендер

құрамында болады.

Дескриптор Білім алушы

фитотерапия, косметология және медицинада пайдаланатын өсімдіктерді анықтайды;

өсімдіктердің әр саладағы рөлін зерттейді;
сыныптастарымен зерттеулерін талдайды.

28


Скачать


zharar.kz