Ислам философияның бастапқы негізін қалаушылар

Скачать

Мұсылман әлемінің философтары мен ғылымдары Батыстың ғылымы мен философясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктермен философялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философя мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этикалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық иедялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түркі философтар мен ғылымдар әл-Фараби, Баласағұн, Қашқарй, тағы басқалармен қатар әл-Хорезими, әл-Бируни, ибн Сина , әл-Кинди, әл-Газали сияқты ойшылар мен философтардың есімдерімен танысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортағасырлық дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метерология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін азғана бөлігі жетті. Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастарымен ізбасарларының жекелеген сілтемелері әр түрлі тақырыптармен үзінділер арқылы білеміз.Оның мұрасының осы үлкен бөлігі Х-ХI ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Кинди мынадай мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл -ой мәселесі мен Философияның мәні анықтау ғылымдарды класификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түп негіз, барлық нәрсенің абсалюттік бастау ретінде; 2. Құдай мақсатты себеп ретінде;3. Құдай кеңістіктегі абсалюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, Форманы, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берлгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың 4 түрін және танымның 3 сатысы туралы иедяны айтты. Әл-Кинди ақыл –ойдың мыдай 4 түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х ғасырда Аристотельдің ізбасары болып саналды. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Түрки 870 жылы Сырдаия бойындағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы , математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софистика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша 100 -ден астам жұмыстар жазды. Оның көбісі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп қоғамдағы зорлық зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайрымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық –зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам иедялын, жер бетіндегі халықтардың бибіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді.Өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырды.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық бұхарадан шыққан энцилопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда одан әрі жалғастырды: Эманация идеясы , ақыл-ой туралы идея және т.б. шығыста ибн Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған, ал батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы» Авицена деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның философиялық көзқарастарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина налдандыққа қарсы шығып ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажырлы еңбегі және орасан зөр шығармашылық әдеби ғылми философиялық мурасына орай Ибн Синаны инциклопедис ғұлама деп орнында атайды.
Орталық Азиялық әлемнің келісі бір інжу-маржаны Баласағұн қаласынан шыққан түрік, «Құтадғу білік» деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәиттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық – этикалық мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет тұралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің амгершілік тазалығымен асқақтығына, билеушімен бағынышылар арасында ізгілікті қарым-қатынастарға байланыстарға деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті билеушілердің идеялды портертін беруге тырысты.
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген тағы бір философ Махмұт Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған «Дивани» лұғат ат- тюрк» еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихымен саяси өміріненде мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өмірдегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай. Рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеумен бекітудегі құатты тетік ретінде тілдің роліне де үлкен көңіл қояды. Философия дамуындағы рационалистік бағыт әл-Фараби, ибын Сина, Баласағұн есімдерімен қатар, мұсылмандық шығыстың мынадай танымалы ғылымдары мен философтары арқылы сипатталады. Алайда олардың өмірінің трагедиялық жағдайда аяқталуы ибн Абдаллах пен ар Раванди өз идеяларын қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухымен еркінін жоғары күш - жігерінен хабар береді. Бұлар 760 жылы халиф әл-Мансүрдың бұйрығы бойынша еркін ойлары үшін жазаланып, бастары кесілген. Ибн Абдаллах (724-760) және ибн ар Раванди Әбу - л- Хусеин Ахмед ибн Яхия (827-864) ежелгі грек тілін білген білімпаздар еді. Сонымен қатар олар ерте грек, ерте үнді, ерте иран және эври философияларын меңгеріп, антик және шығыс философтарының шығармаларын араб тіліне аударды.
Ибн Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: «Әл-Адаб әл-Кабир» әл-Разидің еңбектері біршама көп мөлшерде сақталған және біздің заманымызға дейін жеткен. Абу-Бекр Мұхаммед ибн Закария әл-Рази Тегеран маңындағы Рея қаласынан шыққан. Оның замандастары ғылым энтиклопедис ретінде бағалайды. Жалпы көлемі 184 жұмыс жазды біздің заманымызға дейін жеткені 61. Әл –Разидің шығармашылық мұрасы философия, этика, теология, логика, астроноимя, физика, алхимия, медицина мәселелеріне қатысты туындылармен айқындалады.


Скачать


zharar.kz