Инвестиция және оның түрлері

Скачать

Инвестиция - өндірістегі құрал – жабдықтардың қолддануына, материалдық заттарды көбейтуге, эонгомикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.
Инвестиция екі бағытта пайдаланылады:
1. нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау.
2. Қаржылық инвеситиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау құрылымы бойынша.
1. Жалпы инвестициялар – жаңа негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшер.
2. Таза инвестициялар – ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.
Инвестициялау нышандары бойынша.
1. Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал – жабдықтар үшін.
2. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
3. Сақтық қор инвестициялар.
Субъектілер бойынша – мемлектетік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады:
1. Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарды инвес тициялау.
2. Портфелдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары.
Инвестиция мөлшері объективті және субъективті факторларға байланысты.
Объективті факторларға – жататындар: табыс, пайыз нормасы, өнім шүығарудың деңгейінің өзгеруі, пайда және капитал қоры.
Субъективті факторларға кәсіпкердің инвестициялауға бейімділігі, ынтасы т.б. қасиеттері.
Глоссарий №1

Экономикалық заңдар-экономикалық процестер мен құбылыстардағы тұрақты болып қала беретін, берік орын алатын объективті өзара тәуешлділіктер мен себепті – салдарлы байланыстар.
Акция – бағалы қағаз, акционерлік қоғамға қатыстылығын анықтайды, және пайдадан өз үлесін алатындығын куәландырады.
Бәсеке – нарықты реттеуші күш.
Пайда – кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші.
Қаржы – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.
Салық – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік жүргізіп отырған заңының негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын түрі, жарғылық қоры акция шығарып, оны сату арқылы салымдарын біріктіру нәтижесінде құралады.
Аванс – алдағы төлем дердің есебінен берілетін ақшалай сома немесе басқадай мүліктік құндылық.
Ақша – тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама ролін атқаратын, кез келген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
Инфляция – тұтынушы салыстырғанда артық ақшаның бір бөлігін алу жолымен айналыстағы ақша массасын азайту.
Банкнот – эмисиялық банктер айналысқа шығарған ақша билеттері.
Несие – қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған.
Банк – ақша қаражатын жұмылдыру және оны несие түрінде орналастыру, сонымен қатар, банк заңдарына сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін жаратылған ұжым.
Пайыз – бұл ақша капиталы үшін төленетін ақы, оны негізінен несие және банкке салынған ақша бойынша төленетін пайыз деп түсіну керек.
Еңбек – адамның өзіне қажетті игіліктерді өндіру үшін жұмсалған дене және ақыл – ой энергиясы.
Айырбас – бір өнімнің басқа екінші өнімге алмастырылу процесі.
Тұтыну – адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалған игіліктерді пайдалану болып табылады.
Өндіріс – барлық игіліктерді шығару процесі, әдепкі баспалдағы, тұтқасы мен тірегі.
Биржа – стандарталған тауарлардың көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып алу – сату жөніндегі операциялар нарығын айтады.
Сұраныс – белгілі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Ұсыныс – тауар өндірушінің сатуға нарыққа шығарған тауар саны.
Инвестиция - өндірістегі құрал – жабдықтардың қорлануына, материалдық заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.


Скачать


zharar.kz