Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі - шаңырақ

Скачать


Жұмағазы Ақжол 1 сынып
Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Менің ұлтым –қазақ,елім-Қазақстан- деп мақтанышпен айта аламын. Себебі мен тәуелсіз елдің ұрпағымын.Біздің елбасымыз НұрсұлтанНазарбаев. Елбасы-ұлттың көшбасшысы, тірегі.Әлемге әйгілі Астанамыз бой көтерді.Астана қаласы күннен –күнге көркейіп келе жатыр.

Әр елдің тәуелсіздігін,ерекшелігін көрсететін белгілер – мемлекеттік рәміздер. Мен рәміздер туралы алғаш рет балабақшада апайдан естідім. -Апай рәміздер дегеніміз не? Олар бізге не үшін қажет?- деп сұрадым.

Сонда апай маған рәміздер біздің еліміздің теуелсіз екендігін,айқындайтын мемлекеттік нышандар олар-ту,әнұран,елтаңба деп жауап бердіжәне олардың суреттерін көрсетті.Тудың түсі-көк.Көк түс бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі,ортасында күн,күннің астында қалықтап ұщқан қыран құс бейнеленген.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі-шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар.Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.Сонан соң апай бізге мемлекеттік рәміздерге байланысты өлең жаттауға тапсырма берді.Мен үйге келгеннен соң анамнан басқа елдердің мемлекеттік рәміздерін көрсетуін сұрадым.Анам маған басқа елдердің туларын көрсетті.Мен бірнеше елдің туларының ішінен еліміздің туын бірден таныдым.Ол аспан түстес,басқа ешқандай елдің туы оған ұқсамайды. Олар басқа елдердің рәміздеріне қарағанда маған қатты ұнайды. Содан мен ертеңіне балабақшаға:

Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы,–
деген өлең шумағын жаттап бардым.Мемлекеттік рәміздерді білу,оларға құрметпен қарау әр оқушының міндеті.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz