©
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.
Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен.
Бұл күнді қалай өткізуге болады?
Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен... Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.
Ал, тұрмыс құрмаған қыздар сүйіктісінен маған тұрмысқа шығасың ба? деген ұсыныс күтері анық. Әйелдер күйеуінің ақша үнемдемей, тұрмыстық техника алып берсе екен дейді.
Ерлерден бір қандай сыйлық күтеміз?
Интернеттен алынған цифр көрсеткіштері мынадай:
1. құшақ-құшақ гүл– 31%
2. романтикалық сапар — 24%
3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс — 14%
4. масаймаған күйеу — 10%
5. қымбат әрі әдемі сыйлық — 6%
6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі — 4%
7. қолдан жасалған сувенирлер -3%
8. ароматты иіссу- 2%
Құнсыз сияпаттар.
Әйелдердың басым көбі-рухани азық-кітап құнсыз сыйлық деп есептейді. Қара тізімде сондай-ақ мәмпәзи, торттар, кассета мен дисктер жатады екен.
Бағалы сыйлықтар.
Сауалнамаға қатысқандардың 59 пайызы гүл әйелдің нәзіктігін білдіреді, бағалы сыйлық дейді. Ал, нәзік жандардың 12 пайызы салтанатты жиындарға киіп баратын көйлек пен зергерлік әшекейді құмартады. Арулардың 10 пайызы осы күні бір тамаша жігітпен танысып, жарасып кетсем деп армандайды екен. Түрлі бояулар мен парфюмерді қалайтындар 11 пайызды құрап отыр. Тек 5 пайызы ғана сыйлыққа үйге қажетті кастрюль, сковородка, үтік сияқты тұрмыстық техника алғысы келеді.
Ерлердің 5 пайызы бұл күні сыйлық іздеп, уақытымды бос өткізбеймін десе, арулардың 8 пайызы ешкімнен ешқандай сыйлық күтпеймін деп жауап қатыпты.
Негізі сыйлық іздеп шарқ ұратындар сүйіктісінің сеніміне кіруді көздеп жүрген-жас сері жігіттер екен.