Жалпылама фильмдер көркем - өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой - пікір жеткізу мақсатында жасалуда

Скачать

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.


Скачать


zharar.kz