1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды

Скачать

Викентий Никонорович Тощенко (1910, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы - 27.11.1943, Украина, Днепр бойы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия капитаны. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға жіберілді. 1-гвардиялык атты әскер дивизиясы 5-гвардиялық Тамань атты әскер полкінің қатарында Солтүстік Кавказдағы, Днепрдегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы 26 қыркүйекте Тамань атты әскер полкінің 1-эскадроны полк штабының бастығы, гвардия капитаны Тощенконың басшылығымен бораған оқтың астында Днепрден өте бастады. Оң жағалауға шыгысымен Тощенко басып алған плацдармын кеңейтіп, басқа бөлімшелердің өтуін қамтамасыз ету үшін эскадронымен Вороново тоғайының жиегін басып алуға тырысты. Олар күші басым жаумен бір жарым тәулік шайқасты. Тощенко жараланғанына қарамастан, ұрысқа басшылық жасап жүрген кезінде екінші рет оқ тиіп, қаза тапты. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Тощенкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді 


Скачать


zharar.kz