1918 жылы мамыр айында Антанта империалистері Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Бүлікшілер Сібірдің, Оралдың, Орта Еділ бойының және Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алды. Ақ легионерлер жергілікті контрреволюцияның қолдауымен 27 мамырда Челябіні, 31 мамырда Петропавлды, маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Павлодарды, Семейді, Қостанайды, Омбыны басып алды.
Бүлікті пайдаланған атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.
Контрреволюцияға шетел интервенттері көп көмек көрсетті. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы 29 наурызда Орал облыстық Кеңесін тас – талқан еткен ақ қазақтар қаланы алды. Ақ қазақтарға қарсы күресу үшін сәуірде «Ерекше армия» құрылды.
1918 жылы қарашада «Сібір армиясының» екінші және Дала корпусы «Ташкентті басып алуды түпкі міндет етті» Жетісу бағытында операция басталды. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өріс алды.
ІІ. Партизан соғысы.
Партизан қозғалысына әскерден қайтқан солдаттар мен матростар, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісіне, 1916 жылы ұлт - азаттық революцияға қатысқандар, коммунистер, депутаттар Кеңесінің мүшелері басшылық етті.
Солтүстік Жетісуда партизан қозғалысы кең өрістеді. Мұнда Кеңес өкіметі жолындағы күресте Черкасск қорғанысы зор рөл атқарды. Партизандар қазақтардың ең қатыгез атамандарының бірі Анненков басқарған ақ қазақтардың ірі бөлімдерінің шабуылына он үш ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылы 5 сәуірде партизандар қаланы шабуыл жасап алды.
Көтеріліске шыққандар әскери Кеңес, Әскери революциялық трибунал, партизан армиясының штабын сайлады. Ақ гвардияшылар партизандарды қатыгездікпен жазалады.
18 мыңнан астам адам өлтірілді. Атбасар уезінің Мариновка қонысы партизан қозғалысының ірі орталығы болды. Партизандардың командирі болып Атбасар уездік депутаттар кеңесінің бұрынғы мүшесі Н.М.Черченко сайланды.
1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы көтеріліс жасады. Мариновкаға генерал Волков пен полковник Қатанаев басқаратын жазалау бөлімдерін әкеп төккеннен кейін ғана ақ гвардияшылар көтерілісті басып тастай алды.
ІІІ Қазақ өлкесіндегі майдандардың жойылуы.
1919 жылы маусымда Уфаны азат етті. Осыдан кейін Орал қорғанысшыларына дереу көмек көрсетіліп, қаланы азат етуге 25 – Чапаев дивизиясын аттандырды. 1919 жылы шілде айында Оралды қоршауға алған ақ гвардияшыл әскерлер талқандалды.
Қаланы азат етуге Чапаев дивизиясымен бірге қазақ атты әскер бригадасы қатысты. 1919 жылы қараша айында Кеңес әскерлері Ілбішін мен Жымпитыны алды. Жылдың аяғына қарай Орал облысы ақ қазақтардан толық азат етілді. 1920 жылы наурыз айының аяғына қарай Семей облысының Солтүстік жағы ақ гвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты Жетісу майданы жойылды.
Азамат соғысындағы жеңіс халыққа ерекше қымбатқа түсті. Контрреволюция күштері тым көп еді. Халықаралық капитал, офицерлер корпусы, қазақтардың бір бөлігі Ресейдің үстем таптары соның жағында болды. Ұлт аймақтарындағы тайталасушы күштер де өліспей беріспейтін шайқасқа түсті.
Ұлттық тәуелсіздік, мемлекеттілік, бостандық, демократиялық Ресей республикасы құрамындағы ұлттық келісім ұранын жариялаған «Алаш» партиясы большевиктерге қарсы күштермен одақтасып, еңбекші халықтың бір бөлігін соңынан ерте алды.
ІV Қазақ АКСР -інің құрылуы.
Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы айларда жарияланған ұлттық өзін – өзі билеу және автономиялы Түркістан мен Қазақстанды құру идеясын қабылдамай, В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға кірісті.
Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі туралы идеямен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті. Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізе бастады.
1920 жылы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды.
Қазревком мәдени құрылыс саласында едәуір жұмыс өрістетті. Қазревкомның органы «ұшқын» газеті шығарылды.
1920 жылғы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКССР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд Жоғарғы өкімет органдарын – Республиканың Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.
ҚазАКСР Орталық атқару Комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, ҚазКССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып 1898 жылы КОКП мүшесі В.А.Радус – Зенкович сайланды.
Съезд Республика құрамына енетін барлық ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді.
Қазақтың Кеңестік Ұлттық мемлекеттігінің жариялануына орасан зор тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл акіні өзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан ғасырық күрестің нәтижесі алғашқы қадам деп қабылдады